Жұмыс тобының кезекті отырысы

Жұмыс тобының кезекті отырысы

Тасқала аудандық сотында зорлық-зомбылық алдын-алу  мәселелері бойынша жұмыс тобының кезекті отырысы өткізілген.

Отырысқа  жұмыс тобының мүшелері: аудан әкімінің орынбасары А.Баяндыков, полиция бөлімі бастығының орынбасары М.Панзабеков пен учаскелік инспекторы А.Шагиров және  мобильдік бейнеконференцбайланыс арқылы аудан прокуратураның прокуроры Г.Чалкарова, кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспекторы Э.Тапалов, аудандық аурухананың дәрігер-наркологы А.Баисов қатысты..

Сонымен бірге отырысқа Тасқала ауылының тұрғындары, отбасылық зорлық-зомбылыққа  бейімді және отбасылық зорлық-зомбылық жасағаны үшін жиі  тартылатын тұлғалардың кәрі ата-аналары Т.Валуйская, В.Абрамова, Е.Сагингалиев мен ерлі-зайыбы Ж.Сеитова шақырылды.

Жұмыс тобының төрағасы А.Дюсингалиев отырысты ашып, қатысушыларға келесі отырыстың мақсаты жәбірленушілерге көмек көрсету, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға және жолын кесу, тұрмыстық зорлық-зомбылық тұлғалардың  жаңа  құқық бұзушылықтарды жасауының алдын-алу мақсатында бірлескен шешім табу жөнінде түсіндірді. Төраға  қарантин уақытында, өзін-өзі оқшалау мезгілінде отбасылық тұрмыстық зорлық-зомбылықтың өсуі байқалғаны, осыған байланысты отбасында  жақын адамдардың зорлық-зомбылықты жасайтын ауылдың ең осал тұрғындары шақырылғаны айтты.

Өз кезегінде В.Абрамова мен Е.Сагиналиев ересек балалары жұмысқа орналасқысы келмейтіні, ішімдік ішетіні және үйде жанжал шығаратынын айтып, отырыстан кейін полиция бөліміне ұлдарын маскүнемдіктен мәжбүрлеп емдеуге мамандандырылған емдеу-профилактикалық мекемесіне жіберу туралы өтініш жазуға ниет білдірді.

Т.Вайлуйская өз ұлына қатысты маскүнемдіктен мәжбүрлеп емдеу мәселесін ашық қалдырып, қазіргі кезде ол туберкулезден  ем қабылдап жатқандығы туралы айтты..

Ж.Сеитова қазіргі уақытта жолдасы өзін –өзі жұмыспен қамтып, ауылдық округтердің бірінде жұмыс істейтіні,  оны жұмысқа орналастыруға ықпал етуін сұраған.

Аудан әкімінің орынбасары өз сөзінде әкімдіктің жанында «Тасқала әйелдері»  ҚҰ, сонымен бірге кәмелетке толмағандардың істер бойынша комиссиясы бар екенін, осы ұйымдарға отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендер көмек алу үшін жүгінуге болатынын түсіндірді. Сонымен қатар, жұмыссыздарды жұмыспен қамту орталығына қою және жұмысқа орналастыру жөнінде мәселесін қарауға уәде берді.

Полиция бөлімі бастығының орынбасары М.Панзабеков отбасылық—тұрмыстық зорлық-зомбылық жиі жасайтын адамдарға қатысты қорғау нұсқамасын шығару және ерекше талапты белгілеу тәртібі туралы түсіндірді.Учаскелік инспекторлар осындай адамдармен құқыққа қарсы әрекеттерді тоқтату қажеттілігі туралы  тұрақты негізінде профилактикалық әңгімелер жүргізілетінін атап өтті.

Аудан ауруханасының наркологы –дәрігер А.Баисов алкоголизммен ауыратын адамдарды МЕПМ-ге емделуге ерікті және мәжбүрлеу тәртібімен жіберу ерекшеліктері туралы хабардар етті.

Шара барысында  қатысушылар тұрмыстық зорлық-зомбылыққа мүлдем төзбеушілік, құқыққа қарсы әрекеттердің алдын-алу полиция бөліміне және жұмыс тобының мүшелеріне жүгіну арқылы дереу әрекет ету және тұрымстық зорлық-зомбылықтың алдын-алу бойынша одан әрі бірлескен жұмыс туралы пікір алмасты.

 

Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы, Тасқала ауылы Тасқала аудандық соты

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив