Оңайлатылған іс жүргізу шегі арттырылды

Оңайлатылған іс жүргізу шегі арттырылды

Оңайлатылған іс жүргізу шегі арттырылды

 

Ағымдағы жылдың 10 маусымында Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіне соттар жұмысының заманауи форматтарын ендіру, артық сот рәсімдері мен шығындарын қысқарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына (одан әрі-Заң) қол қойды.

Аталған Заң Азаматтық процестік кодексіне судьяның процестік рөлін нақтылау, оған құқықтар мен заңды мүдделерді қорғау, процеске тиімді басшылық жасау үшін қосымша өкілеттіктер беру ерекшеліктерінен тұратын 3-пакет өзгертулерді қамтиды.

Оңайлатылған іс жүргізу істері бойынша да бірқатар өзгерістер мен толықтырулар енгізілген.

Мәселен, бұдан былай талап арызды оңайлатылған іс жүргізу тәртібімен қабылдау туралы, оңайлатылған іс жүргізуден жалпы талап қою ісін жүргізуге көшу туралы ұйғарымдар алып тасталды.

Оңайлатылған іс жүргізу істері бойынша шек жеке тұлғалар үшін 200-ден 1000 айлық есептік көрсеткішке дейін, заңды тұлғалар үшін 700-ден 2000 айлық есептік көрсеткішке дейін арттырылған.

Оңайлатылған іс жүргізу істері бойынша шешім тек кіріспе және қарар бөлігінен тұрады, уәждеу бөлігі алынып тасталды.

Сот тараптардың шешім заңды күшіне енгенге дейін мәлімдеген жазбаша өтінішхаты бойынша не өзінің бастамасы бойынша, сонымен қатар, шешімнің күшін жоюдан бас тарту туралы ұйғарыммен бірге, егер бұрын мұндай шешім берілмеген болса, кіріспе, уәждеу және қарар бөліктерден тұратын шешімді дайындайды.

Шешім шығарылғаннан кейін сотқа келіп түскен, дауды жалпы тәртіппен қарау туралы өтінішхат осы шешімнің күшін жою туралы арыз ретінде қабылданады және қаралады.

Заң 22 маусым күні заңды күшіне енеді.

Азаматтық процестік кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар іске қатысушы тараптардың, олардың өкілдерінің және жалпы қоғамның сенімін ақтайтынына, судьяның жұмысы істерді формальды түрде қараудан құқықтық жағдайды барынша толық шешуіне ауысуына акцент жасалатынына сенімдімін.

 

Бахтиёр ЖОРАБАЕВ,

БҚО мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив