СҚО полицейлері алимент төлемей АҚШ-та жүрген әйелді іздеп тапты

СҚО полицейлері алимент төлемей АҚШ-та жүрген әйелді іздеп тапты

Наурыздың 28 мен 30 аралығында СҚО полицейлері борышкерлерді, алимент төлемеушілерді және туыстық байланыстарын жоғалтқан тұлғаларды іздестіру бойынша акция өткізді. Акция басында өндірісте 75 іздестіру ісі болған. Оның жартысы дерлік балаларды қараусыз қалдырған ата-аналармен байланысты болған. Бір жағдайда баланың анасы іздеуде жүрген. СҚО Полиция департаменті Көші-қон қызметінің қызметкерлерінің ақпараты бойынша  ҚР 40 жастағы азаматшасы 12 жастағы баласын бұрынғы күйеуімен қалдырып, өзі РФ Түмен қаласына кетіп қалған. Тиісті сұрау салулардан кейін полицейлер әйелдің АҚШ-қа кетіп, тұруға ықтияр хат алғанын анықтаған. Іздестіру жұмысы нәтижесінде оның жүрген жері белгілі болды. Алимент төлеуден жалтарған әйелге жеке сот орындаушысына хабарласу қажеттігі туралы жеткізіліп, барлық қажетті ақпарат іздеу салған адамға жіберілді.

«Жалпы акцияның алғашқы күнінде іздеуде жүрген 14 адам анықталды: 4 борышкер, 7 алимент төлемеуші және туыстық байланыстарын жоғалтқан 3 адам, - деп хабарлады СҚО Полиция департаменті Көші-қон қызметі басқармасы бастығының міндетін атқарушы полиция подполковнигі Ермек Нұсырбаев. – Бұл ретте, 5 адам облыс аумағынан тыс жерде анықталды, 2 - шетелде. Арақашықтық жұмысты қиындата түседі, бірақ бағындырылмайтын кедергі емес. Іздеу жұмысы ұдайы негізде жалғасатын болады. Жалпы жыл басынан көші-қон қызметінің барлық үш бағыты бойынша 93 адам есепте тұрған, қазіргі уақытта 43 адамның жүрген жері анықталды».

Сән Жұмағазина, СҚО ПД Ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің басшысы

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив