СҚО-да пара алуда күдікті полициядан жұмыстан шығарылды

СҚО-да пара алуда күдікті полициядан жұмыстан шығарылды

Солтүстік Қазақстан облысының Полиция департаментінде СҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі және СҚО ПД Өзіндік қауіпсіздік басқармасы қызметкерлерімен анықталған, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісін қарастыру бойынша тәртіптік комиссияның шұғыл кеңейтілген отырысы болып өтті. Бейнеселекторлық режимде барлық аудандық бөліністер мен Шал ақын ауданы полиция бөлімінің жеке құрамы қатысты.

21 сәуір Шал ақын ауданында бір миллион үш жүз мың теңге көлемінде пара алды деген күдікпен аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары ұсталып, уақтыша ұстау изоляторына қамалды. СҚО ПД Тәртіптік комиссиясының шешімімен ол ішкі істер органдарына теріс себептермен жұмыстан шығарылды. Оның тікелей басшысы – АПБ бастығы атқарып отырған лауазымынан босатылды. Сонымен қатар, бірқатар басшылар, оның ішінде ПД бастығының екі орынбасары қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Пара алу фактісі бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметіндегі әріптестермен ҚР ҚК 366-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

«Бүгін мен жаза қолдану туралы бұйрыққа қол қойдым. Біз алдағы уақытта да өз қатарымыздағы құқық бұзушыларға қатаң шаралар қолданатын боламыз. Мұндай келеңсіз жәйт барлық жеке құрам төтенше жағдай кезінде ерекше режимде қызмет атқарып жатқан уақытта орын алды. Кез келген сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық көріністерінің жолын ымырасыз кесетін боламыз», - деді СҚО ПД бастығы полиция полковнигі Марат Төлебаев.       

Естеріңізге сала кетейік, Facebook әлеуметтік желісінде Марат Төлебаевтың жеке парақшасы бар https://www.facebook.com/tulebayev.marat. Департамент басшысы аталған парақша арқылы кез келген азаматпен ашық диалог жүргізуге дайын. Сондай-ақ, СҚО Полиция департаментінің әлеуметтік желілердегі аккаунттарында ведомстводағы Өзіндік қауіпсіздік басқармасының сенім телефондары орналастырылған (61-26-89, 8-700-161-26-89 WhatsApp). Аталған телефон нөмірлері арқылы азаматтар полиция қызметкерлерінің құқыққа қайшы әрекеттері, әсіресе карантиндік іс-шаралармен байланысты фактілер туралы хабарлай алады.

 

СҚО ПД баспасөз қызметі

 

 

 Ақпарат «Polisia.kz» ақпараттық порталынан алынды

 

https://polisia.kz/para-aluda-kudikti-politsiyadan-zhumystan-shygharyldy/

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив