Мемлекеттік қызметшінің оң имиджін қалыптастыру –  басты міндеттердің бірі

Мемлекеттік қызметшінің оң имиджін қалыптастыру – басты міндеттердің бірі

Қазіргі әлемде мемлекеттік сектор қоғам өмірінің, назарының ортасынан ойып тұрып орын алады. Мемлекет образының қалыптастыру миссиясы оның өкілдері – мемлекеттік қызметшілерге жүктелген. Қазіргі заман кезеңінде оларға қойылатын талаптар күннен күнге күшеюде. Мемлекеттік қызметшіге тек қана кәсіби маман болу жеткіліксіз. Оған қоса ол басым көпшілік әлеуметтік топтардың алдында жағымды тұлға болуы тиіс.

Имидж мемлекеттік қызмет үшін маңызды функционалдық және мәртебелік мәнге ие. Ол тұрғындардың сенім деңгейінің көрсеткіші және басқару қызметі мен мемлекетпен жүргізіліп жатырған реформалар тиімділігінің бағалау критерийі болып табылады.

Қазіргі уақытта мемлекеттік қызметшілердің имиджін көтеру мәселелеріне мемлекет тарапынан үлкен көңіл бөледі. Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшісінің оң имиджін қалыптастыру және нығайту мемлекеттік жүйе дамуының басым бағыттарының бірі болып табылады.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев мемлекетті тиімді басқару үшін мемлекеттік қызметшінің бойынан келесі негізгі қасиеттер табылуы шарт деп атап өткен болатын. Олар – жоғары моральдық жауапкершілік, кәсіби білім, оны тәжірибеде қолдана білу, адалдық, белсенді өмірлік ұстаным. Мемлекеттік қызметтегі әрбір адам өзінің жұмысының маңыздылығын сезініп, өз елінің патриоты болуы керек.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшісінің оң имиджін қалыптастыру және нығайту мемлекеттік жүйенің дамуындағы басым бағыттардың бірі болып табылады. Мемлекеттік қызметшісінің оң имиджіне қойылатын негізгі талаптар мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінде белгіленген. Онда мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылатыны және мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдептілік бейнесіне жоғары талаптар қоятыны атап өтілген.

Мемлекеттік қызметші болу – үлкен абырой. Сондықтан, оның бойында кәсібилікпен қатар өте жоғары моральдық қасиеттері болуы шарт. Әсіресе қазіргі уақытта – жаңа технологиялар және БАҚ бостандығы заманында. Мемлекеттік қызметке үміткер адамдардар халық алдындағы жауапкершілік деңгейін дұрыс ұғыну үшін мемлекеттік қызметтің абыройын нығайту қажет.

Әдеп кодексінде қойылған талаптарды мемлекеттік қызметшімен орындау – оның қызметтік борышы болып табылады, ал ол талаптарды бұзу – тиісті актілерде көзделген жауапкершілікке әкеп соғады. Мемлекеттік қызметшілердің өзін әдеп нормаларына сай дұрыс ұстап-жүруі және өз міндеттерін адал атқаруы қоғамның жалпы ахуалының, жемқорлық деңгейінің және т.б. жағдаяттардың индикаторы іспетті.

Қоғам мемлекеттік қызметші өзінің барлық күш-жігерін, білімін және тәжірибесін өзінің атқарып отырған кәсіби қызметі жолында сарп етуін, өзінің Отаны - Қазақстан Республикасына адал және шынайы қызмет етуін күтеді. Бұл, әрине, заңды және орынды талап. Мемлекеттік қызметшілерге қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдірілгендіктен бұл сенімді ақтау – парыз. 

Бүгінде мемлекеттік қызметке келіп жатқандардың көбі – жастар. Сондықтан жас буын арасында да мемлекеттік қызметшінің оң бейнесін қалыптастыруды кеңінен насихаттау – біздің міндетіміз. Оған қоса қазір – ақпараттық технологияның дамыған заманы. Барлық адамдар ғаламтор желісін, әлеуметтік желілерді үздіксіз пайдаланады деуге толық негіз бар.

Әйткенмен, соның ішінде мемлекеттік қызметшілерге осындай сан алуан желіні қолдану тұрғысында қатаң тәртіп қойылған. Оның өзі – қызметшінің оң имиджіне нұқсан келмес үшін қадағалануы тиіс.

Қорыта келе, мемлекеттік қызметшінің бет-бейнесі – мемлекеттік биліктің айнадағы көрінісі іспетті және осыған байланысты мемлекеттік қызметшінің мемлекет пен қоғам алдындағы жауапкершілігін сезінуі - негізгі қойылатын талаптардың бірі болып табылатын айтуымыз керек.

Мемлекеттік қызметшілер бұл жауапкершілікті сезініп қана қоймай, сонымен қатар ол жауапкершіліктің жүгін әрдайым көтеріп, қойылған міндеттерді абыроймен атқаруды басты мақсат тұтуы тиіс. Сонда ғана мемлекеттік қызметшінің, жалпы мемлекеттік қызметтің бет-бейнесі тиісті дәрежеге жетіп, абыройы асқақтай бермек.

 

 

         Шынар Сүйінғалиқызы Тұңғатарова

         Батыс Қазақстан облысы бойынша

         Соттар әкімшісі басшысының орынбасары

 

 

                                                               

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив