Азаматтарға арналған үкімет пен Halyk Bank мүлікті кепілден шығару бойынша электронды қызметті іске қосты

Азаматтарға арналған үкімет пен Halyk Bank мүлікті кепілден шығару бойынша электронды қызметті іске қосты

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Halyk Bank –пен бірлесіп, blockchain технологиясы арқылы жылжымайтын мүлікті кепілден шығару процесін жеңілдетті. Енді банк клиенттері мүлікті ХҚО-ға бармай-ақ кепілден алып тастай алады.

Halyk Bank клиенттері мүліктен кепілді алу үшін Халыққа қызмет көрсету орталығына жүгінбеуіне болады. Бұл blockchain технологиясын енгізу арқылы жүзеге асырылады.

«Азаматтар мүлікті кепілден шығару бойынша өтінімді «Halyk Homebank» мобильді қосымшасында рәсімдеп, төлем жасай алады. Жаңа сервис қызмет көрсету мерзімін үш күннен 5 минутқа дейін қысқартуға мүмкіндік береді. Яғни құжаттарды жинаумен әуреленіп, ХҚО-ға жүгінудің қажеттілігі жоқ», - деп атап өтті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Басқарма төрағасының орынбасары Асхат Ибраев.

Айта кетейік, Blockchain технологиясының арқасында азаматтардың ХҚО қызметкерлерімен бетпе-бет байланысы да шектелді, бұл деректерді үшінші тұлғаға өткізудің жолын жояды.

Жылжымайтын мүлікті кепілден шығару қызметі қазақстандықтар арасында ең жиі сұралатын қызметтердің бірі екенін жеткіземіз. 2022 жылдың 9 айында Қазақстанда 108 341 мүлік кепілден алынып тасталды.

Биыл маусым айында Мемлекеттік корпорация «Отбасы банкімен» бірігіп, осыған ұқсас онлайн сервисті енгізген болатын. Бүгінде жүйенің көмегімен 600-ге жуық жылжымайтын мүлік кепілден шығарылды.

Еске салайық, Мемлекеттік корпорацияның екінші деңгейлі банктермен ынтымақтастығы аясында азаматтар тұрғылықты жері бойынша тіркелу, автокөлікті қайта ресімдеу, ЖК куәлігін алу, жүргізуші куәлігін ауыстыру, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы, туу туралы куәлік және басқа да қажетті құжаттарды үйден шықпай-ақ ала алады.

 

 

 

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

3 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив