Талапты күшейту тәртіпті қалыптастырады.

Талапты күшейту тәртіпті қалыптастырады.

 

 

Заң талабы – ол мемлекет орнатқан және мемлекетпен қорғалатын, жалпыға бірдей қоғамдық қатынастарды реттейтін тәртіп, құқық. Тәуелсіздігімізді алып, егеменді ел болған жылдар ішінде жас мемлекетіміздің буыны бекіп, қалыптасуының күрделі кезеңін басынан өткерді. Осы уақыт аралағында азаматтардың жеке бас, әлеуметтік- экономикалық, саяси және мәдени құқықтары мен бостандықтарын бекітуде, қалыпты әлеуметтік-экономикалық дамуды қамтамасыз ету мен заңдылық қағидасының орнығуына қатысты көп мәселе шешімін тапты.

Елдегі заңдылықтың қалыптасуына байланысты аз еңбек жасалмағынмен, оны болашақта жетілдіре түсу қоғамдық және мемлекеттік ұйымдардың қызметі уақыт талабына жауап беріп, елді өткізіліп жатқан құқықтық реформалар үрдісінің бүгінгі қадамдары және тенденцияларымен санасуымен тығыз байланысты.

Қандай елде болмасын құқықтық мемлекетті қалыптастырудың бұлжымас шарты және құралы заңдылық пен пен құқықтық тәртіпті нығайту болып табылатындықтан, әуелі оның теория мен тәжірибе үшін маңызды мағынаға ие мәселесін қолға алу керек. Мұндай мәселені туғызатын жағдайлар ішінде заңдылықтың қағидалары мен талаптарының шегін анықтау елеулі роль атқарады.

Бүгінгі күні еліміздің Парламент қабырғасында Қазақстан мүддесіне сай келетін, елді қорғайтын, өмірдің сан-саласының орнықты әрі тиімді дамуын қамтамасыз етуге бағытталған  заңдар қабылданып жатыр. Құқықтық мемлекет қалыптастыруда ол заңдардың барлығының маңызы зор. Заң талабы жылдан жылға жетілдіріліп, дамытылып жатыр. Бүгінгі күні талап күшейіп, қоғамда өз қызметін мүлтіксіз атқаруда.

Алайда, заңдылықты қамтамасыз ету бейберекет қалыптаспайды. Ол қоғамдық қатынас субъектілерінің жүріс-тұрысына мақсатты түрде бағытталған ықпал етуді талап етеді, яғни, басқарушылық үрдіс болып табылады. Бұл үрдістің сәтті жүргізілуі үшін жеке адам мен қоғамға әсер ететін әлеуметтік, экономикалық, саяси, мәдени, психологиялық, құқықтық факторларын ескеру қажет. Өйткені осы факторлардың тікелей немесе жанама әсерінен құқықтық сана қалыптасып, оған сәйкес жүріс-тұрыс сипаттары  пайда болады. Осылайша, заңдылықтың нығаюы мәселесі комплекстік сипатқа  ие және әлеуметтік өмірдің көптеген құбылыстары мен үрдістерімен тығыз байланысты.

Елдегі конституциялық заңдылықтың жай-күйін бағалай отырып, Конституциялық Кеңес Республиканың құқықтық жүйесі тұтас алғанда Конституция негізінде және халықаралық құқықтық жалпыға бірдей танылған принциптері мен нормаларына сәйкес сәттілікпен дамып, жетіліп келе жатқанын атап көрсетеді.

Заңдылықты, қоғамдық тәртіпті және тәртіпті көтеру Қазақстан Республикасында демократиялық, құқықтық, тәуелсіз мемлекет құрудың негізгі шарты. 

 

Ақмола гарнизоны

әскери сотының бас маман-

сот отырысының хатшысы

Ж. Шайхыстан

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив