БАҒЫНЫШТЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ АРАСЫНДАҒЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ҮШІН БАСШЫЛАРДЫҢ ЖЕКЕ ЖАУАПКЕРШІЛІГІН КҮШЕЙТУ ЖӨНІНДЕ ЕЛОРДА ӘКІМДІГІНДЕ ЖИНАЛЫС ӨТТІ

БАҒЫНЫШТЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ АРАСЫНДАҒЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ҮШІН БАСШЫЛАРДЫҢ ЖЕКЕ ЖАУАПКЕРШІЛІГІН КҮШЕЙТУ ЖӨНІНДЕ ЕЛОРДА ӘКІМДІГІНДЕ ЖИНАЛЫС ӨТТІ

Мемлекет Басшысы қол қойған заңға сәйкес басшылардың бағынышты қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу жөніндегі міндеті енгізіледі.

Осыған байланысты бүгін Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің астаналық департаментінінің бастамасымен Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 200-бабына сәйкес сыбайлас жемқорлық қылмыс жасауға ықпал ететін жағдайларды жоюға бағытталған жиналыс өтті.

Отырысқа аудан әкімінің орынбасары Асқар Амрин және мемлекеттік органдардың басшылары қатысты.

Іс-шараны ашқан Асқар Амрин Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі жергілікті атқарушы органдардың қызметіндегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша ауқымды жұмыстар жүргізіп жатқандығын атап өтті.

Бұған айқын мысал - «Астана - Адалдық алаңы» жобасы аясында атқарылған жұмыстар. Осы платформаның арқасында мемлекеттік аппарат тұрғындардың сұраныстарына шұғыл түрде жауап беруге міндеттелді, - деді Асқар Амрин.

Департамент штабының бастығы Әділ Әубәкіров әртүрлі салалардағы (40-тан астам) анықталған сыбайлас жемқорлық қылмыстары, соның ішінде жергілікті атқарушы органның 8 лауазымды тұлғаларына қатысты статистикалық мәліметтер берді. Оның ішінде қазіргі уақытта 2 лауазымды тұлға сотқа жіберіліп, сотталған.

Есепті кезең ішінде Департамент жүйелі сыбайлас жемқорлықтың 3 фактісін, шағын және орта бизнеске заңсыз араласудың - 20 фактіні, мемлекеттік бағдарламалар саласындағы құқық бұзушылық - 19 фактіні анықтады. Мемлекеттік бюджетке 6,6 млрд теңге қайтарылды.

Отырыс барысында елорда әкімдігі мен оның құрылымдық ұйымдарының лауазымды адамдарына қатысты сотқа дейінгі тергеу нәтижелері бойынша 10 ұсыныс жарияланды.

Мысалы, Есіл аудандық №2 сотының шешімімен «Нұр-Сұлтан қаласы Есіл ауданы әкімінің аппараты» ММ өндірістік-техникалық бөлімінің бас маманы Елеусізов Д.М. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 24-бабы 3-бөлігінің 190-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Мемлекеттік қызметте, сонымен қатар оларға теңестірілетін лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айырумен қатар ұрланған мүліктен 7,5 еселенген 3 млн. теңге мөлшерінде айыппұл салынды.

Асқар Амрин мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша заңнамаға енгізілген өзгерістерді ұжымдарда түсіндіруді қатаң тапсырды.

Жиында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері Агенттік жұмысының басым бағыттарын, мемлекеттік органдарға адалдық пен қоғамдық сенім қалыптастыруға бағытталған алдын алу шаралары туралы түсіндірді.

 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің астаналық департаменті

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив