Сотта атқарушылық жазбаны қолдану сұрақтары талқыланды

Сотта атқарушылық жазбаны қолдану сұрақтары талқыланды

Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының №2 сотының төрағасы ақшалай қарыз беруші ЖШС және нотариалды палата өкілдерімен атқарушылық жазбаны қолдану туралы бірқатар заң нормаларын қолдану мәселелері бойынша кездесу өткізді.

Азамат Борамбаевтың сөзінше, заңмен 2019 жылдың 21 қаңтарында оңтайландыру жұмыстары жүргізіліп, соманы өндіру бойынша істер нотариустардың құзырына берілгенімен, карантин кезінде бұл санаттағы істер бойынша ЖШС-нен істер көптеп түсуде.

Дөңгелек үстел барысында ЖШС мен нотариустар арасындаға жұмысын үйлестіру бойынша сұрақтар талқыланды.

Нотариалдық палата өкілдері атап өткендей, бұл сұрақтарды нотариустың атқарушылық жазбасы арқылы шешкен тиімді. Ол қаржыны үнемдейді және сотта істі қарағаннан көрі қысқа мерзімде нотариалдық әрекеттер арқылы, яғни азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған іс-әрекеттер тәртібін жеңілдетеді.

ЖШС өкілдері өз тарапынан борышкерлердің атқарушы жазбаны күшін жоюға әкеп соқтыратын қарызға қатысты дау туындаған жағдайда олар екі еселенген шығындарды көтеренін мәлімдеді.

Іс шара соңында қатысушылар атқарушылық жазба бойынша заң нормаларын қолдануда туындайтын мәселелерді әлі де  пысықтау туралы ортақ тоқтамға келді.

 

Олеся Ташимова

Орал қаласының №2 соты

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив