Облыстық сотта «Сот жүйесі мен заңнаманы реформалау негіздерін түсіндіру» тақырыбында «Дөңгелек үстел»  өткізілді

Облыстық сотта «Сот жүйесі мен заңнаманы реформалау негіздерін түсіндіру» тақырыбында «Дөңгелек үстел» өткізілді

 

Батыс Қазақстан облыстық сотында Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауының сот жүйесіне қатысты бағытын ақпараттық-түсіндіру жұмыстары бойынша іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында «Сот жүйесі мен заңнаманы реформалау негіздерін түсіндіру» тақырыбында «Дөңгелек үстел» өтті.

 

Дөңгелек үстелге Батыс Қазақстан облыстық сотының БАҚ-пен өзара іс қимылын үйлестіруші –судьясы Ғизатолла Қырықбаев, қалалық сотттардың төрағалары, БАҚ-пен өзара іс қимылын үйлестіруші-судьялары мен қызметкерлері, облыстық және қалалық баспа басылымдарының тілшілері қатысты.

 

Батыс Қазақстан облыстық сотының судьясы Ғ.Қырықбаев іс-шараны ашып,  сот жүйесіндегі заңнаманы реформалау негіздерін, Мемлекет басшысының «Сындарлы қоғамдық диалог ‑ Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауының сот жүйесіне қатысты тапсырмалары мен міндеттерін таныстырды.

 

Президенттің Қазақстан халқына жолдауында, әкімшілік юстицияны енгізу: азаматтарымыз жария-құқықтық дауларда билік органдарының шешімдері мен әрекеттеріне қатысты шағым түсіру кезінде көп жағдайда теңсіздікке тап болып жатады. Әкімшілік іс жүргізу кодексін АППК жобасын белсенді талқылау, яғни әкімшілік юстиция  және әкімшілік сот өндірісін құру сот жүйесін қайта жаңғыртқанда сот әділдігінің өзіндік институтын құруда жергілікті атқару органдары және  мемлекеттік билік өкілдерінің заңды тұлғалар мен азаматтардың құқығын қорғауда жаңа деңгейге жеткізу,  Қазақстан сот әділдігінің кезекті қадамы болып табылатыны жөнінде, сонымен қатар, қылмыстық іске қатысты жазалау шаралары, сыбайлас жемқорлықпен жан-жақты күресу, тіл мәселесі, сот шешімдерінің сапасын арттыру мәселесі қызу талқыға түсті.

 

Сондай-ақ, талқылау барысында қатысушылар Елбасы Жолдауының еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі маңызы атап өтті.  Олар басты бағдарламалық құжатта таяу жылдарға арналған дамудың маңызды басымдылықтары белгіленгенін, алда үлкен жұмыс күтіп тұрғанын айта келе, Елбасы қойған барлық міндеттер сапалы және тиімді орындалатынына сенім білдірді.

 

Дөңгелек үстелдің қорытындысында қатысушылар  сот төрелігінің сапасын көтеру үшін жұмыла жұмыс жасайтындықтарын білдірді.

 

Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив