Республика судьяларының VII съезді

Республика судьяларының VII съезді

21 қараша 2016 жылы Астанада ел Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қатысуымен республика судьяларының VII съезі өтті.

Жоғарғы Сот Төрағасы Қайрат Мәми өз сөзінде съезд ел тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу шеңберінде өтіп жатқандығын атап өтті. Осы жылдар ішінде Қазақстан демократиялық саяси-құқықтық жүйесі бар мемлекет ретінде қалыптасты, әлемдік аренада жоғары беделге ие болды. Мемлекет басшысының бейбіт және тұрақты дамуды қамтамасыз ету жөніндегі ғаламдық бастамалары мен нақты істері халықаралық қауымдастық тарапынан қолдау тапты. Ол мемлекеттік басқарудың негізгі органы ретіндегі сот жүйесін қалыптастыру мен реформалауға қосқан Тұңғыш Президенттің үлесін атап өтті.

 «Соттар халықаралық стандарттарға сәйкес келетін жаңа тұрпаттағы сот құрылымы мен сот ісін жүргізуді қалыптастыру бойынша стратегиялық мақсатты басшылыққа алды. Бүгінде мұндай сот жүйесі қалыптасты және табысты дамуда», - деді Қ.Мәми.  

           Сот сатыларын оңтайландыру нәтижесінде сот дауларын қараудың ең жоғарғы мерзімі (барлық сатыларға шағымдану бойынша) орташа есеппен 8 айға дейін қысқарды. Жеңілдетілген іс жүргізу тәртібі соттағы әуре-сарсаңды азайтуға мүмкіндік берді, осы әдіспен барлық азаматтық істердің жартысынан астамы қаралды, олардың 82% алғашқы сот отырысында-ақ шешімін тапты. Әрбір төртінші қылмыстық іс жеңілдетілген рәсіммен қаралды, яғни 10 тәулікке дейінгі мерзімде аяқталды.

Жоғарғы Сотта құрылған мамандандырылған алқа, сондай-ақ құрамына шетелдік сарапшылар кіретін Халықаралық Кеңес Қазақстанның инвестициялық тартымдылығын жақсарту жөніндегі мемлекеттік саясатты қолдаудың маңызды кезеңдеріне айналды.

Бүгінде республикадағы барлық сот отырысы залдары аудио-бейнетіркеу жүйесімен 100 пайызға жабдықталды, нәтижесінде судьялардың іс-әрекетіне қатысты шағымдар екі есеге қысқарды. Жалпы алғанда, жаңа технологияларды енгізу сот қорғауына қолжетімділікті жеңілдетті.       Электронды сот төрелігінің көпшілікке танымал болуын жыл басынан бері «Сот кабинеті» сервисі арқылы соттарға 620 мыңнан астам электронды құжаттар (талап арыздардың 73,5% электронды түрде берілген) келіп түсуі фактісі растайды. Бұл көрсеткіш Қазақстанды әлемдегі сот жүйесі озық елдердің қатарына қосты. Бүкіләлемдік Банктің елдегі бизнес жүргізу рейтингісінде (Doing Business) Қазақстан сот дауларын шешуді бағалау индикаторы бойынша әлемнің 190 елінің арасында 9 орын иеленді.    

Сот корпусының кәсібилігін арттыру үшін жаңадан тағайындалған судьялар үшін сынақ мерзімі, кадрларды іріктеудің карьерлік моделі, психологиялық тестілеу, полиграф аппаратында зерттеу енгізілді, судьялыққа кандидаттар үшін жұмыс өтіліне қойылатын талаптар қатаңдатылды. Жоғарғы Соттың жанынан Сот төрелігі академиясы жұмыс істеуде. Кадрларды іріктеудің барлық кезеңдері БАҚ-та жариялануда, бұл процеске Қоғамдық кеңестер тартылды.   

Жалпы тәуелсіздік жылдары алты съезд (біріншісі 1996 жылы) өтті. Съездер сот жүйесінің дамуы үшін айрықша стратегиялық мәнге ие. Олардың әрбірінде соттар дамуының қорытындылары шығарылып, келешекке бағытталған өзекті мәселелер бойынша шешімдер қабылданады. 

 

Астана қаласының кәмелетке

толмағандар істері жөніндегі

мамандандырылған ауданаралық

сотының сот хатшысы                                                  

Баймағамбетова Гульмара Рахимжанова

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив