Азаматтарымыздың сотқа жүгінген уақытындағы құқықтарының қорғалғандығының бір белгісі

Азаматтарымыздың сотқа жүгінген уақытындағы құқықтарының қорғалғандығының бір белгісі

 Еліміздің Конституциясы, мемлекеттің атазаңы, ең жоғарғы заңды күшке ие нормативті-құқықтық акт ретінде, әрбір азаматқа өзінің құқықтары мен заңды мүдделерін сотта қорғауға мүмкіндік береді.

Бұл құқықты іске асыру үшін Қазақстан Республикасы бойынша күніне мыңдаған азаматтар әр-түрлі арыз-шағымдармен соттарға жүгінуде. Азаматтық іс жүргізуде екі тарап дауды сот отырысы барысында өздерінің дәлелдемелерін сотқа ұсына отырып шешетін болса, қылмыстық істі сотта қарау барысы бірқатар өзгешеліктерге ие. Бірақ екі түрлі сот отырысында да міндетті түрде сот отырысының хаттамасы (ары қарай – Хаттама) жүргізіледі.

 Хаттама өткізілген сот отырысының түрі, оның өткізілген орны, күні мен уақыты, соттың атауы мен құрамы, сот отырысына қатысушы басқа адамдар туралы қажетті деректерді көрсетеді. Сонымен қатар Хаттамада сот отырысы барысында жасалған өтініштер, қарсылықтар мен олар жөнінде қабылданған шешімдер, тараптар келтірген дәлелдер, зерттелген құжаттар жазылуы тиіс. Егер сотқа сыйламаушылық білдіру фактілері мен сот отырысындағы өзге де тәртіп бұзушылықтар орын алып жатса, ол міндетті түрде хаттамаға еңгізіледі. Қылмыстық іс жүргізу заңына сәйкес жүргізілген іс жүргізу іс-әрекеттері туралы мәліметтер толық және нақты көрсетілуі тиіс.

Қылмыстық іс бойынша сот отырысының хаттамасы  - бұл дегеніміз сот қаулысына негіз болатын сотпен процеске қатысқан адамдардың құқықтарының, жарыспалылық, тараптардың тең құқықтығы және басқа да қылмыстық сот өндірісінің қағидаттарының сақталуы, өткізілген сот талқылауының объективті, толық және жан-жақты болуы жөнінде мәселелерді шешу кезінде апелляциялық, кассациялық сатыларында қолданылатын, маңызды іс жүргізу құжаты.

         Сот отырысының хаттамасында әрбір деректің дұрыс жазылуы, әрбір процессуалдық іс әрекеттің дұрыс аталынуы өте маңызды. Сондықтан хаттаманың жазылу барысында «Қылмыстық-процестік заңның сот отырысының хаттамасы жөніндегі нормаларын қолдану туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2005 жылғы 23 желтоқсандағы N 11 нормативтік қаулысының талаптары назарға алынады.

Бұл құжатта сот отырысының хаттамасының дұрыс жазылуы үшін, барлық талаптар, майда түйіндеріне дейін, анық көрсетілген. Мысалы үшін, аталған ҚР Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысында:  «Хаттамада соттың толық атауы, оның орналасқан ауданы және облысы, соттың құрамы, отырыстың қатысушылары (айыптаушы, қорғаушы, сотталушы, жәбірленуші, азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер, олардың өкілдері, сот отырысының хатшысы, сот приставы, аудармашы, сарапшы, маман) туралы деректер тегі ғана емес, есімінің, әкесінің атының (егер ол бар болса) бас әріптері, белгілі бір органның өкілі ретінде отырысқа қатысушы адамның лауазымы көрсетіледі», деп айқындалған.

 Істі талқылауды аудио-, бейнежазба құралдарын пайдалану арқылы түсіріп алған жағдайда, сот отырысының хатшысы жазбаша нысанда қысқаша хаттама жасайды. Онда сот отырысының жылы, айы, күні, орны, басталу және аяқталу уақыты, қатысушылардың аты-жөні секілді мәліметтерден басқа соттың аудио-, бейнежазба құралдарын қолдануы туралы мәліметтер мен аудио-, бейнежазбаны қамтитын файлдың атауы көрсетіледі.

      Сот отырысының хаттамасына төрағалық етуші және хатшы қол қояды.

      Істің талқылануы аяқталған соң сотқа қатысқан тараптар Хаттамамен танысуға құқылы және оған ескертпелер бере алады. Хаттамаға берілген ескертпелерді қарау бөлек сот отырысында өткізіледі, және ол сот отырсында да Хаттама жүргізілуі тиіс.

Қазақстан Республикасындағы барлық сот отырыстарының міндетті түрде толық немесе қысқаша Хаттама жүргізілуімен өткізілуі, Хаттамаға деген қатаң талаптар және олардың орындалуы – азаматтарымыздың сотқа жүгінген уақытындағы құқықтарының қорғалғандығының бір белгісі болып табылады деп есептеймін.

 Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотының бас-маман-сот отырысының хатшысы Г.Т.Есбергенова

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив