Ізіне түсу мүмкіндігі бар ақылды гаджеттер - AirTags сияқты тасығыш құрылғылармен қандай қиындықтар туындайды?

Ізіне түсу мүмкіндігі бар ақылды гаджеттер - AirTags сияқты тасығыш құрылғылармен қандай қиындықтар туындайды?

Киберсталкинг мәселесі жаһандық болып табылады және жыл сайын күрделене түсуде. Киберқауіптің бұл түрі ізіне түсу үшін ақылды құрылғыларға орнатылған бағдарламалық қамтумен байланысты. Өткен жылдың соңында AirTag трекерін жеке мақсатта аңду үшін пайдаланғаны үшін Apple-ге қатысты қозғалған істер туралы хабар тарады. «Kaspersky»-дің сарапшысы Валерий Зубанов тасығыш және смарт-құрылғылардың құпиялылық мәселесінің кеңірек ауқымы туралы баяндайды және қауіпсіздік бойынша ұсыныстарымен бөліседі.

Трекерлерді пайдалану қаупі

Нарықта объектілерді қашықтықтан іздеуге арналған көптеген құрылғылар бар, бірақ оларды заңды және заңсыз бақылаудың әртүрлі түрлеріне де қолдануға болады. Мысалы, егер біреу үй жануарларына арналған осындай құрылғыны жәбірленушінің сөмкесіне немесе көлігіне әдейі тастап кететін болса.

Барлық құрылғылардың ішінде AirTag басқа гаджеттерге қарағанда танымал болып көрінеді, өйткені олар миллиондаған iPhone смартфондарын қамтиды. iPhone сізге кез-келген қажетсіз AirTag туралы хабарлауы мүмкін, бірақ Android пайдаланушылары үшін Apple Tracker Detect сияқты қосымшалар бар, олар сізді аңдудан қорғауға көмектеседі.

Смарт-құрылғылармен байланысты тағы қандай қауіптер туралы білу керек

Киберсталкингтің байқалмай қалуы мүмкін басқа да түрлері бар. Бұл тек трекерлерге ғана емес, сонымен қатар әртүрлі IoT және смарт-гаджеттерге де қатысты (мысалы, камералар, жарықтандыру, робот шаңсорғыштар). Олар киберқылмыскер үшін ішкі желіге кіру нүктесі немесе жәбірленушінің барлық іс-әрекеттерін бақылау үшін тыңшылық құралы бола алады. «Kaspersky»-де жүргізілген зерттеулер барысында біз қашықтан бақылау (немесе тыңшылық) және бейне кадрларды ауыстыру сияқты көптеген шабуыл сценарийлерін анықтадық. Соңғысы бақылау камерасының жазбасын ұрылар үйге кіріп, назардан тыс қалу үшін пайдалануы мүмкін басқа жазбамен ауыстыруға болатынын білдіреді.

Тасығыш құрылғыларды қалай қауіпсіз пайдалануға болады

  • Ақылды гаджеттерге қатысты әртүрлі қауіптерден қорғану үшін пайдаланылған смарт құрылғыларды сатып алудың қажеті жоқ. Алдыңғы иелер шабуылдаушыға смарт үйіңізді толық қашықтан басқаруға мүмкіндік беру үшін олардың бағдарламасын өзгерткен болуы мүмкін.
  • Тағы бір пайдалы әдет ― сатып алудан бұрын құрылғылардың қауіпсіздігі туралы зерттеулерді оқу. Өндірушілер әдетте анықталған осалдықтарға жауап береді және егер олар мұндай мәселелерді тез шешсе, бұл жақсы белгі.
  • Әр түрлі қосымшаларды тек Apple App Store, Google Play немесе Amazon Appstore сияқты ресми дүкендерден жүктеген дұрыс. Бұл дүкендердегі қосымшалар 100% қауіпсіз емес, бірақ оларды кем дегенде дүкен өкілдері тексереді және іріктеуден өтеді — бұл дүкендерге кез-келген қосымша түсе алмайды.
  • Сенімді қорғаныс шешімін қолдану ықтимал қауіптерден де қорғайды. Ол сталкерлік БҚ-ны анықтай алады және пайдаланушыларға қолданбалардан келетін кез келген күдікті әрекеттер туралы ескертеді, мысалы, олардың орналасқан жеріне, хабарламаларына немесе әлеуметтік желілеріне кіруге тырысу.

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив