Орал қаласының № 2 соты тұрғын үй комиссиясының пәтерді жекешелендіруге беруден бас тарту шешімін заңсыз деп таныды

Орал қаласының № 2 соты тұрғын үй комиссиясының пәтерді жекешелендіруге беруден бас тарту шешімін заңсыз деп таныды

 

Бюджеттік мекеменің ұзақ жылғы қызметкері ретінде қала тұрғының пәтерді жекешелендіру туралы қала әкіміне берілген өтініші бойынша, тұрғын үй комиссиясымен қанағаттандырусыз қалдырылды. Сот бұл тұжырымдарды негізсіз деп шешті. Даулы үйге Орал қаласында қызметтік үйге теңестірілген тұрғын үй мәртебесі берілген және оған қала әкімдігінің 2010 жылғы 06 мамырдағы қаулысы дәлел. Сондықтан талапкерге пәтерді жекешелендіруге беруден бас тарту туралы тұрғын үй комиссиясының шешімі заңсыз.

Сонымен қатар, ҚР «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 13-бабының 5 тармағына сәйкес, мемлекеттік қызметкерлер мен бюджеттік ұйымдардың, мемлекеттік кәсіпорындардың қызметкерлеріне, егер олар мемлекеттік қызметте, мемлекеттік кәсіпорында немесе бюджеттік ұйымда кемінде  он жыл жұмыс істеген болса, қалдық құны бойынша тұрғын үйді жекешелендіруге құқылы.

Жұмыс орнынан берілген анықтамаға сәйкес, талапкер бюджеттік мекемеде 17 жылдан астам уақыт қызмет еткендіктен, сот комиссияның шешімін заңсыз деп танып, жауапкерді талапкердің бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіруге міндеттеді.

Сот шешімі заңды күшіне енді.

Олеся Ташимова

Орал қаласының №2 сотының БАҚ-пен жұмысқа жауапты маманы

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив