ҚР ИИДМ-да Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы әуе рейстерінің санын арттыру мәселесі талқыланды

ҚР ИИДМ-да Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы әуе рейстерінің санын арттыру мәселесі талқыланды

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев Ұлыбританияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Кэти Личпен кездесті. Кездесу барысында тараптар елдер арасындағы азаматтық авиация саласындағы ынтымақтастық пен тұрақты әуе рейстерінің санын арттыруды талқылады.

Комитет төрағасы қазақстандық азаматтық авиация саласының бүгінгі ахуалы жайында және алдағы жоспарлары турасында әңгімеледі. Ал Кэти Лич «Климаттық амбициялар үшін халықаралық авиациялық коалиция» жобасына қолдау көрсетуге шақырды. Бұл жоба Ұлыбританияның бастамасымен жүзеге асырылуда. Осы ретте айта кетерлігі, Климаттық амбициялар үшін халықаралық авиациялық коалицияның құрамына ICAO ұйымының жаһандық жетекшілігімен жұмыс істейтін елдер тобы кіреді. Коалиция климаттық амбицияларды арттырудың жалпы мақсатына жетуді көздейді.

Өз кезегінде қазақстандық тарап қоршаған ортаға кері әсерді азайтуға мүдделі екендігін және бұл мәселені барлық ынталы тараптар мен ұлттық мүдделерді ескере отырып жан-жақты қарауға дайын екендігін жеткізді.

Сонымен қатар кездесу барысында биылғы жылдың 27 қыркүйегі мен 7 қазаны аралығында өтетін Халықаралық Азаматтық авиация ұйымы (ICAO) Ассамблеясының 41-ші сессиясының күн тәртібіндегі мәселелерді назарға алды. Бұдан бөлек, елдер арасындағы 2022-2023 жылдардағы күзгі-қысқы навигация кезеңіндегі күнделікті тұрақты рейстердің санын арттыру жайы да қарастырылды.

ҚР ИИДМ баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

1 пікір

  1. аватар
    Raquel 28 сентября 2022 01:53

    درمان خانگی درد سقط جنین
    سقط جنین در دختر باکره زیر بیست سال
    و همچنین بالای ۴۰ سال بیش از دیگران
    می باشد. مایع منی که از آلت مردان به هنگام انزال
    بیرون می‌آید، حاوی تعداد بسیار زیادی اسپرم است.

    اسپرم ها سبب ایجاد بارداری و
    تشکیل جنین می شوند، همانطور که گفتیم پیشاب نیز همانند منی می تواند دارای اسپرم باشد .


    در طی این روزها، تیم پزشکی وضعیت سلامتی شما و جنین را تحت نظر خواهند داشت.
    به طور معمول، اولین نشانه عفونت کلیه
    در بارداری، تب بالا است. در این حالت بدن دمایی بیش از 38.9 درجه سانتیگراد خواهد داشت.



    Review my web blog; سقط با گیاهان دارویی

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив