АГРОӨНЕРКӘСІПТІК КЕШЕН СУБЪЕКТІЛЕРІН СУБСИДИЯЛАУ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ

АГРОӨНЕРКӘСІПТІК КЕШЕН СУБЪЕКТІЛЕРІН СУБСИДИЯЛАУ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің барлық аумақтық департаменттері Агроөнеркәсіптік кешендегі субсидиялау саласына ауқымды талдау жүргізуге кірісті.

Бұл жұмыстың мақсаты өтінімдерді беруден бастап субсидиялар беруге дейін субсидиялар берудің ашық, әділ жүйесін қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлық пен бюрократия деңгейін төмендету, бизнес жүргізуге кедергі келтіретін әкімшілік кедергілерді жою болып табылады.

Сыртқы талдаумен барлық нормативтік құжаттар, өңірлерде субсидиялар берудің қолданыстағы практикасы, қылмыстық істер мен сот шешімдері, ауыл шаруашылығы өндірушілерінің шағымдары мен өтініштері қамтылады.

Өткізілген іс-шаралар аясында бүгін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментінің басшысы Шыңғыс Қабдола инвестициялық субсидиялау мәселелері бойынша "TT Dairy" ЖШС өкілін қабылдады. Сондай-ақ, қалалық Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы басшысының м.а. Гүлмира Ермолдина қатысты.

Кездесу барысында жабдықтардың жекелеген түрлерін инвестициялық субсидиялау бойынша жобалардың паспорттарына қатысты проблемалық мәселелер талқыланды. Атап айтқанда, «TT Dairy» ЖШС сүт өңдеу зауытын құрды, жаңа жабдықтар сатып алды және субсидиялауға өтінім беруді көздеді. Алайда, тізбеде Серіктестік сатып алған жабдықтардың болмауына байланысты олар мемлекеттің қолдауын пайдалана алмайды.

Кездесу барысында жабдықтардың жекелеген түрлерін инвестициялық субсидиялау бойынша жобалардың паспорттарына қатысты проблемалық мәселелер талқыланды.

Кездесуге қатысушылар Ауыл шаруашылығын субсидиялау саласындағы проблемалық мәселелерді реттеу бойынша өздерінің нақты ұсыныстарымен бөлісті.

Кездесу қорытындысы бойынша ұсыныстар берілді және осы бағыттағы жұмыс жалғасатын болады.

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

7 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив