Елімізде азық-түлік тапшылығының туындауына негіз жоқ - ҚР АШМ

Елімізде азық-түлік тапшылығының туындауына негіз жоқ - ҚР АШМ

2022 жылы 14 наурызда ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Ауыл шаруашылығы вице-министрі Жеңіс Өсербай мен ҚР Сауда және интеграция министрлігі Сауда комитетінің төрағасы Ержан Қазанбаевтың қатысуымен «Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын реттеу» тақырыбында баспасөз конференциясы өтті.

Ауыл шаруашылығы вице-министрі министрліктің елді азық-түлікпен қамтамасыз ету бойынша жүргізіп жатқан жұмысы туралы хабардар етті. Оның айтуынша, нақтыланған жедел деректерге сәйкес 12 наурызда республикада 1,3 млн тоннаға жуық ауыл шаруашылығы әлеуметтік маңызы бар азық – түлік өнімі, оның ішінде ұн – 144 мың тонна, қант – 90 мың тонна, күріш – 39,3 мың тонна, макарон-21,5 мың тонна және 900 мың тонна көкөніс өнімдері және т. б. бар.

«Айта кету керек, азық-түлік қоры күн сайын жаңартылып, қажет болған жағдайда толықтырылып отырады. Республикада жарма, ұн және басқа да тауарлар өндіру үшін шикізат жеткілікті. Сондай-ақ ет және сүт өнімдерін өндіру үшін мал басы жеткілікті», - деп атап өтті Жеңіс Өсербай.

Вице-министр азық-түлік тауарларының барлық түрлері бойынша халықтың қажеттілігі өз өндірісі есебінен қамтамасыз етілетініне, ал кейбір өнімдер бойынша қажеттіліктен едәуір асып түсетінін атап өтті.

Мысалы, жыл сайын тұтыну көлемі 1,6 млн тонна бола тұра орта есеппен 3 млн тоннадан астам ұн өндіріледі, 95 мың тонна қажет болған жағдайда күріш өндірісі 200 мың тоннаны құрайды. Басқа тауар түрлері бойынша көрсеткіштер осындай.

 «Осылайша, өндірістің ағымдағы қарқынын сақтай отырып және тұтынудың дәстүрлі көлемдерін ескере отырып, елде азық - түлік тапшылығының туындауына негіз жоқ екенін хабарлаймыз», - деді Жеңіс Өсербай.

Статистика деректеріне сәйкес, республика бойынша дәнді және дәнді-бұршақты дақылдардың қоры 9,1 млн тонна, 7,4 млн тонна бидай (оның ішінде 6 млн тонна азық - түлік және 0,3 млн тонна жемдік), 1,1 млн тонна арпа, дәндік жүгері 144 мың тонна, қара бидай 22,9 мың тонна.

Осыны ескере отырып, азық-түлік бидайының қоры ішкі тұтыну үшін жеткілікті, деп қосты вице-министр.

Қант мәселесіне қатысты, 2022 жылғы 14 наурыздағы жағдай бойынша республикадағы қант қоры шамамен 90 мың тоннаны құрайды, оның ішінде тұрақтандыру қорларында, сауда объектілерінде, қоймаларда - 38,2 мың тонна, қант зауыттарында - 27 мың тонна қант және өңдеу үшін 20 мың тонна құрғақ қанты  (қайта есептегенде 47 мың тонна қаңт бар), мемлекеттік материалдық резервте шамамен 4 мың тонна, «Азық - түлік корпорациясы» АҚ ресурстарында 2,5 мың тонна қант бар. Азық-түлік корпорациясы өңірлерге қант жөнелтуде.

Кондитерлік фабрикалар да қанттың қажетті көлемімен қамтамасыз етілген.

 Сондай-ақ Қазақстан 2022 жылғы 31 тамызға дейін 250 мың тонна көлемінде ақ қант пен құрақ шикі қантын бажсыз әкелуге құқылы, сыртқы сауда қызметіне қатысушылар арасында квоталар бөлу жүзеге асырылып жатыр.

«Соған сәйкес, қантты әкелуге квота қорлары мен көлемін ескере отырып, республика қант қызылшасының жаңа өнімі жиналғанға дейін қантпен толық қамтамасыз етілді. Бұл ретте жеткізу географиясын кеңейту және тәуекелдерді азайту шеңберінде басқа елдерден шикі қант сатып алу бойынша жұмыс жалғасын табады», - деп атап өтті вице-министр.

Нарықты күнбағыс майымен қамтамасыз етуді қозғаған Жеңіс Өсербай 1 наурыздағы жағдай бойынша республикада қайта өңдеуге жіберілетін 649 мың тонна күнбағыс бар екенін айтты. Күнбағыс майының қоры өңірлерде 30,6 мың тоннаны құрап отыр.

«Ішкі нарық күнбағыс майымен және оны өндіру үшін шикізатпен толық қамтамасыз етілген. Көкөніс дақылдары мен картоптың қоры нарыққа ерте пісетін көкөністер келмес бұрын халықтың қажеттілігін қамтамасыз ету үшін жеткілікті», - деп сендірді министрдің орынбасары.

Қорытындылай келе, Жеңіс Өсербай азық-түлік қауіпсіздігі, сондай-ақ республиканың ауыл шаруашылығы құрылымдарының үздіксіз жұмыс істеуі мәселесі тұрақты бақылауда екенін, азық-түлік өнімдерінің өндірісі тоқтатылмайтынын, қорлар жүйелі негізде толықтырылып отырғанын және елде азық-түлік тапшылығының туындауына негіз жоқ екенін растады.

Баспасөз конференциясы барысында журналистер баға белгілеу, қант қызылшасы өндірісін субсидиялау, инвестициялар, сүт өндірісі, сондай-ақ отандық қант зауыттарының жұмысы, отандық өндірушілерді қорғау мәселелеріне қатысты сұрақтар қойды. Барлық қойылған сұрақтарға толық және сапалы жауаптар берілді.

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

8 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив