Барымташыларға жаза күшейтілді.

Барымташыларға жаза күшейтілді.

 

          Заңы мықты қоғамда тәртіп сақталады, қауіпсіздік орнығады, кез келген зайырлы, өркениетті елдердің құқықтық өзгерістерді қолға алғандағы негізгі мақсаты да қауіпсіз орта қалыптастыруға бағытталған, құқықтық мемлекет орнатуды көздеген Қазақстанның да заңдардың пәрменін арттыру бойынша тыңғылықты жұмыстар атқарып келе жатқанына отыз жылға жуықтады. Сол үрдіспен биылғы жылы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бірнеше заңға қол қойғаны мәлім, соның ішінде әкімшілік, қылмыстық заңдарға енгізілген елеулі өзгерістерді халыққа таныстыру, бөлісу аса маңызды.

         Адамның өмір түсіру ортасына қауіп  төндірмейтін қылмыстарға қатысты жазаларды ізгілендіру, педофилия, мал ұрлау, броконьерлік, тұрмыстық зорлық-зомбылық жасағандарға заңмен қатаң тыйым салу бойынша мәселелер зерделеніп, тәжірибедегі жағдай сарапқа салынып, заңдық шешімін тапқанын жақында қолданысқа енгізілген жаңа құжаттар айғақтайды.

       Соның ішінде шалғай ауылдарда тұратын халықты елеңдетіп отырғаны мал ұрлығына қатысты өзгерістер болса керек. Рас, соңғы кезде мал ұрлығы еселеп өсіп кетті. Негізгі табыс көзі, күнкөрісінің басты нысаны болып отырған малынан ажырау ауыл тұрғындарына оңай соқпайтыны анық.  Өкінішке орай, барымташылардың қолға түспеуі, малдың табылмауы ауыл халқын ашындырып-ақ келеді. Ұрылар табылған күннің өзінде не малдың, не соның өтемін қайтара алмау кейінгі кезде қалыпты жағдайға айналып кеткен еді. Өйткені бір-бірімен көз таныс, жүз таныс болған ауыл, аудан халқының кеңдігі ұрыларды да әбден есірткендей. Жазасыздық, жазаның төмендігі қылмыстың қайтарылуына алып келетінін әділ аңғарған мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың мал ұрлығына қатысты жазаны қатайту туралы тапсырмасы көпшіліктің көкейіндегісін дөп басқандай болды.

         Осыған орай «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық, қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру және жеке адам құқықтарының қорғалуын күшейту мәселелері бойынша қолданысқа енгізілген және заңды күшіне енген өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңында мал ұрлығына қатысты жаза барынша қатайтылды. Заңдағы 188-1-бапта бөтеннің малын ұрлағандардың мүлкі тәркіленіп, үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланатыны көрсетілген.

         Ал, енді алдын ала сөз байласу арқылы мал ұрлаған қылмыстық топпен, ірі мөлшерде мал ұрлаушылардың жазасы бұдан да ауыр. Олардың да мүлкі тәркіленіп, үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

         Ұрлықты бірнеше рет, тұрғын үй-жайдың, кәсіпорынның, ұйымның, мекеменің, мал қораның, қашаның немесе өзге де қойманың ауласына кірумен жасағандар мүлкі тәркіленіп, бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылады. Соның ішінде мал ұрлығын жасаған қылмыстық топтың жазасы да осал емес. Жаңа өзгеріске сай бөтеннің малын ірі мөлшерде ұрлаған топтың мүлкі тәркіленіп, жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру көзделген. Дәл осы айып тағылып, істі болған қылмыскерлермен келісімге келуге түбегейлі тосқауыл қойылған.

         «Мал ашуы – жан ашуы» дейтін халықтың жоғалғаны табылса «Қайтқан малда береке бар» деп дау қумай мәселені жылы жауып қоя салатыны ешкімге таңсық болмаса керек. Ұрыларды есіртетін де осы. Сондықтан жаңа заңдағы өзгеріс мал ұрлығының кемуіне айтарлықтай әсер етеді деп күтілуде. Жалпы мал ұрлағандарды табу, ұстау қандай қиын болса, қылмысты дәлелдеу мен жоғалған тұяқты орнына қою одан да күрделі. Біреудің қорасындағы малды болмашы ақшаға сата салатын қылмыскерлер өз қателігін мойындап, кешірім сұрағанымен, көбінесе ұрлағанын орнына қойып бере алмай, қиналды. Осы ретте заңнамадағы жаңа өзгеріс қарапайым азаматтардың өтемақысыз қалмауын да қамтамасыз етер деген үмітіміз бар.

         Қазір осы өзгерістерді түсіндіру, бұрынғы заңнама мен қазіргі құжаттарға жаңғыртуларды салыстыра отырып тәжірибемен бөлісу бағытында көптеген жұмыстар қолға алынуда. Бабаларымыз айтқандай «Қойын алдырған соң қорасын бекітіпті» деген мәтелдегі қателікті халық қайталамауы керек.

 

         БҚО Теректі ауданының №2 аудандық сотының төрағасы Ибрагим Қабылұлы Ниязғалиев

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

1 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив