Орал қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында уәкілетті мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен қашықтықтан түсіндіру семинары өтті.

Орал қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында уәкілетті мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен қашықтықтан түсіндіру семинары өтті.

 

Қоғамдық қауіпсіздіктің және коронавирустық инфекцияның алдын алу мақсатында Орал қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының төрағасы Марат Сисенғали уәкілетті мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен сотқа дейінгі іс жүргізудің сапасы, қоғамдық қауіпсіздікке және халықтың денсаулығына қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылық туралы материалдарды жинау және хаттамалардың дұрыс толтырылуын түсіндіру туралы онлайн-семинар өткізді.

Семинар кеңеске Орал қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының басшысы Мәдениет Танауов, Орал қаласы прокурорының орынбасары Артур Шоқпанов, Орал қаласы полиция басқармасының ЖПҚ бастығы Азамат Қалиев, Орал қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының ұйымдастыру-құқықтық жұмыс және мониторинг бөлімінің бас маманы Арман Қажғалиев, БҚО  тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау Департаментінің әкімшілік-құқықтық қамтамасыз ету және мемлекеттік қызметтердің сапасын бақылау бөлімінің бас маманы Аида Баймұханбетова және Орал қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының судьялары қатысты.

Семинарды ашқан сот төрағасы Марат Сисенғали Батыс Қазақстан облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 04 шілдедегі № 22 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының тұрғындары арасында коронавирустық инфекцияның алдын-алу бойынша санитарлық шаралардың сақталуының маңыздылығын атап өтті. Ол сонымен қатар кәсіпкерлік және (немесе) өзге қызмет пен халықтың өмірі үшін ерекше жағдайлары бар шектеулі шараларды күшейту маңызды рөл атқаратынын айтты.

Орал қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының судьясы Мағауия Құрмашев семинарға қатысушылардың назарын Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 803-бабының талаптарына сәйкес материалдарды жинау және әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасау сапасына аударды және оларды дер кезінде сотқа жіберу қажеттілігі туралы  атап өтті.

Іс-шара соңында сот төрағасы семинарға қатысушыларға сотқа дейінгі іс жүргізуді сапалы жүргізу және құқық бұзушылықтың субъектілерін дұрыс анықтау бойынша ұсыныстар берді.

 

Руслан Демеуов

Орал қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының кеңсе меңгерушісі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив