Тіл мерейін асырайық!

Тіл мерейін асырайық!

Осыдан тура 30 жыл бұрын, 22 қыркүйек 1989 жылы қазақ тілі мемлекеттік мәртебеге ие болып «Тіл туралы» заң қабылданды. Кейін егемендік алған соң 1995 жылғы Ата заңымыздың 7 бабына сай «Қазақ тілі - мемлекеттік тіл» болып айқындалды.

 Әрі қарай - 1997 жылы «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» заң қабылданып, республика аумағындағы тілдердің қолдануының құқықтық негіздері, барлық тілдерге бірдей құрметпен қарау қамтамасыз етіліп, мемлекеттік қазақ тіліміздің мәртебесі белгеленген болатын.

Еліміз егемендік алып, ана тіліміз мемлекеттік мәртебеге ие болып, қолданыс өрісі кеңейді.

Мемлекеттік органдарда «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр. Оның үстіне, Елбасымыздың бастамасымен Мемлекеттік тілді дамыту Президенттік қоры құрылған. Мәдениет министрлігінің Тіл комитеті тілді дамыту және енгізу жөніндегі уәкілетті орган ретінде халық тарапынан жасалатын ұсыныстар мен талап-тілектерге баса назар аударып отыр.

Қазір республика көлемінде қызу талқыланып жатқан 2020 жылға арналған мемлекеттік бағдарлама жасау – Елбасымыздың Үкіметке берген тікелей тапсырмасы. Бұл тапсырманы орындау әрбір мемлекеттік қызметшінің ғана емес, барша қазақстандықтардың да парызы. Мемлекеттік бағдарламаның басты стратегиялық мақсаты – Қазақстанда тұратын барлық ұлттардың тілін сақтай отырып, ұлт бірлігін нығайтудың маңызды факторы ретінде саналатын мемлекеттік тілді балабақша, мектеп, жоғары оқу орындары, мемлекеттік қызмет және қоғамдық-саяси, әлеуметтік кәсіпкерлік саласының барлығында да батыл қолданысқа енгізіп, қазақстандықтардың өмірлік қажетіне айналдыру.

       Қазақ тілі - дүниедегі ең шұрайлы, кестелі тілдің бірі деп жатамыз. Ия, Қазақ тілі - өте бай тіл! Қазақ тілінде жазылған тамаша шығармалар қанша, жылытатын, жұбататын жырлар қаншама. Қазақ халқының бойына сіңген ата - бабаларымыздың тәлім - тәрбиесі, үлгі - өнегесі, біздің тұлға болып қалыптасуымызға себепкер болғаны, үлкен үлес қосқаны байқалатыны анық. Осындай гауһар тілімізді өз дәрежесінде пайдалана алмауымызға кезіндегі кеңес өкіметінің солақай саясаты әсер етсе, ал дәл қазіргі күні қоғамның барлық саласында қазақ тілінің мәртебесі жоғары болуы қажет деп санаймын.

Әр халықтың, ұлттың құрмет тұтар өз ана тілі бар. Әрбір адам өз тілінде, анасының ақ сүтімен дарыған туған тілінде сөйлеуі тиіс.

Мемлекеттік ұйымдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарында іс-қағаздары мемлекеттік тілге көшірілді, алайда кейбір құжаттарды жолдау барысында кемшіліктер анықталып жатады. Қазақ тілінде шығатын бұқаралық ақпарат құралдардың саны арта түсті.

Мемлекеттік тілге деген талап күшейтілді. Кез-келген тілдің болашағы – балалардың, жастардың қолында екені рас. Балалардың тілді білмеуі, ұмытуы – ұлтқа төнген қауып. Сондықтан біз өз ойымызды дамытуымыз қажет және тұлғаның қазақша ойлануына ықпалымызды тигізуіміз керек.

 Бөкей ордасы аудандық сотында тіл мәселесіне қатысты құжаттар немесе іс шаралар бәріде мемлекеттік тілде толтырылып, жүзеге асуда. Айтар болсақ 2019 жылы 39 қылмыстық іс, 236 әкімшілік құқықбұзушылық іс,  мемлекеттік тілде қаралған, ал азаматтық іс пен материалдар 111 болса соның  73-і мемлекеттік тілде қаралған, 2066 кіріс құжаты тіркеліп оның 1984 мемлекеттік тілде 96,03% құраған, жалпы шығыс және ішкі құжат тек мемлекеттік тілде жүргізіледі.

Сонымен қатар тіл мерейін дамыту мақсатында мақалалар басылымға жарияланса, кездесулер немесе семинар сабағы, ашық есік күндері сияқты шаралар өткізілсе деген ой қалыптасып жүзеге асырылса.  

Сондықтан, қазақ тілінің тағдыры қазақтың өзінің қолында. 

 

Ж.Қанатұлы

Бөкей ордасы аудандық сотының

бас маманы –сот мәжілісінің хатшысы                               

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив