МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУ

Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл – қазақ тілі. Қазақ тілі – асыл қазынамыз дегендей, мемлекеттік тілді білу, оны дамыту әрбір азаматтың міндеті. Қазақ тілі –мемлекеттің барлық аумағында қоғамдық қатынастардың, барлық салаларында қолдануы керек. Сондықтан барлығымыз қазақ тілін тиісті деңгейде меңгеруге ұмтылуымыз қажет. Рухани жаңғыру аясында мемлекеттік тіл мәселесіне үлкен мән берілген болатын. Менің ойымша, рухани жаңғыру әрбір азаматтың өзінен басталуы керек. Қазіргі таңда қазақ тілін білгісі, үйренгісі келетін адамдарға барлық жағдайлар жасалған. Мәселен, оқыту курстары, кітапханалар, баспасөз басылымдары және тағы басқалар.

Тілге деген құрмет ең алдымен жерінің, елінің тарихын тану, білу, зерттеу әйгілі ақын-жазушыларымыздың туындыларын оқудан басталады деп айтсақ артық болмас. Қазақ тіліндегі өлеңдерді мәнерлеп оқып, айтудың өзі бір өнер деуге толықтай негіз бар. Өйткені оларда кездесетін көркем сөздерді әдеби ережелерді қолданумен бірге, баршаға таныту шеберлікті қажет етеді. Міне, осылардың барлығы да жоғарыда көрсетілген ұлы түсінікті ұғымға жатады.

Мәселен, бұрынғы уақытта адамдардың арасында туындаған дауларды ретке келтіріп, әділ шешетін билер болған. Олар өздерінің ақыл-парасаттылығымен, әділдігімен, даналығымен халық ішіндегі үлкен беделге ие болған ұлы тұлғалар еді. Олар Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би, Саққұлақ би, Бапан би, Әлдебек би, осы билеріміздің өмірбаянын, даналық сөздерін оқып, білуіміз қажет.

Сонымен қатар, қазақ тілінің ерекшеліктерін, оның даму заңдылықтарын, өзіміздің өткен тарихымызды, салт-дәстүрлермізді, туған жердің атының шығу тарихын, аңыз-әңгімелерді, мәдени мұраларымызды зерттеп, тануымыз тиіс. Бүл рухани жаңғыруға жатады және шынайы патриотизмнің белгісі болып табылады деп үлкен сеніммен, ерекше тебіреніспен  айта аламыз.  

Еліміз дамып, мемлекетіміз өркендесін десек, әуелі ұлтты ұйымдастырудың құралы болып отырған қазақ тілінің мәртебесін көтеруде белсенділік танытуымыз керекпіз.                                          

Мұғалжар аудандық сотының жетекші маманы       

З.М.Юнусова                                      

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив