Шыңғырлау аудандық сотында «Дауды (жанжалды) медиация тәртібімен шешу дау-дамайды реттеу келісімі» тақырыбына «дөңгелек үстел» өткізілді

Шыңғырлау аудандық сотында «Дауды (жанжалды) медиация тәртібімен шешу дау-дамайды реттеу келісімі» тақырыбына «дөңгелек үстел» өткізілді

 

Іс-шара онлайн режимінде прокурор, полиция бөлімінің бастығы, медиатор, адвокат, билер кеңесі, денсаулық сақтау органдарының өкілі және АХАТ органы өкілінің қатысуымен өтті.

Дөңгелек үстел барысында сот төрағасы Миржан Қадырбаев істі сот отырысына дайындау кезеңінен бастап, тараптардың татуласу құқығын түсіндіруге міндетті екенін атап өтті.

Сонымен қатар, аталған іс-шаралар дөңгелек үстелге қатысушыларға кодекс пен заңға сәйкес сотқа дейінгі және соттан тыс дауларды реттеу тәртібін түсіндіруді ұсынды.

Сондай-ақ, ҚР Президенті ағымдағы жылдың 10 маусымында "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды түбегейлі жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" ҚР Заңына қол қойылғанын айтты.

Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексіне соттар жұмысының қазіргі заманғы форматтарын енгізу, артық сот рәсімдері мен шығындарын қысқарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы әзірленді, онда бітімгерлік рәсімдерді одан әрі дамыту мақсатында: бітімгерлік рәсімі жүргізілген жағдайда талап-арызды қабылдау үшін 10 күндік мерзім белгіленген. Дау реттелген жағдайда судья талап-арызды өзінің іс жүргізуіне қабылдайды және тиісті келісімді бекітеді. Егер келісімге қол жеткізілмесе, сот тараптардың істі осы судьяның қарауына келісімін анықтауға, ал ондай болмаған жағдайда – талапты басқа судьяға қайта бөлу үшін беруге міндетті. Сотта медиация рәсімі барысында алынған дәлелдемелер тараптардың қарсылықтары болмаған кезде ғана істі мәні бойынша қарайтын судьяға ұсынылуы мүмкін. "Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес екі тараптың адвокаттарының, сондай-ақ заң консультанттары палатасының мүшелері болып табылатын адамдардың жәрдемдесуімен партисипативтік рәсімді жүргізуге жол беріледі.

Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша қатысушылар пікір алмасып, туындаған мәселелер бойынша "соттағы бітімгерлік рәсімдер", "отбасылық сот" пилоттық жобаларының, еңбек, сақтандыру, банк дауларын, сондай-ақ COVID-19 пандемиясының теріс салдарын азайту мақсатында жария-құқықтық қатынастардан туындайтын даулардың алдын алу жөніндегі жобалардың бағыттарын кеңейту бойынша түсініктемелер мен ұсыныстар берілді.

 

Төраға М.Қадырбаев

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив