Татуласудың тиімді тетіктері

Татуласудың тиімді тетіктері

Елде төтенше жағдай енгізілу салдарынан соттардың  жұмысы онлайн форматқа көшкені жайлы бұдан бұрын да хабардар еткен болатынбыз.

Карантинге қарамастан істер қашықтықтан қаралып жатыр. Электронды түрде түсіп жатқан арыз-шағымдар саны да көбеймесе, азайған жоқ.

Әрине, бұл отандық сот жүйесіндегі инновациялық технологиялардың дамуы мен  қарқынды қолдануының бірден-бір көрсеткіші болып табылады. Дей тұрғанымен, осы даулардың басым көпшілігі екі ауыз ақылға қонымды сөзбен  бітімге келетін мәселелерден тұрады.

Ал, сотқа жүгіну тиімсіз, ұзақ, әрі айтарлықтай шығынмен ұштасатынын көпшілік қауым біле бермейді.

Болмашы дауға бола қақтығыс алаңынан шыққан тараптардың ара-қатынасына сызат түсері айдан анық.

Олай болса,  шырмалған түйінді шешудің жолдарын шолып өтсек.

Заң шеңберінде дауларды шешудің баламалы тәсілдері ретінде медиативтік, партисипативтік және татуласу келісімдері қарастырылады.  Татуластыру рәсімдерінің барлығы азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған.

Дау-дамайды медиация тәртібімен реттеу  екі тараптың ерікті түрде медиатордың көмегіне жүгінуімен жүргізіліп, екі жақтың мүддесіне негізделген ортақ шешім қабылдануымен бекітіледі.  Медиация тәртібімен іс қаралу барысында  тараптар талап қоюдың нысаны мен негізін өзгертуге құқылы.

Партисипативтік рәсім екі тараптың адвокаттарының қатысуларымен тараптар арасындағы келіссөздер арқылы жүргізіледі.

Дауласушы  тұлғалардың  шарттары өзара келісілген  азаматтық-құқықтық келісім-шарт жасасуы арқылы татуласу келісіміне келуге болады. Татуласу келісімге қол қойған тараптар талап қоюдың  нысаны мен негізін  өзгерте алмайды.

Сондай-ақ, республика соттарының сайттарында «Е-татуластыру» атты онлайн татуластыру қызметі де қолжетімді. Бұл дәл қазіргі уақытта таптырмас құрал.  

Бір қуантары, кешірімділік пен кеңдік танытып, ортақ бітімге келіп жатқан адамдар да жоқ емес.

Мысалы, елорданың бірінші сатылы соттарында төтенше жағдай енгізілген кезеңде, яғни наурыз-сәуір айларында азаматтық дауларға қатысты 47 іс бойынша тараптар татуласу келісіміне келген (жыл басынан 147 іс).

239 іс бойынша дауласқан тараптар ортақ бітімге медиация тәртібі арқылы келген (жыл басынан 710 іс).

Бұдан бөлек, «Татуластыру орталығының» жұмысы да онлайн форматқа көшкенін тағы да еске салсақ.  Орталықтың жұмысы дауларды сотқа дейін реттеуге бағытталған.

Төтенше жағдай кезінде Орталықтың медиаторлары, психолог пен адвокаттары халыққа қашықтықтан тегін құқықтық көмек көрсетеді.

Аталмыш тетіктер дауды ың-шыңсыз тез бітіруге, моральдық және материалдық ауыртпалықты, қоғам ішіндегі құқық бұзушылықтар мен жанжалды жағдайларды азайтуға мүмкіндік береді.

Демек, дүрдараздық пен қырғи-қабақтықты жойып,  шырайлы жүз танытып,  татуласуға жол ашайық.

 

Баянова Ботагөз

Нұр-Сұлтан қаласы сотының баспасөз хатшысы

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив