СҚО-да қылмыстық ниет аға тергеушіні түрмеге дейін жеткізді

СҚО-да қылмыстық ниет аға тергеушіні түрмеге дейін жеткізді

Бұл туралы СҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының бірінші орынбасары Нұрлан Жахин «Antıkor ortalyǵy» сервис орталығының алаңында қылмыстық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін жағдайларды жою жөніндегі ұсынымды қарау барысында хабарлады.

Ағымдағы жылдың 19 наурызында Петропавл қалалық сотының үкімімен Солтүстік Қазақстан облысының Полиция департаменті Тергеу басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға тергеушісі үш жылға бас бостандығынан айырылған болатын.

Бір мезетте полиция подполковнигі бас бостандығынан, арнайы атағынан және мемлекеттік және құқық қорғау қызметінде қызмет атқару құқығынан айырылды.

Нұрлан Жахиннің айтуынша, 2019 жылғы 12 желтоқсанда Петропавл қаласының Полиция басқармасы сотқа дейінгі тергеуді бастады. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізу барысында келісілген нақты деректердің жиынтығында күдіктінің жасалған қылмысқа қатыстылығы жоққа шығарылды.

Осы кезде тергеушінің бөтеннің мүлкін алдау жолымен ұрлауға бағытталған қылмыстық ниеті пайда болды.

«2020 жылдың 13 ақпанында аға тергеуші Жамбыл ауданына қызметтік іс-сапарға шықты. Аудан аумағында бола тұра, өзінің қылмыстық ниеттеріне қол жеткізу мақсатында Буденный ауылына келіп, іс бойынша күдіктінің өкілімен кездесті. Кездесу барысында Г. мырзаның киімінде тыңдайтын құрылғылардың жоқтығына көз жеткізіп, одан ұлына қатысты қылмыстық істі тоқтатқаны үшін пара ретінде 2,5 млн. теңге көлемінде ақшалай қаражат талап еткен. Әңгіме барысында тергеуші пара сомасын 2 млн. теңгеге дейін төмендетті», - деді спикер.

Ағымдағы жылдың 18 ақпанында жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларынан кейін аға тергеуші өз үйінің подъезінде ұсталды.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив