Бейбіт елдің алтын арқауы - Ата Заң!

Бейбіт елдің алтын арқауы - Ата Заң!

Әрбір Қазақстандық азаматтың санасында Конституция күні Қазақстан Республикасының Конституциясын қабылдаған тарихи маңызды күнмен байланыстырылады.

25 жыл бұрын, яғни 30 тамыз 1995 жылы республикалық референдумда  Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылданып, бұл біздің еліміздің даму жолындағы жаңа бастама болатын.

Тәуелсіз Қазақстанның тарихында екі Конституция қабылданған, 1993 жылғы Конституция және қазіргі қолданыстағы Конституция.

Осы Ата заңымызды қабылдауға ұзақ дайындық қажет болғандығын көбісі біле бермейді. Кеңес өкіметі құлағаннан кейін Конституциялық комиссия бірден жұмысқа кірісіп кеткен. Көптеген шет мемлекеттердің тәжірибесі зерттелген. Конституцияны қабылдау барысында халықтың да пікірі ескерілген, мыңдаған ұсыныстар түскен.

Конституцияның жоғары заң күші бар және Республиканың бүкіл аумағында тікелей қолданылады.

Конституция – барлық заң салаларының негізі, ал оның нормалары – басқа заңдар үшін басты қағида болып есептеледі.

Конститция – қоғамдық және мемлекеттік құрылыс негіздерін, мемлекеттік органдар жүйесін, олардың түзелу реттілігі мен қызметін, азаматтардың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын мемлекеттік заң.

Әрбір азамат өзінің бұзылған құқықтары мен бостандықтарын қорғау үшін Конституцияның әрбір нормасын пайдалана алады.

Конститция еліміздің экономикалық, әлеуметтік және мәдени, рухани ахуал мен халық игілігі үшін қарқынды дамуына қажетті жағдайларды айқындап берді.

 Бұл айтылып отырған негізгі заңда еліміздің ең жоғары құндылығы адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары деп көрсетілген.

Бүгінгі Конституциямыздың басты ерекшелігі онда бекітілген негізгі қағидалар: қоғамдық келісім және саяси тұрақтылық, бүкіл халықтың игілігі үішн экономикалық даму, қазақстандық патриот, мемлекет өміріндегі ең маңызды мәселелерді демократиялық әдістермен шешу, оның ішінде республикалық референдумда дауыс беру арқылы немесе Парламентте. Ата заңымыздың бірінші бабына енгізілген осы төрт мәселе арқылы Қазақстанның жан-жақты дамуына жол ашылған.   

Біз осы Негізгі заңымызды қабылдау арқылы дүниежүзі картасында жаңа мемлекеттің, яғни болашақ Қазақстан Республикасының  іргетасын қалағанымызды, картада ойып тұрып орын алғанымызды мақтан тұтып айта аламыз.

Қазақстан Республикасы дүние жүзі алдында 130 ұлттан құралған мемлекет ретінде танылып отыр. Осы көпұлтты еліміздің тұтастығының, бірлігінің, достығының, бейбітшілік пен татулықтың негізгі тетігін ұстап тұрған біздің тұғыры биік Ата заңымыз десек болады.  

Көптеген зерттеушілердің пікірінше, Қазақстанның Конституциясы әлемдегі жалпы адамзаттық құндылықтарды дәріптейтін ең үздік 50 Конституцияның бірі болып саналады екен. Ал бұл Ата Заңымыздың үлкен әлеуетін білдіреді.

Қорытып айтар болсақ, Конституциямыз егемен Еліміздің дамуына даңғыл жол салып, елдің бетке алған бағдарының тұтастай бөлігін қамтып, демократиялық жолмен даму бағытын айқындап, нәтижесінде бүгінгі жеткен жетістіктеріміздің баршасы Ата Заңымыздың тиімділігінің арқасы  екеніне көз жетіп отыр. Сонымен қатар, құқықтық мемлекет қалыптастыру қағидалары қоғамда және азаматтардың санасында түпкілікті бекітіліп, өз жемісін беруде.

Әрбір азамат бейбіт елдің алтын арқауы – Ата Заңымыздың талаптарын бұлжытпай орындаса алар асуымыз әркезде биік, Мәңгілік елдің тұғыры бекем, шаңырағы берекелі болары сөзсіз.

 

Мырзакәрім Р.М.

Батыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы                                                         

 

 


 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив