Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ

Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ

Сыбайлас жемқорлық – заман ағысымен бірге өсіп-өркендеп, мол қаражат және қоғамдық бәсекелестік пайда болған  жерлерге тамырын жайып, бүгінгі күнге дейін  жойылмай  отырған кеселдердің бірі. Бұл кесел дамушы елдердегідей біздің жас мемлекетімізге де орасан зор нұқсан келтіріп отыр.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс әркеттер әр салада жүзеге асырылуда. Әсіресе халық парақорлық дертімен  жие бетпе–бет келеді.Сондықтан кез келген ортада пара беру, пара алудың жолын кесуде қоғам болып белсенділік танытуымыз тиіс. Парақорлық мемлекет органдардың тиісті қызмет атқаруына  кері әсерін тигізіп,беделіне нұқсан келтіреді, заңды қағидаларды теріске шығарып, азаматтардың конституциялық құқықтарымен заңды мүдделерінің бұзылуына түрткі болады. Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңына сәйкес, сыбайлас жемқорлықпен күресті  барлық мемлекеттік органдар мен онда қызмет атқаратын лауазымды тұлғалар  жүргізуі тиіс.Мемлекеттік органдардың ұжымдардың ,жергілікті өзін-өзі басқару органдарының  басшылары өз өкілеттігі шегінде кадр, бақылау заңгерлік  және өзгеде қызметтерін тарта отырып,заң талаптарының  орындалуын қамтамасыз етуге  міндетті.Мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық қылмыстар және осы тұрғыдағы құқық бұзушылықтарға бой алдыруының  себебі көп.Оған алдымен қызметшілердің білім деңгейінің,әдептілік ұстанымының төмен болуы әсер ететін болса керек. Кей мемлекеттік қызметшілердің құқық бұзушылыққа немқұрайлық танытуы,кәсіби әдептілігінің  жетіспеуі де жеке басының  қамын ойлауы да  парақорлықтың  дендеуіне  септігін тигізуде. Сондай-ақ кейбір мемлекеттік органдардың басшыларының  сыбайлас жемқорлыққа қарсы заң талаптарын атқаруды ынта танытпай жұмыс жүргізбеуі де жемқорлықтың тамыры тереңдететіні анық.Әрина сыбайлас жемқорлық дәрімен емдейтін сырқат емес.Бұл дерттің алдын алып,қоғамға таралу жолдарын кесіп,оның ұлғаюына жол бермеу керек.Ол үшін аталған дертке  атсалысып,қарсы жұмылуымыз қажет. Сонда ғана ел мүддесі үшін  зор үлес қосатынымыз және халық сенімінен шығатынымыз анық. «Әділдік жоқ жерде пара белең алады» дүние байлық  неге керек, денсаулығың болмаса, Төрелігің неге керек халықтың көңілі толмаса деген нақыл сөз сот саласында еңбек етіп жүрген қызметкерлердің де бағдары іспеттес. Шынында да біз әділ төрелік жасап, жемқорлықтан жоғары тұрған жағдайда ғана халықтың сеніміне ие бола аламыз.

 

Астана қаласы Есіл ауданының №2 аудандық сотының

сот қызметкері А.Турмагамбетова.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив