Жүз пайызды аудиовидео құралдарымен қамтамасыз етілген сот отырыс залы

Жүз пайызды аудиовидео құралдарымен қамтамасыз етілген сот отырыс залы

Қазіргі таңда соттардың материалдық-техникалық жарақтануы жақсарып келеді. Сот процесі өтетін залдар түгел дерлік жүз пайыз аудио-видео құрылғылармен қамтамасыз етілген. Егер бұрынырақта сот отырыстары тек қағаз бен қаламның қауқарына қарап келген болса, қазір әрбір қатысушының сөйлеген сөзі, эмоциясы түгел дерлік қырағы камералардың назарынан тыс қалмайды. Судья өзін қалай ұстады, айыпталушы мен жәбірленушінің сөзі шынайы ма жоқ па, адвокат пен прокурордың сөйлеу мәдениеті, келтірген айғақтары осының барлығы дерлік аудио-видео таспада айдай анық көрініп тұрады. Техниканың мұндай мүмкіншіліктерін пайдалану сот істерін жүргізудің ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз етіп қана қоймай, істердің қаралу сапасын арттырды. Егер қандай да бір тараптың көңілі толмай, бірінші сатыда қаралған іс облыстық сотта қайта зерделенген жағдайда таспадағы материалға зер салып, мәселенің анық-қанығына әп-сәтте көз жеткізесіз.

Қазақстан Республикасының Ата Заңы тәуелсіз және  әділ сот арқылы әрбір адамға олардың құқықтары мен бостандықтарының қорғалатындығына кепілдік береді. Мемлекет судьялардың тәуелсіздігі мен дербес құқығын, материалдық және әлеуметтік қамтамасыз етілуін, сот ісіне араласпаушылықты  қамтамасыз етеді. Судьялар халыққа адал қызмет ету, Конституция мен заңдарды мүлтіксіз орындау, қиянатқа бармау, қызметте және тұрмыста адамгершілік нормаларын, мінез-құлық этикасын сақтауға міндетті. Қазылардың кәсіби және моральдік бейнесіне қоғамның өсіп келе жатқан жоғары талаптарын ескере отырып, судьялардың соңғы 7 съезінде жаңа Этика Кодексін бекітті.

Халыққа ыңғайлы болу үшін өзіміздің жұмысымызды заман талабына сәйкестендіріп келеміз. Мысалы, қазіргі таңда кез келген азамат сотпен байланысты шаруасын үйінен шықпай-ақ тындыруына болады. Интернеттің көмегімен мазалаған сұрағыңызға жауап алып, арыз-шағымыңыз болса, оны да электронды түрде бересіз. Жоғарғы соттың, облыстық және аудандық соттардың сайттарына кіріп барлық керек ақпаратты табасыз. Оның үстіне әрбір сот азаматтарды қабылдап, заң тұрғысынан құқықтық кеңес беріп, тұрғындардың күнделікті өмірдегі қордаланған мәселелерін шешуге ат салысып жатыр. Ертеректе би-шешендердің кесімдері көпшіліктің көзінше хабарланып, жанжалдар түйінді төрт-ақ ауыз сөзбен шешіліп отырған ғой. Дау-дамайлар хатсыз, қағазсыз ауызша жүзеге асып бітіп жатқан. Бір бидің өзі қазіргі соттың ғана емес, прокурор мен милицияның да, қаншама мекеме, ұйым басшыларының қызметін атқарып келген. Ал бүгінде демократия мен теңдік дүниенің темірқазығына айналған тұста ең алдымен, заң үстемдігі мен ел мәртебесін қаперде ұстап, түлкі заманның тәлкегіне ұшырамай, Мәңгілік елдің мызғымастығын қамтамасыз ету үшін жеті қазынаның құндылықтары саналатын тазының тапқырлығы мен табандылығы, қыран құстың көрегенділігі мен қуаты қажет. Тәй-тәй басқан тәуелсіз елдің Ата Заңын айдай анық етіп жазып, оның маңыздылығын соқырға таяқ ұстатқандай ұғындыру ата-бабалар мен келешек ұрпақ алдындағы ұлы мұратымыз.

 

Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі

мамандандырылған ауданаралық

сотының бас маманы                                                                  

А. Бақбергенов                                                        

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив