Ақпараттық технологиялардың қоғам үшін маңыздылығы

Ақпараттық технологиялардың қоғам үшін маңыздылығы

Инновациялық технологиялардың кеңінен тарауы қағазбастылықпен байланысты қарбалас жұмысты азайтып, халықтың уақытын тиімді пайдалануға септігін тигізді. Ақпараттық технологияларды күнделікті өмірге енгізудің нәтижесінде  халықтың әрбір мемлекеттік қызметке қол жеткізу  күйі оңтайландырылып, автоматтандырылған күйге көшті.

         Сот саласына енгізілген барлық  ақпараттық технологиялар сот жариялылығын, халықтың сотқа деген қолжетімділігі мен сенімін арттыруға ықпал етіп отыр.

         Сот қауымдастығы инновациялық – ақпараттық технологиялармен 2014 жылдан бастап  жұмыс жасап жатыр.

         Әрбір ақпараттық сервистерді әзірлеу барысында ең алдымен  бұл технологиялардың халыққа қолайлылығы мен қолжетімділігі ескеріледі.

Заманауи технологияларды бүгінде сот ісін жүргізуді бірталай жеңілдетті, сондай-ақ ақпараттық жүйелер біріктіріліп, сот жұмысының сапасы, мобильділігі мен ашықтығы артты.

Сот жүйесін ақпараттандыру бөлігіндегі жаңашылдықтар құжаттарды қабылдаудан бастап, шешімдер мен атқарушылық парақтардан үзінді көшірмені берумен аяқтай отырып, сот төрелігін іске асырудың барлық кезеңдерін қамтиды. Бүгінде сотқа интернет арқылы талап-арыздар мен шағымдарды электрондық түрде беріліп жатыр.

Қазіргі уақытта сот жүйесінің жаңғыртылған интернет-ресурстары, сот процесінің қатысушыларын SMS-хабарлама және электрондық пошта арқылы хабарландыру жүйесі, «Сот құжаттарымен танысу», «Сот істерін қарау кестелері», «Сот кабинеті», «Сот шақыру қағазы» сервистері, 1401 бірыңғай нөмірі бар сот органдарының Call-орталығы белсенді қызмет етеді.

Сот төрелігінің ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз ететін «Сот құжаттарымен танысу» сервисі электрондық сот құжаттарын қарауға арналған. SMS-хабарлама жөнелту арқылы сот процесінің қатысушыларын хабарландыру жүйесі, тараптарды жедел хабардар етеді, әрі пошталық хабарламалар жіберуден бас тартуға мүмкіндік береді. Осылайша пошта шығыстарына бөлінетін бюджеттік шығыстар едәуір қысқартылды.

         Барлық сот отырысының залдарын аудио-бейнежазба жүйелерімен қамтылып, сот отырыстары  СД-дискке жазылады. Аталмыш жүйе жазылған ақпаратты бұрмалауға жол бермейді. Аудио-бейне жазбасы даулы мезеттер туындаған кезде, процестің нақты барысын қайта қалпына келтіруге, нақты деректерді белгілеуге және сот отырысының хаттамасын автоматты түрде құруға мүмкіндік береді.

«Сот кабинеті» ақпараттық жүйесі болса өз кезегінде электронды түрде сотқа жүгінуге мүмкіндік беретін электрондық ақпараттық сервис ретінде халық арасында кеңінен танылып үлгерді. Сот кабинеті еліміздің  кез-келген жерінен сотқа жеке қатысуынсыз құжаттарын тапсыруға қол жеткізетін сервис.

Қазіргі таңда кез-келген сотқа қатысушы тарап электрондық-ақпараттық жүйелердің тиімділігін атап өтіп,  қарқынды жұмыс жасауда.

 

Астана қаласы бойынша Соттар әкімшісінің басшысы

Ренат Тауымбеков

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив