Съезден күтеріміз көп

Съезден күтеріміз көп

 

Алдымыздағы уақытта, яғни 2020 жылдың  қазан   айында  ҚР Судьялар одағының кезектен тыс VIII съезі өткізіледі деп күтілуде.

          Сьезд өткізудің  мақсаты – әділдік орнатуда сот жұмысының сапасын арттырып дамыту, жүзеге асырылған сот төрелігіне  қорытынды баға беру және алда атқаруға жататын жұмыстардың негізгі талаптарын орындау бағыттарын қамтамасыз ету.

          ҚР Конституциясында биліктің үшінші тармағы – сот жүйесіне ерекше маңыз берілгенін білеміз, сондықтан сот жүйесі құқық үстемдігін қамтамасыз етуде және әр съезде қомақты міндеттер мен атқарылар тапсырмалар белгіленіп, нақты тапсырмалар кезең-кезеңімен сапалы әрі жоғары деңгейде жүзеге асырылып келеді.

        Өтетін съезд ауқымды шара, онда өзекті мәселелермен сот жүйесінің жетістіктері туралы қаралатыны және нақты міндеттер жүктелетіні анық.

        Қоғамның қарқынды дамуына байланысты,  сот жұмысы да жаңа сапаға көтеріліп замануи талаптарға сай болуы тиіс.

        Соның біріншісі – қоғамда  сот билігіне деген сенімді, қолжетімділікті арттыру. Осыған орай, мемлекет саясатын қолдау бағытында адамның, заңды тұлғаның құқығын, мүдделерін қорғау маңыздылығына айырықша мән беріліп,  сот жүйесінің жұмысының нәтижелі әрі сапалы болу  реформасы әрі қарай жалғастырылуда.

       2015 жылғы  «100 нақты қадам» – Ұлт жоспарында сот саласына қатысты  айқын басымдықтар берілгені белгілі, соның нәтижелі айғағы сот жұмысы оңтайланып, жүктеме азайып сот актілерінің сапасы артып, жаңа талаптарға сай сот төрелігі жүзеге асырылуда. Аталған Ұлт жоспарына сай,  қылмыстық, азаматтық, әкімшілік заңнамаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп қолданылуда. Сот саласына қатысты реформалар сот төрелігін жаңа форматта жүзеге асыру бағытымен айқындалып, сот жұмысының жаңа тәртібі орнатылуда.

        Қазақстан Республикасы судьяларының VII съезінде Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев,  "Судья статистиканың көрсеткіштеріне байланып қалмауы тиіс. Судьяның нақты тәуелсіздігі заң талаптарын қатаң сақтануында, қабылдаған шешімінің дұрыстығы мен әділдігіне нық сенімді болуында жатыр. Сот төрелегі заңды әрі әділ болуы шарт. Заң мен сот алдында барлығының теңдігі қағидасы сақталуы тиіс. Байқап отырсаңыздар, өз сөзімде "судья" сөзін бірнеше мәрте атап өттім, яғни ол заңдылық үдерістің басты тұлғасы", - деп атап өткен болатын.

       Елбасының сот жүйесін одан әрі жаңғырту тапсырмасы бойынша да атқарылған жұмыстар аз емес,  мысалы дауларды билер кеңесінің  араласуымен шешу,  татуластыру рәсімдерін одан әрі жетілдіру  және қоғамдағы дау деңгейін азайту, оның күрделілігі қазіргі таңда уақыт талабы болып отыр.

Әрбір қабылданған заң мемлекетіміздің дамуына, азаматтардың құқықтық сауаттылығының ашылуына зор ықпал беруде.

         Өткелі тұрған съезде, сот алдында тұрған міндеттерді орындауына зор себебін тигізіп, жаңа серпін беріп әділдік үстемдігінің деңгейін көтеретіні хақ.

А. Нургалиев      

Ақжайық аудандық сотының төрағасы               

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив