ҚР Тәуелсіздік мерекесінен орай Жамбыл облыстық ПД бастығы ІІО ардагерлерімен кездесті

ҚР Тәуелсіздік мерекесінен орай Жамбыл облыстық ПД бастығы ІІО ардагерлерімен кездесті

12 желтоқсан ҚР Тәуелсіздік күнін мерекелеу аясында Жамбыл облысы полиция департаментінде ішкі істер органдарының ардагерлерімен кездесу өтті. Қазіргі таңда Жамбыл облысы ПД-нің ардагерлер ұйымында 1284 адам бар.

Кездесуде сөз алған Жамбыл облыстық полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Жанат Сүлейменов жиналғандарды құттықтады.

"Ардагерлер ұйымы полиция қызметімен қашан да бірге, ары қарай да бірлесіп әрекет ете беруі тиіс. Зейнет демалысына шыққан адам өзін керексіз қалғандай сезінбеуі қажет.  Біз әрқашан оларға құлақ асып, қажет кезінде қол ұшын созып отырамыз. Жас буын полицейлерді патриоттық тұрғыда тәрбиелеуге атсалысқаны үшін облыстық ПД ІІБ ардагерлер кеңесінің мүшелеріне ерекше алғыс айтқым келеді",-деді ол.

Іс-шара барысында ІІО ардагерлер кеңесінің төрағасы, отставкадағы полиция полковнигі Тұрдалы Шералин атқарылған жұмыстар туралы баяндады.

Шара барысында жылдағы дәстүр бойынша ҚР Тәуелсіздік күніне орай ішкі істер органдарының ардагерлерін марапаттау рәсімі өтті. Марапаттау рәсімінен кейін қатысушылар өздерін толғандырған сауалдарын жолдап, жан-жақты жауап алды

Кездесу соңында ІІО ардагерлері бүгінгі тәртіп сақшылары аға буын-ардагерлерге үлкен құрметпен қарап, қамқорлық танытатындығын айрықша атап өтіп, полиция департаментінің басшылығына алғыстарын білдірді. Алдағы уақытта да өзара ынтымақтастықта жемісті жұмыстар жүргізе беретіндіктеріне сендірді.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив