Ортақ мүлікті бөлу оңай емес

Ортақ мүлікті бөлу оңай емес

 

Елімізде ажырасушылар санының көбеюінен біраз мәселе туындауда. Некенің бұзылуынан қаншама тағдыр бүлініп, қаншама шаңырақ ортасына түсіп жатыр. Ерлі-зайыптылардың екіге кетуі балалар тәрбиесіне де өз кесірін тигізуде. Бұдан бөлек, ажырасудың соңы жүктемесінің артуына да ықпал етеді. Өйткені, отбасының бүлінуі тек арыз жазумен, ажырасумен бітпейді. Алимент өндіру, баламен кезедсу уақытын белгілеу, баланың тұрғылықты жерін анықтау, ортақ мүлікті бөлу секілді түйткілдің бәрі тек сот арқылы шешіледі.

Неке бұзылғаннан кейін бұрынғы ерлі-зайыптылардың ортақ мүлікке таласпайтындары сирек. Ал, сот отырысы кезінде қандай мүліктер ортақ деп танылады, қандай мүлікті ерлі-зайыптылар бөліске салады, қандай жағдайда мүлікті бөлуге болмайды, бұл процесс қалай жүзеге асады деген сауалдар көпшілікті қызықтырмай қоймайды. Бұл мәселелердің барлығы Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы туралы» кодексінде реттелген. Соған сәйкес, ерлі-зайыптылардың некеде тұрған кезінде жинаған, сатып алынған дүниелері ортақ меншік болып табылады. Осы уақыт аралығында ешқандай жұмыс істемесе де, үйде бала тәрбиесімен отырған әйелдің ортақ мүліктің тең жартысына талап қоюға толық құқығы бар. Дәл осыны ескермеген ер азаматтар сот отырыстарында «Ол некеге тұрғаннан бері ешбір жерде жұмыс істеген емес. Баланы туғаны болмаса, үйге бір тиын да табыс әкелмеді» деп мүліктің тең жартысын әйелінің алуына қарсылық білдіріп жатады. Алайда, заң баршаға ортақ. Мүлік кімнің атында болса да, ортақ меншік ретінде бөлінетінін қаперден шығармауымыз керек. Бұл жерде ескерер бірнеше жағдай бар. Айталық, егер отбасылық кезінде ерлі-зайыптының біріне мұрагер ретінде жылжымайтын мүлік берілсе, туыстары мүлікті сыйға тартса, оған екінші тарап таласа алмайды. Неке кезінде біреуден сыйға алған дүниеге әркім өзінше иелік етеді. Ажырасу кезінде де мұндай мүлік бөлінбейді. Сондай-ақ некеге тұрардың алдында сатып алынған, жиналған, меншігінде болған дүниеге де екінші жақ үміттене алмайды.

Сот тәжірибесінде жиі кездесетін істердің бірі үйді бөлуге қатысты туындайды. Ерлі-зайыптыларға тиесілі мүлікті теңдей бөлу қиындық тудырмайды. Үй күйеуінікі болғанымен, некеге тұрғаннан кейін бірігіп жөндеу жүргізіп, қосымша монша, гараж салып, қоршауын жаңартқан жағдайда әйел не істеуі керек? Ол да үйді күрделі жөндеуге үлес қосты ғой. Бірақ, оны дәлелдеу оңай емес. Мұндай жағдайда куәгерлер сөзі, үйдің бұрынғы жағдайы мен қазіргі бейнесіне салыстырмалы сараптамажүргізу маңызды. Егер үйге жақсы жөндеу жүргізіліп, қосымша бөлмелер қосылып, ауласы абаттандырылған болса, екінші тарап тек жөндеуге кеткен ақшадан үлес даулай алады. Себебі негізгі баспана бұрынғы күйеуі (не әйелі) отбасын құрмай тұрып алған. Бұған қоса мүлікті, соның ішінде жылжымайтын мүлікті бөлер кезде кәмелетке толмаған балалар да ескеріледі. Бұл кезде басымдық балаларды қамқорлығына алып отырған ерлі-зайыптының біріне беріледі.

Сонымен қатар отбасылық одақ кезінде алынған қарыз, несие де бөлінетінін ұмытпауымыз керек. Мәселен, азамат неке бұзылмай тұрғанда отбасылық қажеттлік үшін миллион тенге несие алды делік. Бұл ақшаны азаматтың жеке өз басына жаратпайтыны анық. Сондықтан, ажырасқан кезде несиені қайтару міндеті екі тарапқа теңдей жүктеледі. Ал, егер жұбайы алған несиені жаратпақ түгілі, не себепті алғаны дәлелденсе, екінші тараптан қарызды төлеу міндеттемесі алынады.

Жалпы, ажырасу кезінде құжатқа салғырт қараған, қамсыз болған азаматтар қапы қалып жатады. Мұндай жағдай кез-келген өңірде бар. Мысалы, ата-енесімен  бірге тұрған әйелдердің күйеуінен үлес ала алмайтын кездері жеткілікті. Өйткені олар екеулеп жүріп қаржы жинап сатып алынған мүліктің ата-енесінің атына рәсімделмегеніне мән бермеген. Күйеуі алдамайды, үлкен кісілер ақымды жемейді деп сенген. Алайда мәселе дүниеге, байлыққа, ақшаға келгенде, ажырасқан ер азамат, ата-ене тұрмақ, жақын туыстың өзінің жатқа айналатын кезі көп.

Соңғы жылдары жас отбасылардың мемлекеттік бағдарламамен баспананы ипотекаға алуы қалыпты жағдайға айналды. Үйдің біраз қарызын төлеп қойған ерлі-зайыптылар да ажырасқаннан соң соттан сауға сұрап, мәселесін заңды түрде шешуді талап ететін кездер баршылық. Мұндайда ипотека екіге бөлінеді де, үйде тұрып жатқан адам екінші тарапқа қарызды өзі қайтарады. Ең қиыны, ерлі-зайыптылардың өзіне тиесілі бөлікті дәлелдей алмауы. Күйеуіне не әйеліне қатты сенгендер мүліктің кімнің атына тіркелгеніне назар аудара бермейді. Құжат жинамайды, куәгер қажет етпейді.

Ал ажырасар кезде қараса, екеулеп жүріп қол жеткізген баспана енесінің атында, қымбат көлік салықты аз төлеу мақсатында зейнеттегі атасының атына жазылған. Тіпті артылған тиын-тебенді де күйеуінің алақанына салып отырған. Мұндай кезде таласты дүниенің қаншасы әйелге тиесілі екенін анықтау өте қиын. Сондықтан өзінің ертеңін ойлаған азаматтардың барлығы ортақ мүлікті өзгенің атына тіркеуден қашуы керек.

Ал енді дүние-мүлікті бөлу үшін ажырасқан жандар өздері тұратын жердегі сотқа арыз жазуы тиіс. Дәл некені бұзған уақытта мүлікті бөлуге ниет танытпағандар мұндай мүмкіндіктің үш жылға дейін сақталатынын ұмытпаған жөн.

 

Г.Мусаурова

Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы №2 сотының судьясы

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 2

7 пікір

  1. аватар
    Joy 26 ноября 2021 12:34

    Мен өз тәжірибеммен бөліскенді ұнатамын, менің атым Лондоннан Джой.
    Төрт жыл үйленгеннен кейін күйеуім кетуге шешім қабылдады. Мен оны қайтару үшін қолымнан келгеннің бәрін жасадым, бірақ бәрі бекер болды, мен оны жақсы көретін махаббатым үшін оны қайтаруды қатты қаладым, мен одан бәрін сұрадым, мен уәде бердім, бірақ ол бас тартты. Мен досыма проблемамды түсіндірдім, ол маған татуласу заклинаниясын тастауға және оны қайтаруға көмектесу үшін доктор Сангоға хабарласуды жөн көрді. Менің оны сынап көруден басқа амалым қалмады. Мен доктор Сангоға хабарладым, ол үш күн бұрын ешқандай проблема жоқ екенін және бәрі жақсы болатынын айтты. Ол таң қалды және екінші күні күйеуім қоңырау шалды. Мен қатты таң қалдым, мен қоңырауға жауап бердім, ол жай ғана болған барлық нәрсе үшін қатты өкінетінін айтты, ол менің оған қайтып келгенімді қалайды. Егер сізге көмек қажет болса, келесі мәселелердің кез келгені бойынша Dr.Sango-ға хабарласуға болады:
    1) Махаббат сиқырлары
    2) Жоғалған махаббат сиқырлары
    3) Ажырасу сиқырлары
    4) Байланыстыратын сиқырлар.
    6) Бөлшектеу сиқырлары
    7) Бұрынғы ғашықты алып тастаңыз
    8.) Кеңседе/лотереяда көтерілгіңіз келеді
    9) Жыныс мүшесін үлкейту
    10) Жүктілік мәселесі
    Төмендегі электрондық пошта бойынша Dr.Sango sango-ға хабарласыңыз
    spellspecialistcaster937@gmail.com

  2. аватар
    Blessing 22 февраля 2022 12:27

    Төрт жыл үйленгеннен кейін күйеуім кетуге шешім қабылдады. Мен оны қайтару үшін қолымнан келгеннің бәрін жасадым, бірақ бәрі бекер болды, мен оның махаббаты үшін оны қайтаруды қатты қаладым, мен оған бәрі үшін жалындым, мен уәде бердім, бірақ ол бас тартты. Мен досыма проблемамды түсіндірдім, ол маған татуласу заклинаниясын тастауға және оны қайтаруға көмектесу үшін доктор Сангоға хабарласуды жөн көрді. Менің оны сынап көруден басқа амалым қалмады. Мен доктор Сангоға хабарладым, ол үш күн бұрын ешқандай проблема жоқ екенін және бәрі жақсы болатынын айтты. Ол таң қалды және екінші күні күйеуім қоңырау шалды. Мен қатты таң қалдым, мен қоңырауға жауап бердім, ол жай ғана болған барлық нәрсе үшін қатты өкінетінін айтты, ол менің оған қайтып келгенімді қалайды. Егер сізге көмек қажет болса, сіз Dr.Sango-ға да хабарласа аласыз
    1) Махаббат сиқырлары
    2) Жоғалған махаббат сиқырлары
    3) Ажырасу сиқырлары
    4) Байланыстыратын сиқырлар.
    5} Жыныс мүшесін үлкейту және басқа реттеулер
    6) Бөлшектеу сиқырлары
    7) Бұрынғы ғашықты алып тастаңыз
    8.) Кеңседе/лотереяда көтерілгіңіз келеді
    9) Жыныс мүшесін үлкейту
    10) Жүктілік мәселесі
    Егер сізде қандай да бір мәселе болса, доктор Сангоға оның электрондық поштасына хабарласыңыз; spellspecialistcaster937@gmail.com

  3. аватар
    Erik 12 января 2023 16:53

    Har du nogensinde været udsat for et fupnummer? Har du mistet din tegnebog eller penge til falske hackere eller långivere online? Jeg beder dig om at kontakte denne pålidelige hacker og gendannelsesekspert ÆGTE HACKER. Jeg var et offer for falske mennesker, der udgav sig for at være binære optioner og bitcoin-investorer, jeg mistede en sum på $10.000 og 2BTC fra min bitcoin-pung til disse svindlere. Det tog et stykke tid, før jeg indså, at de var falske og følte mig virkelig såret. Så hørte en af mine venner om det og anbefalede mig til GENUINE HACKER, som hjalp mig med at genvinde alt det, jeg mistede. For mere information send en e-mail til GENUINEHACKERS000@GMAIL.COM eller via WhatsApp +1 (260) 218-3592.

  4. аватар
    Selena 8 февраля 2024 06:55

    My coder is trying to persuade me to move to .net from PHP.
    I have always disliked the idea because of the costs.
    But he's tryiong none the less. I've been using WordPress on numerous websites for about a year and am nervous about switching to another platform.
    I have heard very good things about blogengine.net.

    Is there a way I can transfer all my wordpress
    posts into it? Any help would be really appreciated!


    Also visit my website Miglior prezzo per il fungazol generico

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив