Татулыққа не жетер!

Татулыққа не жетер!

Бүгінгі қалыптасып отырған жағдай қатердің айтып келмейтінін, мұндай қиындықты бірлігі мықты, ынтымағы күшті елдің ғана жеңе алатынын көрсетіп берді. Төтенше жағдай төзім мен шыдамның сыналар шағы. Осындай сындарлы сәтте әр құрылым өзінің жұмыс істеу тәртібін өзгертіп, әлемді алаңдатқан індеттің алдын алуға барлық амалды жасап жатыр. Сол қатарда сот құрылымы да бар. Қазір қылмыстық істер азайғанымен, отбасылық дау-дамайлар, тұрмыстық кикілжіңдер саны кеміді деп айта алмаймыз. «Біз біргеміз!» деп мемлекет елдің тыныштығына кепіл болып, қиындықты бірге еңсеруге шақырып отырған тұста халықтың болмашы нәрсені даулап, соттасып жүруі жақсылықтың нышаны емес. Әрине, арыз-шағымдарды қарауға, шешім шығаруға соттың әлеуеті де, шамасы да жетеді. Бірақ, алдына бір мақсат қойып, бір тәртіпке бағынған елдің арыз-шағым жазып, сотқа жүгінуі татулыққа сына түсіріп, тыныштықты тәрк ететін қасиет. Сондықтан, әрбір азамат бұл «Соттасатын емес, бір-білімізге жақтасатын, бір-білімізге қолдау көрсететін кез» екенін есінен шығармағаны дұрыс.
Қазақстандық соттың жаңа технология жетістігін игеруден алдыңғы көште келе жатқаны белгілі. Осы күнге дейін сот мәжіліс залдарын толықтай дыбыс-бейне жазу құрылғыларымен жабдықтап, арыз-шағымдарды «Сот кабинеті» сервисі арқылы қашықтықтан қабылдауға, сот істерін бейнеконференц байланыс көмегімен қарауға, сот отырыстарын онлайн режимде өткізуге дағдыланған фемида қызметкерлеріне төтенше жағдай талаптарын сақтау соншалықты қиын болып жатқан жоқ. Керісінше, арыз-шағымдарының қозғалысын онлайн бақылап, сот отырыстарына іркіліссіз қатысып жатқан жұртшылық сот құрылымының жетістіктерін мойындап жатқан жайы бар. Сонау шалғайда тұратын куәгерлерді сөйлетіп, шетелде жүрген сот қатысушыларымен оңай онлайн диалог орнату – сот қызметкерлері үшін қалыпты жағдай. Істердің белгіленген уақытта қаралып, дер кезінде шешімнің шыққанына көпшілік те риза. Әсіресе төтенше жағдай кезінде қашықтықтан сот отырысына қатысқандардың жаңа технология жетістіктерін көзбен көруіне мүмкіндік туып отыр.
Дегенмен, осындай қысылтаяң шақта халыққа соттасып, дау қуғаннан гөрі, татуласып, ынтымақты сақтаған анағұрлым тиімді болар еді. Қазір ашумен шешім қабылдайтын кез емес, ақылға салып іс жасайтын уақыт. «Дау қуған бәлеге жолығады» дейді бабаларымыз. Сол айтпақшы, арыз жазып, өзіңіз де, өзгелер де әбігерге түспес үшін мәселенің түп-тамырына үңілген абзал. Егер өзара шешуге, екеуара түсінісуге болатын жағдай орын алса, ішкі өзімшілдігіңізді басып, екінші жақтың уәжін тыңдауға уақыт тапқаныңыз, шыдамдылық танытқаныңыз жөн. Ал алғашқы екпінмен арыз жазып қойған азаматтарға татуласуға, кикілжіңді ортақ мәмілемен шешуге ешқандай кедергі жоқ. Керісінше, сот саласының соңғы жылдары кешенді түрде қолға алған іс-шаралары медиацияны дамытуға, медиаторлардың белсенділігін арттыруға, судья-медиаторлардың жұмысын жандандыруға бағытталғанын атай кеткеніміз жөн. Яғни, соттаспаймын, істі медиациямен шешемін деген тараптарға медиаторлар да, судьялар да көмектесуге әзір.

 

Салтанат Курманбаева

Орал қаласының №2 сотының судьясы

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 2

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив