Отбасы өмірдегі ең басты құндылық

Отбасы өмірдегі ең басты құндылық

Ақжайық ауданының құрамына енген бұрынғы Тайпақ ауданы аумағына таза қазақы ауылдар кіреді. Ұлттық салт-дәстүрдің шамшырағы саналатын ауылдағы ағайынның ынтымағы мен бірлігі жарасымды. Бұрынғы уақытта ауылда жаңадан отау құрғандардың бірінің «ажырасып кетіпті» дегенін естімеуші едік, қазір кейбір ауыл адамдарына некені бұзып, ажыраса салу таңсық болмай қалды.

Жыл сайын ажырасу көбеймесе, азаймай тұр. Соңғы бес жылдың статистикалық деректеріне көз жүгіртсек, 2016 жылы - 11, 2017 жылы -17, 2018 жылы - 19, 2019 жылы - 15, 2020  жылдың 6 айында - 5 отбасы иелерінің дәм-тұзы жараспай, заң жүзінде ажырасып тыңды. Бүгінде сот өндірісінде неке бұзу туралы 3 азаматтық іс бар.

Соттағы некені бұзу туралы қаралған істер бойынша талдау жасау барысында 26 жыл отасып, жұбайлық өмірдің ыстық-суығынан бірге өткен, небір қиын жылдары бір-біріне демеу болған жандардын, ұлдары шаңырақ көтеріп, немерелерінің қызықты қылықтарына тоймай отырар кездерінде ажырасып тынғанын немен түсіндіреріңді білмейсің. Әрине, отбасының ойраны шығуына жастардың бірін-бірі жете танып білмей, шаңырақ көтеруі, туысқандардың ретсіз ортаға түсуі, жұмыссыздық, отағасының ішімдікке салынуы, отбасындағы материалдық қиындықтар сөзсіз әсер етеді. Бұдан басқа, жалпы, ажырасудың негізі себептерінің бірі ерлі-зайыптылардың өз міндеттеріне селқос қарауынан туындайтынын байқаймыз. Өзара сыйластықтың жоқтығынан отбасында ұрыс-керіс,жанжал шығып, өршиді.

Судьялар отбасылық-некелік қарым-қатынастардан туындайтын істерді қарау кезінде дауды мәні бойынша шешумен шектеліп қана қоймай, отбасыны сақтау жөнінде шаралар қабылдайды.

Заң аясында неке бұзу туралы азаматтық істер бойынша тараптарға татуласуға уақыт беріліп, ҚР «Медиация туралы» Заңының әрекет ету тәртібімен  жанжалды шешу мүмкіндіктері туралы түсіндіріледі. Кейін ажырасуға бел буған ерлі-зайыптылардың арасында медиация тәртібімен татуласып, отбасыларын сақтап қалатындарыда аз емес.  Бес жылда 39   жұп медиация тәртібінде кәсіпқой емес медиатор Светлана Тлекееваның көмегімен татуласып, отбасылары сақталды.

Азаматтарға айтарымыз, отбасында ұрыс-керіс орын алса, ең бірінші, ашуды ақылға жеңдіріп, сабырға келіп, ажырасуға ұмтылмау керек. Себебі ойланбай, ашуға салынып, асығыс қабылданған шешімнен алдымен балалар жапа шегеді. Екіншіден, осы әдет балаларға да жұғысты болуы мүмкін. Сондықтан ересектер алдымен перзенттерінің тағдырын, болашағын ойлап, олардың тірі жетім атанбауы үшін де ортақ тіл табысуға, біреуі кішірейіп, шаңырақтың отын сөндірмеуге тырысуға міндетті. Тірліктегі материалдық жетіспеушіліктің орны уақыт өте келе толады. Отбасында ауызбіршілік болса, кез келген қиындықты жеңуге болатыны ақиқат. Өз ұясын қорғап, сақтай білген адам мемлекеттің берік болуына атсалысады. Жастардың ата-аналары, туған туыстары ақыл айтып, ашуға бой алдырмауға жөн сілтесе, мұндай келеңсіздік азаяр ма еді…

 

Алия Жаманова

Ақжайық ауданының №2 аудандық

соты кеңсесінің меңгерушісі                                                  

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

1 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив