Сот ісін мемлекеттік тілде жүргізу

Сот ісін мемлекеттік тілде жүргізу

 

         Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Қазақ тілі әлемдегі тілдердің ішіндегі ең бай тілдердің бірі. Қазақ тілі қазақ халқының ана тілі. Тіл – халықтың рухани және мәдени байлығының дамуының құралы. Тіл адамдардың қарым-қатынас құралы болғандықтан, ол сөйлеу әрекетінің арқауы екендігі сөзсіз. Тіл ұлт пен ұлтты татуластыратын ерекше қатынас құралы. Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы - мемлекеттік тілді меңгеру. Мемлекеттік тіл мәртебесін көтеру, рухани мұрамызды сақтау, біздің ұлттық тіліміз - бұл барлық халықтың құндылығы болып табылады.

         Мемлекеттік тіл, қазақ тілі – мемлекеттің барлық аумағында қоғамдық қатынастардың барлық салаларында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс жүргізу тілі болып табылады. Қазақстан Республикасы Конституциясының 7-бабында Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл – қазақ тілі екендігі, Елбасының Қазақстан халқына жолдаған жолдауында белгіленген басым бағыттардың бірі – барлық қазақстандықтарды біріктірудің басты факторы ретінде мемлекеттік тілді жан-жақты дамытуға басты назар аударған болатын. Сол себептен азаматтардың құқық қорғау органдарының қылмыстық, әкімшілік сот ісін жүргізудегі тілін таңдау құқығын сақтау бөлігінде мемлекеттік тілді қолданылуын кеңейту. Мәселен, Мұғалжар аудандық сотында қаралатын істердің біршамасы қазақ тілінде қаралып жатыр. Соның ішінде, Қазақстан Республикасының қылмыстық және әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша iс жүргiзуі мемлекеттiк тiлде жүргiзiліп, қажет болған жағдайда орыс тiлiде мемлекеттiк тiлмен тең қолданылады. «Мемлекеттік тіл - бұл мемлекеттік басқару тілі, заңнама, іс жүргізу, сот ісін жүргізу, мемлекеттің барлық аумақтарында, барлық қоғамдық қарым-қатынастардың саласындағы қолданылатыны және де мемлекеттік тілді көтеру мақсатында, іс жүргізу құжаттары қазақ тілінде жүргізілуі керек деп ойлаймын.

         Сонымен қатар, аудандық сотта құқық қорғау органдары мен мемлекеттік органдардың қатысуымен тіл тақырыбында дөңгелек үстелдер, семинарлар өткізіліп отырады. Шарада тілдің өзектілігі және маңыздылығы, азаматтардың құқық қорғау органдарының қылмыстық, әкімшілік сот ісін жүргізудегі тілін таңдау құқығын сақтау бөлігінде мемлекеттік тілді қолдануды кеңейтудің мемлекеттік маңыздылығы түсіндіріліп, соттар ішкі құжат айналымында қазақ тілін қолдану бойынша белсенді жұмыс жасайтыны, мемлекеттік тілдегі істер мен материалдардың санын көбейту, мемлекеттік тілде сот ісін жүргізуде туындайтын мәселелері талқыланып отырады.

         Қорытындылай келе, Қазақстан Республикасының әрбір азаматы мемлекеттік тілімізді құрметтеп, мәртебесін көтерсе деп ойлаймын.

                                                                          

Мұғалжар аудандық сотының бас маманы

А.Шекенова

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

3 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив