Агенттіктің жедел-тергеу қызметінің нәтижелері туралы

Агенттіктің жедел-тергеу қызметінің нәтижелері туралы

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Департамент Полиция департаментінің Ішкі қауіпсіздік басқармасымен бірлескен іс-шаралар барысында төтенше жағдайлар кезінде белгіленген тыйым салуларға қарамастан азаматтардың аудан аумағында кедергісіз жүруі үшін 1 миллион 300 мың теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінген полицияның аудандық бөлімінің басшысының бірінші орынбасарын әшкереледі.

Маңғыстау облысы бойынша Департамент облыстың прокуратурасымен бірлесіп, Ақтау қаласының аумағында жезөкшелікпен айналысқан бірқатар желілерді ұйымдастыруда шетелдік азаматтарға қамқорлық көрсеткен аталған облыстың Полиция департаментінің лауазымды тұлғаларының заңсыз қызметінің жолын кесті.

Облыс аумағында карантинге қарамастан, полиция қызметкерлері жезөкшеліктің заңсыз әрекеттерін болдырмауға шара қолданбады және олардың қылмыстық әрекеттерін қорғауды жалғастыра отырып, оларға мәлім болған коронавирус инфекциясын жұқтырған тұлғаның жезөкшелікпен айналысқан шетел азаматтарымен тікелей байланыс фактісін жасырған.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет парақорлық, лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану, жезөкшелікпен айналысу және жеңгетайлық желілерін ұстау немесе ұйымдастыру, адам өміріне немесе денсаулығына қауіп төндіретін мән-жайлар туралы ақпаратты жасыру бойынша тергеу жүргізуді.

Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қаланың тиісті қызметтерін ақпараттандыру нәтижесінде 87 адам оқшауланды, соның ішінде жезөкшелікпен айналысуға арналған орындарда ұсталды, екі шетел азаматында коронавирустық инфекциясы анықталды.

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Департамент Петропавл қаласы әкімдігінің лауазымды тұлғасына қатысты сотқа дейнгі тергеуді бастады. Ол COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуын болдырмау жөніндегі облыс әкімдігінің жедел штабының мүшесі.

Аталған лауазымды тұлға Петропавл қаласынан шығу карантиндік блокбекеттерінен кедергісіз жүруіне көлік құралдарына рұқсат беруге 50 мың теңге көлемінде пара алды деп күдіктелуде.

Шымкент қаласы бойынша Департамент Шымкент қаласы Полиция департаментінің жол-патрульдік полиция полкі полицейіне қатысты қылмыстық істі тергеуде. Ол елдегі төтенше жағдайға байланысты күшейтілген қызмет кезінде ЖШС өкілінен Жангелдин көшесі бойындағы ішкі өткізу блокпостынан кедергісіз жүруіне және төтенше жағдайды бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартпағаны үшін 25 мың теңге көлемінде пара алды.

Түркістан облысы бойынша Департамент Шымкент қаласының Полиция департаментінің Қаратау ауданының Полиция басқармасының учаскелік инспекторына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады. Ол төтенше жағдай және Шымкент қаласында карантин режимінің енгізілуі кезінде Түркістан облысы тұрғындарынан «Таскешу» блокпосты арқылы кедергісіз кіруі және шығуы үшін 15 мың теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінді. 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өткен аптада тіркеген сыбайлас жемқорлық қылмыс фактілері

Қостанай облысы бойынша Департамент өзіне бағынышты қызметкерлерді ауыл ішіндегі жолдарды қардан тазарту жұмыстарын жүргізуге коммерциялық ұйыммен мемлекеттік сатып алулар туралы жалған келісім-шарт жасасуға заңсыз мәжбүрлеуі кезінде қызмет бабын асыра пайдаланды деген күдікпен аталған облыстың Алтынсарин ауданы әкімінің орынбасарына қатысты сотқа дейінгі тергеу бастады.

Алматы облысы бойынша Департамент «Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» РММ жерінен учаскені заңсыз бөліп беру кезінде қызмет бабын асыра пайдаланды деген күдікпен Талғар ауданы Бесқайнар ауылдық округінің әкіміне қатысты қылмыстық істі тіркеді.

Осы Департамент 2017 жылы кафе және мейрамхана салу арқылы аталған ауылдық округте жер учаскелерін заңсыз сату нәтижесінде алынған қаражатты заңдастырды деген күдікке ілінген Алматы облысы Талғар ауданы Панфилов ауылдық округінің бұрынғы әкіміне қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Аталған облыста «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2018-2019 жылдар аралығында жұмыссыз тұлғаларды жалған жұмысқа тұрғызуы үшін бөлінген 12,9 млн теңге көлемінде бюджет қаражатын шаруа қожалықтарының шотына аудару арқылы жымқырды деген күдікпен «Еңбекшіқазақ жұмыспен қамту орталығы» ҚМК басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеуді жүргізуде.

Алматы облысы бойынша Департамент ірі қара малды ұрлау фактісі бойынша шағымды әдейі тіркемеді деген күдікке ілінген Іле аудандық Полиция басқармасының жедел уәкіліне қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады. Бұрын хабарланғандай (09.04.2010 ж.), аталған лауазымды тұлға жоғарыда айтылған факт бойынша азаматты қылмыстық жауапкершілікке тартпағаны үшін 300 мың теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінді.

Қостанай облысы бойынша Департамент жол қозғалысы қатысушысын әкімшілік жауапкершілікке тартпағаны үшін 20 мың теңге көлемінде пара алды деген күдікпен Қостанай аудандық Полиция бөлімінің жол-көліктік инспекциясы тобының мемлекеттік автоинспекторына қатысты қылмыстық істі тіркеді.

Алматы қаласы бойынша Департамент қалалық Полиция департаментінің ішкі қауіпсіздік бөлімімен бірлескен іс-шаралар кезінде ҚХР азаматшасына қатысты қылмыстық құдалауды тоқтату сылтауымен Полиция департаменті лауазымды тұлғаларына пара беруге итермелеп, оны алдау арқылы 10 мың АҚШ долл. ақшалай қаржысын иемденді деген күдікке ілінген Жедел әрекет ету арнайы отрядының аға инспекторы әшкереленді.

Шымкент қаласы бойынша Департамент мемлекеттік ветеринариялық санитариялық инспекторға қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады. Ол мал дәрігерінің делдалдығы арқылы тамақ өнімдерін сатумен айналысатын жеке кәсіпкерлерден кедергісіз сауда үшін 1 мыңнан 10 мың теңгеге дейін пара алған.

Батыс Қазақстан облысы бойынша Департамент аңшылық мылтықты алып жүруге және сақтауға рұқсатты жеделдетіп беруге «Ж» азаматынан 70 мың теңгекөлемінде пара алғаны үшін Орал қаласының Полиция басқармасы қызметкеріне қатысты сотқа дейінгі тергеуді тіркеді.

Қарағанды облысы бойынша Департаменті тараптардың татуласуы үшін күдіктінің мүддесіне байланысты қылмыстық істі заңсыз тоқтату арқылы қызмет бабын асыра пайдаланды деген күдікпен Осакаров аудандық полиция бөлімінің тергеушісіне қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 54-бабы 11-тармағының 1-бөлігіне сәйкес, төтенше жағдай кезінде қылмыстық құқық бұзушылық жасау қылмыстық жауапкершілік пен жазаны ауырлататын мән-жай деп танылады. 

Өткен аптада Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен аяқталған келесі істер бойынша сот үкімдері шығарылды.

2020 жылғы 17 сәуірде Шымкент гарнизонының әскери сотының үкімімен Жамбыл облысы Рысқұлов ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлім басшысы Қ. Мінгебаев өмір бойына мемлекеттік қызметтегі лауазымдарды атқару құқығынан айырумен 1 жылға бас бостандығын шектеу жазаланды.

Мінгебаев Маңғыстау облысында тұратын азаматтарға әскери қызметке жарамсыздығы туралы әскери билет алуы үшін Жамбыл облысының Рысқұлов ауданындағы әскерге шақыру пунктіне тіркеуге қою туралы жалған куәлік берген деп күдіктелді.

2020 жылғы 20 сәуірде Шымкент қаласының Әл-Фараби аудандық сотының үкімімен жетекшілік ететін аумақта азық-түлік тауарларын кедергісіз сатуына кәсіпкерлердің ақшалай қаражатын алаяқтық жолмен иемденген Әл-Фараби ауданының Кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Н. Каңлыбаев мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айырумен 1 млн 270 мың теңге айыппұлға сотталды.

2020 жылғы 17 сәуірде Шығыс Қазақстан облысының №2 Бородулиха аудандық соты 1,6 млн теңге бюджет қаражатын негізсіз өзінің шотына аударған «Бородулиха колледжі» ҚМК-ның бас есепшісі М.Қазыбаевқа қатысты үкім шығарып, оны 3 жыл 6 айға бас бостандығынан және мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айырды

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

1 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив