Сотқа талап арыздарды мемлекеттік тілде тапсыруды сұрайтын уақыт жетті

Сотқа талап арыздарды мемлекеттік тілде тапсыруды сұрайтын уақыт жетті

 

Қазақстан Республикасы Конституциясының  7-бабында  "Қазақстан Республикасындағы  мемлекеттік тіл - қазақ тілі. Мемлекет Қазақстан халқының тілдерін үйрену мен дамыту үшін жағдай туғызуға қамқорлық жасайды" деп белгіленген. Сондай-ақ, 93-бабында "Конституцияның 7-бабын жүзеге асыру мақсатында Үкімет, жергілікті өкілді және атқарушы органдар, арнаулы заңға сәйкес, Қазақстан Республикасының барлық азаматтары мемлекеттік тілді еркін әрі тегін меңгеруі үшін қажетті ұйымдастырушылық, материалдық және техникалық жағдайдың бәрін жасауға міндетті" деп көрсетілген. Қазақ тілі – біздің рухани негізіміз, біздің міндетіміз – оны барлық салада белсенді пайдалана отырып дамыту, тілдің қолданылу аясын арттыруға күш салу. Қазіргі таңда мемлекет тарапынан тілдік қорымызды үздіксіз жетілдіріп отыру үшін заңдар қабылданып, бағдарламалар жасалған. Осы мүмкіндіктерді пайдаланып мемлекеттік тілдің қолдану өрісін кеңейту өз қолымызда. Мағжан Жұмабаев: «Тілсіз ұлт, тілінен айырылған ұлт дүниеде ұлт болып жасай алмақ емес. Ондай ұлт құрымақ», - деген екен. Конституция мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруге кепілдік береді. «Тіл туралы» заңның 4-бабында: «Мемлекеттік тіл - мемлекеттің бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және ісқағаздарын жүргізу тілі», - деп атап көрсетілген. Бүгінде «Талап арыз қай тілде түссе, сол тілде іс жүргізіледі» деген  сөз біздің соттардың ұранына айналып отыр. «Конституцияның 7-бабы 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі - қазақ тілі деп танылса да, осы баптың екінші тармағында мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылды»,-деп көрсетілген. 1998 жылы қабылданған ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 30-бабына, Азаматтық іс жүргізу кодексінің 14-бабына сәйкес елімізде қылмыстық және азаматтық сот ісі мемлекеттік тілде жүргізіледі. Заңның басты қасиеті – оның басқа нормативтік актілерден жоғары екендігінде және қалай оқылады, солай қолданылуға жататындығында. Қазақстанда сот ісін жүргізу тілі қазақ тілінде деп нақты айту қажет. Ендеше, сот ісін мемлекеттік тілде жүргізу үшін ешқандай  сөз, дау-дамай туындамауы керек. «Сот ісі мемлекеттік тілде жүргізіледі» деген заңның тармағын басқаша түсіндіруге, теріс қабылдауға тырыспайық. Конституциямызда айқындалған мемлекеттік тілмен қатар орыс тілі ресми тіл болып табылады деген норма да бастапқы мағынасындағыдай айбарлы рөл атқармайды. Сол кездегі жағдайларға тереңірек үңілер болсақ, буыны жаңа қатайып келе жатқан мемлекетіміздің әлеуметтік экономикалық жағдайы, қазақ ұлтының санының аздығы осы заңның кеңірек пайдаланылуына, құқықтық нормасының кеңірек қолданылуына  мемлекеттік органдар мен мекемелерден, басқа ұйымдармен кәсіпорындардан сотқа жүгінгенде талап арыздар мемлекеттік тілде емес, яғни, дауласушы тараптардың басым бөлігі сотқа талап арыздарды орыс тілінде беруде. Мемлекеттік органдардың, адвокаттардың, заңгерлердің басым көпшілігі арыздар мен басқа да ресми құжаттарды жазуда түрлі сылтаулармен қазақ тілінен айналып өтуге тырысады. Заң қағидасына сүйене отырып мемлекеттік органдар мен мекемелерден, басқа ұйымдар мен кәсіпорындардан талап арыздарды сотқа мемлекеттік тілде тапсыруды сұрайтын уақыт жетті деп есептеймін.

 

Салтанат Ихсанова

Орал қаласының №2 соты кеңсесінің жетекші маманы

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив