Мемлекеттік тіл-менің тілім.

Мемлекеттік тіл-менің тілім.

 

                                 

     Тіл -халықтың жаны да,сәні де. Ана тілінің топырағында көктеп,ауасынан тыныс алмаған өнер де,білім де өміршең емес.Халық өзінің ғасырлар  бойына жинақтаған асыл мұрасын  ұрпақтан ұрпаққа  алдымен ана тілі арқылы  табыстайтынын  ұмытпағанымыз абзал. Халықтың тарихта қалуы да тек тіліне байланысты.

  «Қанша ғасыр өмір сүрсе бұл қазақ,сонша ғасыр ұмтылды ғой елдікке»,-деп Төле би бабамыз айтқандай,тәуелсіздік алып,егемен ел атансақ та,елімізде  тіл мәселесінің өзекті болып қалуы қынжылтатыны сөзсіз.

    Еліміздегі  тіл саясатына қатысты  мемлекеттік бағдарламалар мен  заңнамаларын, Қазақстан Республикасы Тұңғыш президентінің  тапсырмаларын басшылыққа ала отырып, сот жүйесінде  де мемлекеттік тілді жетілдіруге бағытталған  іс-шаралар жүйелі түрде  жұмысын жалғастыруда: мемлекеттік тілде іс-қағаз жүргізу, сот актілерін жасақтау; БАҚ-мен өзара әрекет ету;сот жүйесіндегі ақпараттық технологиялар мен жаңа жобалардың  мемлекеттік тілде жасақталып қолжетімді болуы; басқа да  мемлекеттік тілді жетілдіруге қатысты шаралар жіті назарда  ұсталуда.

   Сонымен қатар,әр адамның азаматтық қасиеті мен мәдениеті,өз халқын,өз атамекенін  қалай сүюімен,өз ана тілін қалай білуімен өлшенбек.Өз анасына,өз тіліне құрметпен қараған адам қашан да ұлтжанды,отаншыл болмақ.Ал Отан отбасынан басталады.Әйгілі батыр бабамыз Бауыржан Момышұлы бір сұхбатында: «Біріншіден, бесік жырын айтатын келіндердің азайып бар жатқанынан қорқамын;екіншіден,немерелеріне ертегі айтып бере алмайтын әжелердің көбейіп бара жатқанынан қорқамын; үшіншіден,дәстүрді сыйламайтын балалардың өсіп келе жатқанынан қорқамын»-деген екен,... сондықтан  да «рухани жаңғыруымыздың» аясында ұлттық құндылықтарға негізделген  саналы  ұрпақ тәрбиелеуге,жанашыр орта және өнегелі ұжым тәрбиелеуге  мемлекетімізде қандай да болса қызмет етіп отырған абыройлы азаматтың қосар үлесі зор екенін атап өткім келеді.

 

Айгүл  Джоламанова,

Шыңғырлау аудандық сот кеңсесінің бас маманы-сот мәжілісінің хатшысы Батыс Қазақстан облысы

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив