Сьезд сот жұмысына серпін берді

Сьезд сот жұмысына серпін берді

 

Съезд – соттағы ілкімді істер мен кемшіліктер көпшілік талқысына салынатын, судьялар қызметін оңтайлы етудің мүмкіндіктері зерделенетін маңызды жиын. Араға төрт жыл салып ұйымдастырылатын бұл жиындар кешегі мен бүгінгі күннің нәтижелерін сараптап, келешекке бағдар жасауға жол ашады. Осы уақытқа дейін бас қаланың төрінде биік деңгейде өтіп келген съездердің сот саласын жаңа биікке көтеруде, сол арқылы тұтас қоғамды өзгертуге ықпалды болғаны сөзсіз. Әр съезд әділетті сот, тура төреліктің тұғырын нығайтып, халықтың үшінші билікке деген сенімін нығайтты. Алысқа бармай-ақ осыдан төрт жыл бұрын тарих қойнауына кеткен республика судьяларының ҮІІ съезін алайық. Тұңғыш президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев арнайы шақырылған бұл жиынға халықаралық ұйымдар мен шетелдік сарапшылардан бөлек, Парламент депутаттары, мемлекеттік орган басшылары, заңгерлер мен БАҚ өкілдері қатысқан болатын. Ал съездің негізгі қатысушылары – отандық судьялар.

         Жетінші съезд ұйымдастырылған жылы елімізде Ұлт жоспары бойынша кешенді жұмыстар қолға алынған еді. 100 нақты қадамды белгілеп, заң үстемдігін, сот пәрменін арттырудың тетіктері айқындалған бұл құжат судьялар басқосуында да басты меженің біріне айналды. Соған орай мәртебелі жиынды ашып берген тұңғыш президентіміз алдағы жылдары қолға алынатын жаңашылдықтың бәрі Ұлт жоспарына негізделетінін қадап айтты. «Сот реформасының ең түпкі мақсаты – сатылмайтын, тәуелсіз сот билігін құру. Мұнда басымдық судьялардың кәсіби қабілеті мен адалдығына, әділсоттың қолжетімділігі мен туралығына негізделеді» деген тұңғыш президент тәуелсіздік жылдарында заманауи сот жүйесі қалыптасып, жаңғырту жұмыстары саланы түбегейлі оң бағытқа бұрғанына назар аудартқан болатын. 

Сондай-ақ, өзгертулердің басында сот жүйесі тұрғанын айтқан елбасы бұл саланы жандандырмай өзге салаларда қозғалыс болмайтынын жеткізген еді.

         Енді судьялар съезінің қаншалықты маңызды, ауқымды, көтерген мәселелерінің салмақты болғанын дәлелдеу үшін ҮІІ съездегі берілген тапсырмаларға мән беріп көрелік. Айталық осы жиында Нұрсұлтан Назарбаев ең алдымен заң үстемдігін қамтамасыз етуді, екіншіден, судьялардың есеп беру қағидатын енгізуді күн тәртібіне шығарған болатын. Үшіншіден, лайықты сот корпусын қалыптастыру, төртіншіден, бірыңғай сот практикасын жасау, бесіншіден, азаматтардың құқықтық сауатын көтеруге пәрмен берген еді. Осы арқылы ел ішіндегі дау-дамай, келіспеушіліктерді қысқарту мақсат етілгені түсінікті. Ал енді араға төрт жыл салып алдыңғы съезде көтерілген мәселелердің рет-ретімен орындалғанына көз жеткізу қиын емес. 

         Бүгінгі күнге дейін заң үстемдігін қалыптастырып, азаматтардың құқығы мен бостандығын қорғаудың кепіліне айналған бірталай заң қолданысқа енгізілді. Соның арқасында сот сатылары қысқарды, халықтың өзін қорғау мүмкіндігі кеңіді. Елбасы судьялардың есеп беру қағидаты туралы ұсынғанда көпшіліктің «Сонда судьялар тәуелсіз, заң мен арға ғана бағынады деген тұжырым қайда кетті?» деп алаңдағаны рас. Алайда, бұл бастаманы көтеру арқылы тұңғыш президент судьялардың өз жұмысына жауаптылықпен қарауына серпін берді. Судья шешім, үкім қығарғанда тәуелсіз болғанымен, тараптарға өз ұстанымын түсіндіруге міндеттелді. Бұл әділдік алаңындағы судьялардың әрбір қадамды ойланып, салмақтап жасауына ықпал етті. Лайықты сот корпусын қалыптастыру мәселесі де соңғы төрт жыл ішінде жолға қойылған жұмыстың бірі. Жетінші съезде берілген тапсырмаға сай судьялықтан үміткерлерді іріктеудің талаптары күшейді. Сындарлы сүзгінің арқасында төрелік алаңына тек мықтылар, лайықтылар таңдалып алынды. Съезде айтылған «Бірыңғай сот тәжірибесін қалыптастыру» өзекті мәселелер қатарынан. Бірдей іске судьялардың екі түрлі шешім шығаруы бұқаралық ақпарат құралдарында аз сыналып отырған жоқ. Соған орай, Жоғарғы Сот тарапынан әдістемелік құралдар жасалып, арнайы шаралар ұйымдастырылып, әріптестердің ашық диалог құруына, ортақ жұмысты бірігіп шешуіне көмек көрсетілді. Тұңғыш президенттің соңғы тапсырмасы – азаматтардың құқықтық сауатын көтеріп, сол арқылы елдегі дау-дамайдың санын азайтуды, судьялардың жүктемесін төмендетуді көздеген болатын. Соңғы төрт жылда жеткен жетістіктерді салмақтап, бұл бағытта да игі нәтижеге қол жеткізгенімізді бағамдау қиын емес.

         Басқосудағы бес тапсырманың мүлтіксіз орындалуының өзі әр съездің маңызын, пәрменін арттырса керек. Алдағы ҮІІІ съезд де үшінші биліктің кем-кетігін ретке келтіріп, жақсы істерді жалғастыруға ықпал етеді деп сенеміз.

 

Салтанат Құрманбаева

Орал қаласының №2 сотының судьясы

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив