СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ МЕМСАРАПТАМА САЛАСЫНДАҒЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ БОЙЫНША ЖИНАЛЫС ӨТКІЗДІ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ МЕМСАРАПТАМА САЛАСЫНДАҒЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ БОЙЫНША ЖИНАЛЫС ӨТКІЗДІ

Ағымдағы жылдың 24 сәуірінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (әрі қарай – Агенттік) «Мемсараптама» РМК-нің Батыс өңірі бойынша филиалының лауазымды тұлғаларына қатысты қылмыстық іс аясында қылмыстық құқық бұзушылық жасауға ықпал еткен мән-жайларды жою жөнінде жолданған ұсынымда көрсетілген мәсәлелер бойынша «Мемсараптама» РМК басшылары мен оның өңірлік филиалдарының қатысуымен онлайн режимде жиналыс өткізді.

Агенттіктің 1-ші департаменті басшысының орынбасары Бауыржан Балғабеков өз сөзінде «Мемсараптама» басшылары мен сарапшыларының әлеуметтік маңызды және жауапты қызмет атқарып отырғанын атап өтті.

"Мемсараптама" басшылары мен сарапшылары сыбайлас жемқорлыққа қарсы жоғары қорғанысы бар адалдықтың,  парасаттылық пен сатылмаушылықтың үлгісі болуы тиіс.

Сонымен қатар, 1-ші департаменттің тергеу басқармасының басшысы Данияр Ақуан өз баяндамасында, 2019 жылдан Агенттіктің өндірісінде «Ақтау қаласының құрылыс бөлімі» ММ және «Мемсараптама» РМК Батыс өңірі бойынша филиалының лауазымды тұлғаларына қатысты лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану фактісі бойынша қылмыстық іс болғанын атап өтті.

Тергеу барысында, 2017 жылдың қыркүйек айында «Мемсараптама» РМК Батыс өңірі бойынша филиалының лауазымды тұлғалары жобалық сметалық құжатқа оң қорытынды шығару барысында қателіктер жіберу салдарынан Ақтау қаласындағы кәріздік коллектор құрылыс жұмыстарына жұмсалатын материал шығынының жобамен 500 млн. теңгеге артуына жол бергені анықталған. Бұл жобаның 2019 жылы іске қосылғанын айта кеткен жөн.

Тергеумен Қылмыстық-процестік кодекстің 200 бабының талаптарына сәйкес ұсыным жолданып, нәтижесінде жобалық сметалық құжаттың шығынды азайту бөлігінде түзетулер енгізілді. Осылайша, жарты миллиард теңге көлемінде бюджет қаражатының негізсіз аударылуына жол берілмеді.

Осыған орай, елеулі зиян келмегендіктен, қылмыстық құқық бұзушылық құрамының белгілері болмауына байланысты қылмыстық іс тоқтатылды.

Оң қорытынды шығарған «Мемсараптама» РМК Батыс өңірі бойынша филиалының басшысы мен сарапшысы қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар, Агенттікпен жобалық сметалық құжатқа ведомствадан тыс сараптама жүргізу кезінде заң бұзушылыққа жол бермеу мақсатында заң бөліміндегі комплаенс секторын «Мемсараптама» РМК-нің жеке құрылымдық бөлімшесіне бөлу туралы ұсыныс жасалды.   

Аталған ұсыныс мекеме басшылығымен таяуда қаралатын болады.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

1 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив