Сыбайлас жемқорлық қылмыстық құқық бұзушылықтардың өткен аптадағы кейбір фактілері

Сыбайлас жемқорлық қылмыстық құқық бұзушылықтардың өткен аптадағы кейбір фактілері

Қостанай облысы бойынша Департамент Қостанай облыстық Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының лауазымды тұлғаларына, сондай-ақ, Жітіқара және Жангелдин аудандары әкімдіктерінің ауыл шаруашылығы бөлімінің бас мамандарына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Олар жайылым және мал өсіру шаруашылығын сумен қамтамасыз ету бойынша шаруа қожалықтарының іс жүзінде орындамаған жұмыстарын растау арқылы 37 миллион теңгеден астам мемлекеттік субсидияны алаяқтық жолмен жымқыруда күдікке ілінген.

Алматы облысы бойынша Департамент Полиция департаментінің азаматты мал ұрлау фактісі бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартпау үшін 300 мың теңге көлемінде пара алу фактісі бойынша Іле аудандық полиция басқармасының жедел уәкіліне қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Осы Департамент ЖШС қызметі туралы тексеру актісіне сәйкес оң шешім шығарғаны үшін 665 мың теңге сомасында пара алу күдігіне ілінген Төтенше жағдайлар департаментінің Қарасай ауданының Төтенше жағдайлар жөніндегі бөлімі бастығы мен аға инженеріне қатысты сотқа дейінгі тергеуді тіркеді.

Ақтөбе облысы бойынша Департамент КА-168/1 мекемесі күзетінің инженерлік-техникалық құралдарының күрделі жөндеуіне бөлінген 5 млн. теңге сомасындағы бюджет қаражатын жымқырған ҚР ІІМ ҚАЖК «Еңбек-Ақтөбе» РМК облыстық филиалының директорына қатысты қылмыстық іс тергелуде. Іздеуде болған күдікті ұсталып, Ақтөбе қаласының Ішкі істер департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Департамент станцияның кезекшісінен жалпы қамқорлығы үшін 200 мың теңге көлемінде пара алуда күдікке ілінген «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның Семей филиалы «Жаңғыз-Төбе» станциясының бастығына қатысты қылмыстық істі тергеуде.

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Департамент жеке кәсіпкерлерден мемлекеттік сатып алулар туралы келісімшарт жасасқаны және ол бойынша төлем жүргізгені үшін шағын және орта бизнестің заңды мүдделеріне кедергі келтіру арқылы жалпы сомасы 623 мың теңге көлемінде пара алуда күдікке ілінген астаналық мектеп директорына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Күдіктілерге қатысты жолын кесу шаралары қабылданған.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

Жоғарыда аталған күдікті тұлғаларға қатысты түпкілікті шешімді олардың кінәларының дәрежесін анықтаумен қоса сот шығарады.

 

 

Сондай-ақ, өткен аптада бұрын Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет аяқтаған қылмыстық істер бойынша үкімдер шығарылды. 

Бұдан бұрын Павлодар облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі 2018 жылы тауарлық-материалдық құндылықтарды сатып алу туралы жалған мәміле жасасу арқылы 6,3 миллион теңге көлеміндегі бюджет қаражатын жымқыруда күдікті болған «Қазақстан су жолдары» РМҚК-ның Павлодар филиалының басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтаған.

2020 жылғы 7 сәуірде Павлодар қаласының №2 сотының үкімімен аталған басшы 2 жыл мерзімге бас бостандығынан және өмір бойына мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан айырылды.

Солтүстік Қазақстан облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі еншілес кәсіпорындарды тарту арқылы жерге орналастыру және жер кадастрлық жұмыстарын жүргізу бойынша қызметтерге ақы төлеу ретінде бөлінген 574 миллион теңге сомасындағы бюджет қаражатын жымқыруда күдікке ілінген «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің қаржы басқармасы» ҚММ басшысының орынбасары А.З. Қалиевке қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.

2020 жылы 4 сәуірде Петропавл қаласы сотының А.З. Қалиев 8 жылға бас бостандығынан және өмір бойына мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан айырылды.

Осы үкіммен Д.Б. Қалиева 6 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сондай-ақ, аудандық соттың Төрағасына қатысты Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 200-бабына сәйкес жасалған ұсынысты қарау нәтижелеріне шықты.

Мәселен, бұған дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қылмыс жасау туралы жалған фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу барысында қылмыстық құқықбұзушылық пен басқа да заңбұзушылыққа әкеліп соққан жағдайларды жою бойынша ұсыным енгізген болатын.

Қазақстан Республикасы Судьялар одағының Алматы филиалы судьяларының этикасы Комиссиясының 2020 жылғы 3 сәуірдегі хаттамалық шешімімен Алматы қаласының Алмалы аудандық сотының төрағасы Қ.Әріповке қатысты сот этикасына қайшы келетін тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін қоғамдық айыптау шығарылды.

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив