Тұтынушы құқықтарын қорғау туралы бірер сөз

Тұтынушы құқықтарын қорғау туралы бірер сөз

 

Қазақстан Республикасының «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңында қабылданған жаңа өзгерістерге сәйкес тауарларды сату, қайтару және ауыстыру бойынша талаптар жетілдірілді, сатушының жауапкершілік аясы кеңейтілді, соның ішінде 4-тарау Заңның сатушының (өндірушінің, орындаушының) уәкілетті орган және тұтынушылар арасында дауларды сотқа дейінгі реттейтін субъектілер жайлы ақпаратты орналастыру жөніндегі міндеттерін реттейтін 33-1-бабымен толықтырылды. Сатушы (өндіруші, орындаушы) тауарларды сату (жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету) орнында уәкілетті орган мен тұтынушылардың дауларын сотқа дейін реттейтін субъектілердің байланыс деректерін (мекен-жайы мен телефон нөмірі), сондай-ақ тұтынушының бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін оларға немесе сотқа жүгіну құқығы туралы ақпаратты орналастыруға міндетті.

 Сатушы (өндіруші, орындаушы) өзін-өзі реттейтін ұйымның мүшесі (қатысушысы) болған жағдайда, бұл туралы ақпарат тауарларды өткізу (жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету) орнында міндетті түрде жариялануы тиіс.

Электрондық коммерция арқылы өнімді сату (жұмыстарды орындау, қызмет көрсету) кезінде уәкілетті органның және тұтынушылардың дауларын сотқа дейінгі реттеу субъектілерінің байланыс деректері (мекен-жайлары мен телефон нөмірлері) туралы мәліметтерді уәкілетті органның ресми интернет-ресурсына сілтеме жасай отырып, сондай-ақ тұтынушының бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін оларға немесе сотқа жүгіну құқығы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы жариялануы тиіс.

Сатушы (өндіруші, орындаушы) қолданатын интернет-ресурста оның байланыс деректері (нақты мекен-жайы мен телефон нөмірі) жайлы ақпарат болуы тиіс екенін ұмытпаған жөн.

 

Гүлжайна Бекқалиева

Орал қаласының №2 соты кеңсесінің бас маманы

  

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 3

2 пікір

  1. аватар
    Kimber 9 апреля 2024 15:53

    Hey I know this is off topic but I was wondering if you knew
    of any widgets I could add to my blog that automatically tweet
    my newest twitter updates. I've been looking for a plug-in like this for quite some time and was hoping maybe you would have
    some experience with something like this. Please let me know if
    you run into anything. I truly enjoy reading your blog and I look forward to
    your new updates.

    my web page; Ontdek waar je haldol online kunt vinden zonder voorschrift in Nederland.

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив