Жаңа технология жұмыс тиімділігін арттырады.

Жаңа технология жұмыс тиімділігін арттырады.

       Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 12 желтоқсандағы №827 қаулысымен бекітілген «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының мақсаты ел экономикасының даму қарқынын жеделдету және цифрлық технологияларды пайдалану есебінен халықтың өмір сүру сапасын жақсарту болып табылады. Ақпараттық технологияларды сот жүйесіне белсенді енгізу бағдарламасы қабылданардан бұрын іске асырыла бастаған болатын.

       2014 жылы «Сот кабинеті» сервисі іске қосылып, нәтижесінде азаматтар үйінде не кеңседе отырып-ақ талап арыздардан бөлек, түрлі өтініштерін сотқа жолдауға мүмкіншілік алды. Сонымен қатар 2017 жылдан бастап азаматтық істердің кейбір санаттары электронды форматта қарала бастады.        

     2018 жылдан бастап қылмыстық істерді электронды форматта қарау енгізілді. Мысалы: бүгінгі күні сотқа түсетін барлық талап қою арыздары тек электронды форматта беріледі. Оңайлатылған тәртіпте қаралатын істер бойынша іс жүргізу  тек қана электронды форматта жүзеге асырылған.     2019 жылы Ақжайық ауданының №2 аудандық сотында  аяқталған 30 қылмыстық істің 20-сы электронды форматта қаралған. 2016 жылдан бастап барлық сот процестері дыбыс-бейнежазба қолдану арқылы жүргізілуде. Бүгінгі күні сот залдары толықтай жазба құрылғыларымен жабдықталған. Бұл құрылғы процесте туындайтын даулы мәселелерді шешуге, істің мән-жайын дұрыс анықтауға, тараптарды тәртіпті сақтауға шақыруға көп көмегін тигізуде. Ақпараттық технологияларды енгізу судьялардың және сот мамандарының жұмысын көп жеңілдетті, енді хатшылар бұрынғыдай орасан зор көлемде сот отырысының жазбаша хаттамаларын әзірлеуден босатылды. Сот жұмысында адами фактор барынша азайтылып, сот жүйесінің азаматтар үшін ашықтығы қамтамасыз етілді. Кез келген іске қатысушылар сот отырысының хаттамасымен оның цифрлық көшірмелерін ала отырып танысады. Азаматтар сот шешімдерін де сот кабинетінен қарап, көшірмесіне қол жеткізіп отыр. Сонымен қатар қазір «Смарт сот» жүйесі белсенді қолданылуда. Азаматтар сотқа келуге мүмкіндігі болмаған жағдайда, «True Conf» бағдарламасын қондыра отырып, өз смартфонымен виртуалды түрде сот отырысына қатыса алады. 16 наурыз 2020 жылы елімізде коронавирус індетінің кең тарауына байланысты төтенше жағдай енгізілген уақыттан бастап Ақжайық ауданының №2 аудандық сотында карантиндік талаптарды қатаң сақтап, ақпараттық технологиялардың көмегімен «True Conf» бағдарламасы арқылы                         1 азаматтық,1 қылмыстық, 40 әкімшілік істер қаралған. Азаматтарды сотқа шақыру да автоматтандырылып, СМС хабарламалар, гибридті электрондық пошта сервистері кеңінен қолданылуда. Сот жүйесінде заманауи технологияларды, оның ішінде жоғарыда айтылған функцияларды пайдалану сот ісін жүргізуді жеңілдетеді, төрешілдік кедергілерді қысқартады, сот органы қызметкерлерінің азаматтармен байланысын азайтады. Сондықтан, сот жүйесін цифрландыруды одан әрі жалғастыру аса маңызды, ол сот төрелігін жүзеге асыруды жеңілдете түседі. Нақтырақ айтқанда бұл сыбайлас жемқорлықтың қысқаруына септігін тигізеді, халықтың уақыты мен қаражатын үнемдейді, еліміздің халқы үшін сот жүйесінің ашықтығы мен қолжетімділігіне жетуге мүмкіндік береді.

 

А.К.Туралиева 

Ақжайық ауданының

№2 аудандық соты кеңсесінің бас маманы                          

 

 

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив