Сыбайластыққа жол берме, өз өміріңе балта шаппа

Сыбайластыққа жол берме, өз өміріңе балта шаппа

 

Сыбайлас жемқорлық – заман ағысымен бірге өсіп-өркендеп, мол қаражат және қоғамдық бәсекелестік пайда болған жерлерге тамырын жайып, бүгінгі күнге дейін жойылмай отырған кеселдің бірі.                                      

Бүгінгі таңда, парақорлық мемлекеттің дамуына, мемлекеттік органдардың тиісті қызмет атқаруына кері әсерін тигізіп, беделіне нұқсан келтіріп, заңды қағидаларды теріске шығарып, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына түрткі болып отырғаны жасырын емес.

 Мемлекеттік органдардың, кәсіпорын мен ұжымдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының басшылары және онда қызмет атқаратын лауазымды адамға теңестірілген тұлғалардың, азаматтардың сыбайлас жемқорлық қылмыстарға және осы тұрғыдағы құқық бұзушылықтарға бой алдыруының себеп-салдары көп. Оған ең алдымен, қызметшілердің кәсіби білім деңгейінің аздық етуі, әдептілік, төзімділік ұстанымдарының төмен болуы, азаматтардың құқықтық санасының жеткіліксіз болуы әсер ететін болса керек. Кей мемлекеттік қызметшілердің құқық бұзушылыққа немқұрайлылық танытуы мен жеке басының қамын ойлауы да парақорлықтың дендеуіне септігін тигізуде. Сондай-ақ, кейбір мемлекеттік органдар басшыларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заң талаптарын атқаруда ынта танытпай, жұмыс жүргізбеуі де жемқорлықтың тамырын жаюы тереңдете түседі.

Әсіресе, қоғамдық ортада жеке және заңды тұлғалар тұтынушы (қызмет алушы) болып табылатындықтан, мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелерге, оның ішінде білім беру, денсаулық сақтау ұйымдарына, ішкі істер, бақылаушы және қадағалаушы органдарына, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, сот жүйесінің қызметкерлеріне және өзгеде ұйымдарға жүгінген кезде, парақорлық дертімен жиі бетпе-бет келеді.

 Жемқорлыққа қарсы күресте барлық адамдар заң мен сот алдында тең. Жеке және заңды тұлғалардың бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіру, сыбайлас жемқорлық пен құқық бұзушылықтың зиянды зардаптарын жою, олардың алдын-алу және барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар өз құзіреті шегінде күрес жүргізу, яғни жемқорлықпен күресу - жалпыға ортақ міндет.

Сыбайлас жемқорлықпен күресте көп нәрсе бүкіл қоғамның белсене атсалысуына байланысты. Әлеуметтік желінің, өзге де медиа-ресурстардың дамуы жағдайында, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет барысында оны жалпы жұртшылықтың жек көруі күрестің қуатты құралына айналуға тиіс.

Мемлекеттік қызметкердің атына кір келтіретін әрекеттерден әркімнің де аулақ болғаны жөн. Бұндай заң бұзушылыққа қасақана барғандар қатаң жазаға тартылады.

Өз кезегінде, аудандық сотта да сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселесі күн тәртібінен қалдырылмай, апта сайын сот жүйесінің қызметкерлерімен өткізілетін жедел кеңесте жиі-жиі айтылып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттерді жою, болдырмау және алдын-алу мақсатындағы пәрменді шаралар жүзеге асырылып, бұқаралық ақпарат құралдарына мақалалармен, өткен семинарлар жарияланып отырады.

Әрине, ең алдымен бүгінгі бала, ертеңгі мемлекеттік қызметкердің отбасындаға тәлім-тәрбиесі дұрыс болуы ләзім. Тәрбие от басынан басталады, ата-анасының шарауаны пара беру арқылы шешетінін, не пара алу арқылы өздерінің материалдық жағдайын жақсартып отырғанын көріп өскен бала, бұл жағдайды орынды, яғни солай болуы керек екен деп түсінеді. Есейгенде ол баладан қандай мемлекеттік қызметкер шығады? Қалтасының қамын ойлайтын шенеунік бола ма, әлде тәуелсіз еліміздің нығаюына, қазіргі жаһандану заманында патритоттық сезімді барынша бойына терең сіңдірген, ел дамуының ұйытқысы болатын нағыз азамат шыға ма? Соңғысы болса ләзім. Сондықтан, әрбір отбасы осы мәселеге аса мән бергені абзал.

Қазақстан - көп ұлтты, болашағына сенімді және қарқынды дамып келе жатқан мемлекет. Алдымызда әлі талай үлкен міндеттер тұр, талай сын кезеңдерден өтуге тура келеді және сапалы нәтижеге қол жеткізуіміз қажет. Сондықтанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыла күресіп, іс-қимыл жасасып қатер төндіретін қауіпті кеселді жоюдың және болдырмаудың тетігін табу, әрине өзімізде.

Аудандық соттағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған іс-шараларды күшейту және қауіпсіздік мәселесіне аса көңіл бөлу қажеттілігі туралы әр апта сайын ескертіліп отырады. Оның ішінде, сыбайлас жемқорлық санатындағы құқық бұзушылықтардың алдын-алу, осындай келеңсіз жағдаяттардың орын алуын болдырмауға бағытталған шаралардың пәрменділігін арттыруға жұмыла бірге күресу қажет. «Сыбайластыққа жол берме, өз өміріңе балта шаппа» деген  асыл сөз теккеайтылмаған,  әр адам өзінің ісіне  есеп беріп жүру қажет,-деп санаймын.  

  

 Ықылас  Абдуллин

 Батыс Қазақстан облысы

 Бөкей ордасы аудандық сотының бас маманы.

          

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив