Алғашқы оқу күндерінің қорытындысы

Алғашқы оқу күндерінің қорытындысы

Облыста жаңа оқу жылында 447 мектепке 237131 оқушы келді. Оның ішінде 1 сыныпқа келгендері 22778 оқушы.

Жаңа оқу жылының басталуына орай 1 қыркүйек күні 6 жаңа мектеп пайдалануға берілді. Олардың қатарында Тараз қаласындағы 600 орындық, Байзақ ауданы Сеңкібай ауылында 100 орындық,  Жамбыл ауданы Айша бибі ауылында 300 орындық, Жуалы ауданы Диқан ауылында 180 орындық және Алатау ауылында 100 орындық, Қордай ауданындағы Арал ауылында 180 орындық мектептер бар. Осылайша  бүгінгі күні 2 үш ауысымды, 2 оқушы орын тапшылығы, 4 тозығы жеткен мектептің мәселесі шешілді.

Жыл соңына дейін тағы 4 мектептің құрылысы толығымен аяқталып, 2 оқушы орын тапшылығы бар, 2 тозығы жеткен мектептің мәселесі шешіледі деп күтілуде.

Облыс бойынша 2022 жылы 19 білім нысанының (17 мектеп, 2 балабақша) күрделі жөндеу  жұмыстарына 4,2 млрд. теңге қаржы бөлінді.

Анықтама үшін:

-17 мектеп (Жуалы ауданы - 3, Қордай ауданы - 3,  Меркі ауданы -1, Мойынқұм ауданы - 2, Т.Рысқұлов -3, Талас – 2, Тараз қаласы –3 (бб қарасты мекеме -2));

- 2 балабақша (Меркі – 1, Талас-1).

13 мектептің күрделі жөндеу жұмыстары толық аяқталды.

2 мектептің күрделі жөндеуі 1 қазанға дейін, 2 мектептің күрделі жөндеуі 1 қарашаға дейін аяқталады

4 мектептің күрделі жөндеу жұмыстарының аяқталмауына байланысты, мектеп оқушыларын басқа мекемелерге оқыту бойынша ұйымдастыру жұмыстары жүргізіліп, балалар кедергісіз білім алуда.

Анықтама:

  1. Т.Рысқұлов ауданындағы №2 орта мектебінің 1-4 сынып (56 бала) аралығындағы оқушысы жанында жақын орналасқан мәдениет үйінің жекелей кабинеттерінде, ал 5-9 сынып (87 бала) аралығындағы оқушылар 2 автобуспен жақын орналасқан Абай ауылындағы Абай  орта мектебінде кедергісіз оқуын жалғастыруда.
  2. Т.Рысқұлов ауданындағы Құлан орта мектебінің 1-11 сынып оқушылары (909 бала) Құлан колледжінде кедергісіз оқуларын жалғастыруда.
  3. Мойынқұм ауданындағы Т.Рысқұлов атындағы орта мектебінде – 515 оқушы. Мектепалды даярлық тобында 57 оқушы, 1-4 сыныпта 148 оқушы жанында орналасқан өнер мектебінде, 5-7 сыныпта 138 оқушы балалар шығармашылық орталығында, 8-11 сыныпта 172 оқушы №8 кәсіптік колледжінде оқиды (мектеп-интернаттың 25 баласы туыстарының үйінде жатып оқиды).
  4. Меркі ауданы Ақарал ауылындағы №5 орта мектебінде – 611 оқушы. Мектепалды даярлық сыныбында 50 оқушы жанында орналасқан «Бөбек» бөбекжай бақшасында оқиды, 1-11 сыныпта 561 оқушы ауылдық мәдениет үйінде оқиды.

Жаңа оқу жылында оқушылар оқулықтармен 100%  қамтамасыз етілді.

Барлық мектеп «Күнделік» ақпараттық жүйесіне қосылған.

Білім мекемелерінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету - басты мәселе.

Осы мақсатта облыстағы мектептер мен балабақшаларда 100% бейнебақылау камералары орнатылған.

2021 жылға жалпыға бірдей міндетті білім қоры есебінен аз қамтылған отбасынан шыққан 46 701 оқушыға әлеуметтік көмекпен қамтамасыз етуге жергілікті бюджеттен 5 млрд. теңге бөлінді.

Бұл көрсеткіш мектептерді ағымдағы ұстауға бөлінген шығындарынан облыс бойынша 5,7% құрайды (Қ.Р. Үкіметінің 25.01.2008 жылғы № 64 Қаулысына сәйкес 2 пайыз).

Киім-кешек алуға әр балаға 37389 теңгеден бөлінді.

Сондай-ақ, «Мектепке жол» акциясы аясында киім-кешекпен қамтуға демеушілерді кеңінен тарту жұмыстары жалғасады.Ағымдағы жылғы 1-31 тамыз аралығында «Мектепке жол-Шекарасыз жақсылық!» ұранымен «Мектепке жол» жалпы республикалық қайырымдылық акциясы өткізілді. Бүгінгі күні «Мектепке жол» акциясы аясында демеушілер есебінен 7656 балаға 108 млн. 308 мың теңгеге көмек көрсетілді.

Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамту басты назарда.

Бүгінгі күні облыста 571 (442 балабақша, 129 шағын  орталықтар)  мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында  57333 бала тәрбиеленуде. Оның ішінде 217-і жекеменшік ұйымдар (213-балабақша, 4-і шағын орталық). Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту көрсеткіші 3-6 жас аралығында 100%-ды, 1-6 жас аралығында 91,5%-ды(жоспар ҚР бойынша 84,1, облыс бойынша 91,4) құрайды.

Білім беру саласында оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалануда өте маңызды. Осы тұрғыда облыс бойынша 76 мектептен тыс мекеме жұмыс жасайды. Қазіргі таңда, 10 қыркүйекке дейін қосымша білім беру мекемелеріне оқушыларды тіркеу, қабылдау жұмыстары жүргізілуде.

Биыл 2022-2023 оқу жылына техникалық және кәсіптік білім алуға 5734 (2434-РБ, 3300-ЖБ) білім гранты бөлінді (өткен жылы – 3216 орын, салыстырғанда 2518 орынға артты).

Барлығы - 8195 талапкер колледжге оқуға қабылданды. Оның  5734-і (70%) грант иегерлері, 2461 ақылы бөлімге қабылданған.

Талапкерлер колледжге құжаттарды екі тәсілмен электрондық үкімет порталы Egov.kz арқылы, SmartNation электрондық порталы арқылы құжаттарды тапсырды.

Биыл екінші жыл мемлекеттік білім беру тапсырысы «Ақша студентпен бірге жүреді» қағидаты бойынша бөлінді. Яғни, колледждерге талапкерлердің таңдауы бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысы бөлінді.

Талапкерлердің оқуға қабылдану нәтижесін Ақпараттық жүйе арқылы жасалынған ранжирование  қорытындысы негізге алынды. Ранжирование қорытындысы, яғни талапкерлердің оқуға қабылданған тізімі сайтқа орналастырылып, талапкерлерге хабарлама жіберілді.

Жамбыл облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив