Отбасылық сот ұлағатты отбасын құруға жетелейді

Отбасылық сот ұлағатты отбасын құруға жетелейді

Соңғы уақытта қоғамды елең еткізіп жатқан жаңалықтар аз емес. Алайда, олардың ішінде мойын бұрып қана қоймай, алдын-алу шараларын қолға алатын да мәселе бар. Ол  ерлі-зайыптылардың арасындағы ажырасу санының күн санап артуы.

Бұқаралық ақпарат құралдарындағы деректерге сүйенсек, былтырғы жылы 103 964 неке тіркелсе, 45 204 шаңырақ шайқалған. Ажырасу санының ең көп тіркелген аймақтары ретінде Алматы, Қарағанды, Түркістан және Жамбыл облыстары танылған.   

Соңғы жылдары  соттарға келіп түсіп жатқан ажырасумен байланысты талап-арыздар саны да көңіл көншітерліктей емес. Артпаса, азая қойған жоқ.

2019 жылғы Нұр-Сұлтан қаласындағы соттарда неке бұзуға қатысты 5803 іс қаралған (2018 жылы - 4875). 3718 неке сот шешімімен бұзылған (2018 жылы - 3350). 

Сотқа келіп түскен әрбір іс судьямен зерделенеді. Судья істі қарау барысында неке бұзуға бел буған ерлі-зайыптылардың түпкілікті шешімге келулерінің себебін анықтайды. Сөйтіп, тиісті шешім қабылдайды.

Соңғы жылдары сотта қаралған істер бойынша жүргізілген талдау әйел затының арыз беруіне тұрмыстық зорлық-зомбылық әрекеттер түйткіл болатынын көрсетті.  Одан кейінгі орынды отбасындағы опасыздық, көбінесе ер адамдардың ойынқұмарлық пен ішімдікке салыну себептері иеленіп тұр.

Отбасының ойрандауына бұл басты себептерден бөлек,  әлеуметтік жағдай, қоғамдағы хал-ақуал, сайып келгенде отбасы құндылығының құлдырауы да әсер етіп отыр.

Қоғамдағы елеулі өзгерістер нәтижесінде отбасы түрінің жаңа форматы  қалыптасып жатыр десек те қателеспейміз.  Өкінішке орай, сол формат әр балаға тәрбиенің тірегі танылатын отбасынан дариды. Бала естіген, көрген және білгенін қалыпты жағдай ретінде қабылдап, сол қағидаттармен өсіп, жетіледі. Сәйкесінше, ата-ана өзінің мінез-құлқы мен қарым-қатынас әдебі арқылы бала бойына ұлттық болмысын, отбасы мәдениеті мен құндылықтарын сіңіреді.

Екі жылдың көлемі болды, елордалың бірқатар соттарында  неке-отбасы қаныстарынан туындайтын істер қарайтын «Отбасылық сот» пилоттық жобасы жұмыс жасай бастады. Осы орайда, бұл жобаның мақсаты не? Отбасы құндылығын дәріптеумен қандай байланысы бар деген сұрақ туындауы мүмкін, әрине.

Отбасылық сот отбасы институтын нығайтуға, отбасын сақтап қалуға және зорлық-зомбылықтың алдын-алуға бағытталып отыр.

     Қанатқақты жоба некені бұзу, алимент өндіріп алу, мүлікті бөліске салу секілді дауларды қарайтын Алматы аудандық сотында, баланың тұрғылықты жерін немесе онымен қарым-қатынас тәртібін анықтау мәселелерін қарайтын ювеналды сотта және тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселелерін қарастыратын мамандандырылған әкімшілік сотта іске қосылды. 

     2019 жылдың басынан Әкімшілік сотта жұмыс жасай бастаған  «Отбасылық сот» бүгін өз нәтижесін беріп отыр.

     2018 жылмен салыстырғанда тұрмыстық зорлық-зомбылықпен байланысты әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша істер саны 1410-ға дейін азайған (11%).  13 мемлекеттік және қоғамдық ұйымдармен өзара іс-қимыл жөнінде меморандумға қол қойылып, нәтижелі жұмыстар атқарылып жатыр.

     Жобаның көздеген мақсаты да тараптарды татуластыру емес, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын-алу.

Аталмыш санатты істерді қарайтын әкімшілік соттың судьясы Айгүл Қайдарованың пікірінше, ең өкініштісі, көп жағдайда әйел адамдар  отбасында көрген зорлыққа дымын шығармай шыдайды. Тіпті, 30 жыл бойы жарынан қысым көріп, таяқтың астында келген әйел адам, тек өмірінің жартысы өткен соң ғана сотқа арыз беруге бел буған. 

Отбасының берекесін көбіне ішімдікке, нашарқорлыққа, ойынқұмарлыққа салынған жандар алады. Бұндай жағдайда істі қараған судья құқық бұзушылыққа бой берген басқыншыны емделу үшін наркологияға немесе ішімдік салынған адамдардың жасырын Кеңесіне жолдайды. 2019 жылы сот 228  басқыншыға қатысты ерекше талап қойған.

Сондай-ақ былтырғы жылы 1232 адам психологтардан кеңес алып, 196 адам наркологияға ем алуға жолданған.  Бұдан бөлек, жәбір көрген адаммен бірге зорлықтың куәсі болған кәмелеттік жасқа толмаған бала да психологтың көмегіне жүгінеді.

38 адам еңбекпен қамту орталығына, Дағдарыс орталығына зәбір көрген 4 әйел, Аналар Кеңесіне 8 әйел адам, Әкелер Одағына 5 ер адам  жолданды. 22 адам заңгерден тегін көмек алды.

83 отбасы соттың талабымен полиция органдарында алдын-алу есебіне қойылды. Яғни, басқыншы мен жәбірленушінің тұрғылықты мекен-жайына учаскелік инспекторлар, кәмелетке толмаған балалармен жұмыс жасайтын инспекторлар, әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау инспекторы жолданып, олар тиісті шаралар қолданады.

Ал, Алматы аудандық сотында жоба шеңберінде 2019 жылы некені бұзуға талпынған 1033 (2018 жылы 1454 іс) отбасының талап арыздары қанағаттандырылып, шешім шығарылды. 787 (2018 жылы 135) іс тараптардың татуласуымен аяқталды. Яғни, былтырғы жылғы көрсеткіш бойынша сот қабырғасында  ажырасу райынан қайтқан жұптар саны  42%-ды құрады. Ал 2018 жылғы татуласқан ерлі-зайыптылар тек 29%-ды көрсеткен.

Көңілге қонымды көрсеткіштің өзі «Отбасылық сот» пилоттық жобасы аясында атқарылып жатқан ауқымды іс-шаралардың жемісі.

Судьялардың пайымдауынша, көп жағдайда қарым-қатынастағы дағдарыс күйді басынан кешіп жатқан ерлі-зайыптылар психологтың көмегіне зәру. Ал осы жоба шеңберінде жұмысқа тартылған психологтар ерлі-зайыптыларға тегін көмек көрсетіп, оларға дағдарыстан шығуға, отбасының құндылығының маңыздылығын рухани тұрғыдан жеткізуге, нәтижесінде отбасын сақтап қалуға  барынша көмектесті.  

     Кәмелеттік жасқа толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот былтырғы жылы «Отбасылық сот» жобасы негізінде кәмелетке толмаған баланың тұрғылықты мекен-жайын анықтау және балалармен кездесу тәртібін белгілеу санатына жататын 1013 іс қарады.

Бұдан бөлек, жоба бойынша балалармен және олардың ата-аналарымен психологтар, әлеуметтік ұстаздар, жүйке ауруын емдеуші дәрігерлер  арнайы жұмыс жасады.  Өз кезегінде мамандар шиеленіскен  даудың шырмауын шешуге қол ұшын тигізді. Сотқа арыз тапсырған отбасы мүшелеріне тегін көмек берілді. Нәтижесінде 55 ерлі-зайыптылар медиация тәртібімен және бейбіт келісімге келу арқылы өзара бітімге келген.

Мұның өзі тек сот тарапынан көрсетіліп жатқан көмек. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл»,-дейді дана қазақ. Олай болса, бұл полицияның, басқа да тиісті мекемелердің, яғни қоғамның жұмылып атқаратын жұмысы.

Елордалық соттарда «Отбасылық сот» пилоттық жобасы шеңберінде атқарылған жұмыс отбасы іргесінің берік болуына, отбасы құндылығының маңыздылығына жіті мән беруге, отбасын сақтап қалуға және баланың толық отбасында қалыптасып, жетілуіне ықпал етіп отыр.

Түйіндей келе, қазақтың әр шаңырағында зорлықтан қажыған әйелдің, не бұл зұлымдықты көрген баланың шырылы емес, олардың сыңғырлаған күлкісі құлаққа жетсе дейміз, айрандай ұйыған екі жастың ажырасқаны емес, адалдық, сыйластық, жауапкершілік бас қосқан үлгілі отбасы салтанат құрса дейміз.

 

 

Ботагоз Баянова

Нұр-Сұлтан қалалық сотының

ақпараттық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

1 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив