«Атқарушылық жазбаны қолдану мәселелері» туралы

«Атқарушылық жазбаны қолдану мәселелері» туралы

Ақжайық ауданының №2 аудандық сотының ғимаратында онлайн режимінде WhatsApp мессенджері арқылы  Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының 2020 жылғы 6 мамырдағы №9 қаулысымен бекітілген төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты сот тәжірибесінің жекелеген мәселелері бойынша №1 түсіндірмесінің мәнін насихаттауға орай және атқарушылық жазба туралы дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелге: Ақжайық ауданының №2 аудандық сотының судьясы В.Ш.Адушева, Ақжайық аудандық прокуратураның прокуроры М.Р.Өтемісов, Тайпақ ауылдық округі әкімшілігінің бас маманы Б.Дуйсенбаева, кәсіпқой емес медиатор Ғ.Адилова, жеке нотариус  Ж.Б.Умралиева  қатысты.

Сот төрағасы Т.С.Гумарова COVID-19 пандемиясының азаматтардың мүдделеріне теріс әсерін мүмкіндігінше төмендету үшін қолданылып отырған шаралар туралы, төтенше жағдай салдарынан туындаған дауларды сотқа дейін және сотта шешу тәртібі туралы баяндады.

Сонымен қатар, сот төрағасы атқарушылық жазба дауды соттан тыс реттеудің әдісі болып табылатынын, Қазақстан Республикасының «Нотариат туралы» Заңына 2015-2019 жылдар аралығында енгізілген өзгерістерге байланысты атқарушылық жазба арқылы шешілуге жататын даулардың санаттары көбейгенін, яғни атқарушылық жазба қолдану аясы кеңейгенін, дауды соттан тыс реттеудің тәртібін сақтамау талап қоюшының арызын қайтаруға негіз болатынын түсіндіріді.

Атқарушылық жазбаны қолдану туралы заң нормаларының жүзеге асырылуы бойынша Тайпақ ауылдық округі әкімшілігінің бас маманы Б.Дуйсенбаева және нотариус Ж.Б.Умралиева   жергілікті атқару органдары мен коммуналдық қызмет көрсететін мекемелердің атқарушылық жазба жасау үшін жүгіну мәселелеріне тоқталып өтті.

Іс шара соңында қатысушылар іс қарау барысында және тәжірибеде туындауы мүмкін сұрақтар бойынша ойларын ортаға салып, өзара пікір алмасты.

 

 А.А.Масенова. 

Ақжайық ауданының №2 аудандық

сотының бас маманы                                    

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

1 пікір

  1. аватар
    Janine 21 ноября 2023 21:00

    Its such as you learn my mind! You appear vermox where to order visa know
    a lot approximately this, such as you wrote the e-book in it or something.
    I feel that you can do with a few p.c. to drive
    the message home a little bit, however instead
    of that, that is wonderful blog. A fantastic read.
    I will certainly be back.

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив