Қазақстандықтар QR арқылы  мемлекеттік қызметтер ақысын 700 мыңнан астам рет төледі

Қазақстандықтар QR арқылы мемлекеттік қызметтер ақысын 700 мыңнан астам рет төледі

Өткен жылы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Kaspi және Halyq Bank-пен бірлесіп, ХҚО-ларда мемлекеттік бажды QR көмегімен төлеу сервисін енгізді. Бір жыл ішінде қазақстандықтар QR кодты  700 мыңнан астам рет сұратып, 2,8 млрд теңгеден астам сомаға төлем жасаған.

QR төлемді белсенді қолданғандардың ішінде Алматы қаласының тұрғындары көш бастап тұр, екінші орында қарағандылықтар, одан кейін тізімде астаналық тұрғындар (тиісінше 72 052, 63 278, 54 354). QR кодтың көмегімен мемлекеттік қызметтердің баж алымын ең аз төлегендер Атырау мен Солтүстік Қазақстан облысындағылар (23 080 және 23 449 рет).  «Сервис енгізілген сәттен бастап, біз оң өзгерістер байқап отырмыз – клиенттер уақытын үнемдеп, оператордың алдында отырып-ақ қызмет ақысын төлеп жүр. Кассалардың жүктемесі төмендеді. Сондай-ақ QR код арқылы төлем жасалғанда комиссия алынбайды. Осының барлығы бізге таяу уақытта ХҚО-дағы кассалардың санын үштен бірге дейін қысқартуға  мүмкіндік береді», – деп атап өтті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының басқарма төрағасы Әділ Қожықов.Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысы 2021 жылғы қыркүйектегі жолдауында мемлекеттік қызметтерді алу кезіндегі проблемаларға назар аударып, бұл процестерді толығымен цифрландыруды тапсырған болатын. QR код арқылы төлем жасау сияқты сервистер азаматтардың мемлекеттік қызметтерді алу ретін  жеңілдетуге көмектеседі.

Қазір QR кодтың көмегімен 146 түрлі мемлекеттік қызметтің ақысын төлеуге болады. Болашақта бұл тізім толықтырылатын болады.

QR код арқылы мемлекеттік баж алымын төлеу Kaspi және Halyq Homebank мобильді қосымшалары арқылы қолжетімді.

"Азаматтарға арналған үкімет" баспасөз қызметі

 

 

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

7 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив