Ажырасу  оңай ма?

Ажырасу оңай ма?

Ата заңымыз – Конституцияның  27-бабы бойынша,   неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттiң қорғауында болады. 

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына "Қазақстан-2050" Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттiң жаңа саяси бағыты» Жолдауында  «Балалар – қоғамымыздың ең әлсiз және қорғансыз бөлiгi және олар құқықсыз болуға тиiс емес.   Елбасы ретiнде мен әрбiр сәбидiң құқығы қорғалуын талап ететiн боламын.    Бiздiң топырағымызда туған кез келген сәби – қазақстандық. Және мемлекет оны қамқорлығына алуға тиiс.      Мен ажырасуға қарсымын, жастарды отбасы құндылығы, ажырасудың қасiрет екендiгi рухында тәрбиелеу керек, өйткенi, оның салдарынан, ең алдымен, балалар зардап шегедi. «Әкесi қой баға бiлмегеннiң баласы қозы баға бiлмейдi». Бала тәрбиесi – тек ананың емес, ата-ананың екеуiнiң де мiндетi..... Бала тәрбиелеу – болашаққа ең үлкен инвестиция. Бiз бұл мәселеге осылай қарап, балаларымызға жақсы бiлiм беруге ұмтылуымыз керек» деп көрсеткен.

Алайда, қазіргі кезде Қазақстанда әрбір  үшінші  неке ерлі-зайыпталардың  ажырасуымен аяқталады екен. 

Британдық «Economisrt» басылымының 2015 жылғы статистика  мәліметтеріне сүйенсек,  ажырасу  саны жағынан  көрші Қырғыз елі әлем бойынша  48-ші орында, 1 миллиардтан астам халқы бар Қытайда мың адамға шаққанда  ажырасу көрсеткіші 1,8 болса, ал  17  миллион ғана  халқы бар Қазақстан  бірінші  ондыққа кірген (1000 адамға шаққанда  ажырасу көрсеткіші – 2.8).

Сот тәжірбиесіне жүгінсек, ажырасудың  негізгі себептері -  ерлі-зайыптылардың  тұрмыста бірін-бірін түсінбеуі, олардың біреуінің  араққа салынуы немесе опасыздық жасауы, зорлық-зомбылық көрсетуі,   отбасындағы  материалдық  қиыншылықтар.    

 Әрине,   заң  тұрғысынан алғанда  неке қию (ерлі-зайыпты болу)   еркек пен әйелдің, ал осы некені (ерлі-зайыптылықты) тоқтату ерлі-зайыптылардың өз еріктері. Алайда,  қоғамдағы мінез-құлық ережелері бекітілген әдептілік  қағидалары,  дін  уағыздары, кез-келген  мемлекеттің  саясаты   ажырасуға қарсы. Тек,  белгілі-бір жағдайларда ғана  - некедегі ерлі-зайыптылардың біреуі зорлық-зомбылық көрсетсе немесе онымен бірге тұру  жұбайының, балаларының  және  өзге де  отбасы мүшелерінің,   өміріне, денсаулығына қауіп төндірсе,  қандайда бір психологиялық  қысым көрсетілсе  ажырасу  абзал ғана емес, міндетті. Ондай  некені дер кезінде бұзбаса, арты қандайда бір қайғылы оқиғаларға соқтыруы мүмкін.

Д. әйелдің  күйеуі  араққа салынып,  он жыл бойы жұмыс істемей,  оны  үнемі  ұрып соғатын болған.  Төзімі таусылған  әйел   сотқа ажырасу туралы талап арыз бергенімен,   ажыраса алмады.  Істі қарауға  жеткізбей   күйеуі  әйелін  өлтірді.

Кейбір әйелдер жұбайының жылдар бойы  зорлық зорбылығына шыдап келсе, ал кейбіреулер себепсізден-себепсіз болмашы нәрсеге ренжесіп  қалып, сотқа  жүгініп,  ажырасып жатады. 

Мысалы,  бір жылға жетпейтін уақыт ішінде  М. деген еркек  сотқа 6 рет  ажырасу туралы талап арыз беріп, оның  бесеуін қайтарып алған. Тек соңғы арызы бойынша  некені бұзу туралы шешім қабылданды.

Бір азаматтық іс бойынша  Е. деген  ақсақал 70  жастан асқан шағында жарты ғасыр бірге тұрған кемпірімен  сот арқылы ажырасып, ортақ мүліктерін бөлісті. Кейіннен бұрынғы әйелімен қайта қосылды. Бұл дегеніміз, болмашы нәрсеге ұрысып, сотқа  ажырасуға келетіндердің тек жастар ғана еместігін көрсетеді. Бұл, әрине қынжылтатын жағдай.

Ерлі-зайыптылардың біреуінің  опасыздық жасауы  некенің бұзылуына да себеп болып жатады. Жақында, Интернет басылымдарындағы бір мақаладан  Турцияда, Қытайдың кейбір аймақтарында  опасыздық жасаған үшін  қылмыстық  жауапкершілікке тартылатындығы туралы  жазылды.  

Қазақстанда да  ажырасуға қарсы бағылталған  іс-шараларды заң шеңберінде жүзеге асыру  керек.

Атап айтқанда, кәмелетке толмаған ортақ балалары жоқ және бір-біріне мүліктік және өзге де талаптары болмаған кезде ерлі-зайыптылардың өзара келісімі бойынша ғана емес, барлық ерлі-зайыптылардың заңда  көрсетілген жағдайларды қоспағанда (жұбайын хабар-ошарсыз кетті, әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеттілігі шектеулі деп тану, сондай-ақ қылмыс жасағаны үшiн кемiнде үш жыл мерзiмге бас бостандығынан айыруға сотталған кезде)  некені  (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы арызы ең алдымен азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі мемлекеттік мекемелерінде  қаралуы керек.   

Аталған мекемеде ажырасу туралы арыз ерлі-зайыптылардың екеуiнiң қатысуымен қаралып, олардың  өзара қатынастарын, некенi (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы мәселенiң себептерiн, ерлі-зайыптылардың арасындағы алауыздықтың нақты себептерiн жан-жақты анықтап,  мүмкіндігінше екі жақты  татуластыру қажет. Ал, татуласпаған жағдайда ғана ерлі-зайыптылар сотқа талап арыз  беру құқығын пайдалануы керек. 

Осындай тәртіппен ажырасудың санын азайтуға болар еді.  Себебі, ерлі-зайыптылардың  ажырасу  көп жағдайларда   бала тәрбиесіне  кері әсер етеді.  

Әрбір ата-ана   баласының жақсы тәрбиеленуіне, міндетті орта білім алуына,  дене бітімі, психикалық, адамгершілік жағынан және рухани дамуына қажеттi өмiр сүру жағдайларын қамтамасыз ету үшін жауаптылықта болады. Ал, ата-аналарының арасындағы некенің бұзылуы  ең алдымен   балаларына  моральды жағынан ауыр тиетіні сөзсіз.

Осыдан  бірнеше жылдар бұрын   некені бұзу туралы  шешім шығарылып бір іс қаралды. Сотқа ажырасу туралы арыз берген  А. деген азаматтың  кәмелет жасына  толмаған алты ұлы бар (үлкені – 17-жаста, кішісі  - бір жарым жаста).   Сотта әйелі   «Ажырасуға қарсы емеспін, келісемін. Бірақ,  мен  үшін  ең  қиыны -  есі кірген балаларының  әкелерінің  ажырасу туралы шешімі  өте ауыр қабылдағаны болып тұр» деген сөзі әлі есімде.

Елбасы  Н.Назарбаев халыққа жолдауында  «Бар жақсылық балаларға» ұраны барлық ата-ана үшiн қағидаға айналуы қажет»  деген.

Қорытындылай келгенде, ата-аналар баланы  бірге  тәрбиелеуі тиіс. Тәрбиесі мен білім алуына қатысты барлық мәселелерді баланың мүдделерін негізге алып және оның пікірі  ескере отырып, өзара келісіп шешулері керек. Әрбір ата-ана қандай жағдайда да болмасын, баласының мүддесін  өз мүддесінен жоғары қойып,  баласының  жақсы азамат болып өсуіне  барлық мүмкіншіліктеріне қарай жағдай жасау қажет.  Ерлі-зайыптылар ажырасып, олардың арасындағы қатынас үзілсе де, бала үшін олар әр уақытта  ата-ата болып қала берулері,  жазықсыз баланың бір-бірінен «өш алу» құралына айналдырып, оны бөлек тұратын анасымен (немесе әкесімен) араласуына кедергі болмаулары керек.

Қазақстандағы әрбір баланың отбасында тәрбиеленуі және өмiр сүруі, ата-ана қамқорлығына бөленуі  және олармен бiрге тұруы  заңды құқығының бұзылуына жол бермеу керек.   

 

Ж. Рамазанова

Астана қаласы Есіл  ауданыдық сотының судьясы

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив