ҚР ІІМ ҚАЖК мен ведомствоға бағынышты ұйым «Еңбек» РМК-дағы сыбайлас жемқорлық қылмыстары туралы қылмыстық статистика

ҚР ІІМ ҚАЖК мен ведомствоға бағынышты ұйым «Еңбек» РМК-дағы сыбайлас жемқорлық қылмыстары туралы қылмыстық статистика

Бүгін ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің онлайн-брифингісі барысында Аппарат басшысы Қуаныш Жапақов ҚР ІІМ ҚАЖК мен ведомствоға бағынышты ұйым «Еңбек» РМК-дағы сыбайлас жемқорлық қылмыстары туралы қылмыстық статистика туралы айтып өтті.

Соңғы үш жыл мен 2020 жылдың өткен кезеңінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің өндірісінде аталған саладағы қызметкерлерге қатысты 188 сыбайлас жемқорлық қылмыстық іс жүргізілді.

Оның ішінде 138 қылмыстық іс өндіріспен аяқталып, 134 іс сотқа жолданды.

Сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін 47 Қылмыстық-атқару жүйесі Комитетінің қызметкері әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айыру/бас бостандығын шектеу және айыппұл төлеуге сотталды.

Анықталған қылмыстардың ең көбі – парақорлық, қызмет бабын асыра пайдалану және жымқыру фактілері.

Сыбайлас жемқорлықпен сотталған департамент пен қылмыстық-атқару жүйесі мекемелері басшыларының арасынан келесілерді атап өтуге болады: Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД басшысының орынбасары Т. Тұрсынбаев (жалпы қамқорлығы үшін бағынышты қызметкерден 132 мың теңге көлемінде пара алғаны үшін 3,5 жылға сотталған), Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша мекеме басшысы Қасымбеков (жымқырғаны үшін 5,9 млн. теңге айыппұл салынды), Астана қаласы бойынша Әбен және оның орынбасары Мұсаев (Әбен 3 жылға, Мұсаев 2 жылға бас бостандығынан айырылды).

Соңғы үш жыл ішінде РМК-ның лауазымды тұлғаларына қатысты 30-дан астам қылмыс тіркелген.

Мысалы, Алматы облысында ҚР ІІМ ҚАЖК түзету мекемелерінің «Еңбек Жауғашты» филиалының экс-директоры мен заңгеріне қатысты тергеу аяқталды.

Олар жасалған жұмыстардың жалған актісіне қол қою арқылы облыстың 7 өрт сөндіру бөлімінің құрылысына бөлінген 187 миллион теңге сомасындағы бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілініп отыр.

Ақтөбе облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі ҚР ІІМ ҚАЖК «Еңбек-Ақтөбе» РМК-ның филиалы директорының м.а. қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.

Ол Мұғалжар ауданының Қандыағаш қаласындағы саябақты абаттандыру үшін қаражат аудару кезінде жеке кәсіпкерлік өкілінен жалпы қамқорлық үшін 700 мың теңге көлемінде ақша алды деген күдікке ілінді.

Қазіргі уақытта бұл істер соттың қарауында.

Лауазымды тұлғалардың ішінен мыналар қылмыстық жауапкершілікке тартылды:

- «Еңбек-Семей» РМК директоры Құсайынов мердігерлердің келісім-шартын жасағаны үшін «РАХПАН» және «Инком Шығыс» серіктестіктерінің басшыларынан 1,1 млн теңге пара алды (7 жыл 5 айға бас бостандығынан айырылды).

- «Еңбек-Қостанай» РМК директоры В.Шестюк пен бас инженері А. Нам бірқатар фирмалардың директорларымен қылмыстық келісім жасай отырып, УК 161/34 мекемесін күрделі жөндеуге бөлінген 68,8 млн. теңге бюджет қаражатын жымқырған (6 жылға бас бостандығынан айырылды).

- «Еңбек-Ақтөбе» РМК-ның директоры М. Кенжебаев Мұғалжар ауданы әкімінің орынбасары К. Назаровпен қылмыстық келісім жасай отырып, «Жұмыспен қамту – 2020 жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы аясында 38 миллион теңге бюджет қаражатын ұрлады (5 жылға бас бостандығынан айырылды).

- «Еңбек-Өскемен» РМК басқарушысы М. Қайназаров билікті асыра пайдалану және пара алуға әрекет жасағаны үшін 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.

- «Поларис» ЖШС басқаруына заңсыз қатыса отырып, «Еңбек-Орал» РМК директоры Ю. Маркс бұл кәсіпорынға құрылыс-монтаждау қызметтерін сатып алуда жеңілдік пен басымдылық берген (мүлкін тәркілеумен 1,4 млн.теңге сомасында 700 АЕК көлемінде айыппұл түрінде жаза белгіленді);

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет тұрақты түрде ҚР ІІМ ҚАЖК «Еңбек» РМК филиалдарында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізеді және сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын себептерді жою үшін ұсынымдарды жібереді. Негізгілердің біреуі болып бір көзден сатып алу арқылы келісімшартты тікелей жасасу құзіреті табылады.

Тек 2020 жылдың 1-ші тоқсанында ҚАЖК-не Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 200 бабына сәйкес 30 ұсыным жолданған.

Көрсетілген мерзімде, жолданған ұсынымдарға сәйкес, осы мекеменің 30 қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды (қызметінен босату – 4, мемлекеттік функцияларды атқарудан босату – 9, қызметіне толық сәйкес еместігі  туралы ескерту – 5, қатаң сөгіс – 4, сөгіс– 6).

Агенттік бірнеше рет Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің «Еңбек» РМК-ның қызметін жақсарту және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту бойынша ұсыныстар енгізді.

Мысалы, Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 200 бабына сәйкес Агенттік келесі ұсынымдарды енгізді:

- үкімдердің орындалуының ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында бас бостандығынан айыру орындарындағы ішкі бөлмелерін – камералар, тергеу бөлмелері, әкімшілік бөлім және т.б. – бейнебақылау жүйелерімен толық қамтамасыз ету;

- бас бостандығынан айыру орындарын күзететін ҚАЖК қызметкерлерін тұтқындалғандармен байланыс кезінде олардың әрекетін тіркейтін бейнекамералармен қамтамасыз ету;

- бас бостандығынан айыру орындарында сотталғандар құқық қорғау ұйымдарына және прокуратура органдарына мекеме әкімшілігі тарапынан болатын кедергілерсіз тікелей жүгінуге мүмкіндік беруін қарастыру;

- кадрларды мақсатты дайындау үшін Қостанай академиясын ҚАЖК бағынышына қайтару мүмкіндігін қарастыру;

- Қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлерін дайындау, сондай-ақ олардың біліктілігін көтеру процесінде халықаралық түрмелер жүйесінің стандарттары мен құжаттарына мүмкіндігінше бейімделу.

«Еңбек» РМК-на:

- мемлекеттік сатып алу келісімшарттарын тікелей жасасу арқылы бір көзден сатып алуды өткізудің айрықша құқығын қайта қарастыру;

- филиал директорларының мемлекеттік сатып алу туралы келісімшарттарды жеке-дара жасасу, тауар және қызмет көрсету, ақша қаражаттарын игеру жөніндегі өкілеттігін алып тастап, аталған өкілеттіліктерді «Еңбек» РМК Жарғысына (Ережесіне) тиісті өзгертулер енгізе отырып, «Еңбек» РМК-ның жауапты тұлғаларына (орталық бөлімшелер) жүктеу;

- қоғамның қатысуымен сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу және нәтижелерін бұқаралық ақпарат құралдарында, ҚР ІІМ ҚАЖК және РМК сайттарында жариялау.

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

3 пікір

  1. аватар
    Imogene 5 ноября 2023 10:49

    I absolutely love your blog and find the majority of
    your post's to be just what I'm looking for. Does one
    offer guest writers to write content for you personally?

    I wouldn't mind creating a post or elaborating on most of the subjects you write with regards to here.
    Again, awesome website!

    Have a look at my website; compra
    de ribavirin 100 mg en Perú fiable

  2. аватар
    Arnulfo 9 апреля 2024 19:00

    Its like you learn my thoughts! You appear to know a lot approximately
    this, like you wrote the e-book in it or something. I feel that you could do with
    a few p.c. to pressure the message home a bit, however instead of that,
    that is excellent blog. A great read. I'll certainly
    be back.

    Feel free to visit my blog; Kauf von Medikamenten in Deutschland

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив