Соттағы ІТ қызметтер

Соттағы ІТ қызметтер

Сот жүйесін одан әрі жетілдіріп, нығайтуда қазіргі заманғы технологияларды кеңінен қолдану бүгінгі күннің басты талабы. Осыған орай, Жоғарғы сот төрағасы Жақып Асановтың бастамасымен алдағы үш жылға нақты бағдарлама жасалып, арыз-шағымдарды жедел, сапалы сараптаудың барлық мүмкіндіктерін қарастыратын «Жеті түйін» өмірге келді. Енді осы қанатқақты жобалардың кейбіріне тоқталсақ.

Дүние жүзі озық елдерінің тә­жірибесіне негізделген жоба­лардың ішіндегі тиімділігі жағы­нан ауызға алғаш ілінетіні – IТ қызмет. Жоғарғы соттың кезек күттірмейтін бағдарламаларын іске асыру жөніндегі жұмыс то­бы құрылып, «Smart-сот» бағ­дарламасы қолға алынды. Бағ­дарлама қиындық туғызған мә­селелерді анықтап, оларды шешу жолындағы кешенді ша­раларды жүзеге асыруға ба­ғытталған. Әрі сот жүйесі ІТ қыз­метін сот про­цестерінде ке­ңінен қолдануды көз­­дейді.

Алғашқы болып ІТ өнімдерді қолдануға ыңғайлау және олардың аналитикалық әлеуетін арттыру мүмкіндіктері қарастырылды. Осы қатарға тұрғындар кеңінен қолданатын «Сот кабинеті» сервисін де жатқызуға болады. Бұл қызмет түрі адвокаттардың, судьялардың, сот мамандарының тиімді жұмыс істеуіне барынша жағдай жасайды. Сонымен қатар азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыруға, олардың өз конституциялық құқықтарын қорғауына оң ықпалын тигізеді.

Бұдан бөлек, 2016 жылдан бері соттардағы құжат айналымы мен сот өндірісін толықтай автоматтандырған «Төрелік» жаңа ақпараттық жүйесі іске қосылды. Осы бағдарлама аясында сот ақпараттарын тез іздеуге мүмкіндік туып, «Судьяларға көмек» модулі жүзеге асырылды. Жаңа модульді енгізудегі негізгі мақсат – қылмыстық істерді қарау кезінде жергілікті сот судьялары тарапынан қателіктер жіберілмеуін, сондай-ақ жасалған қылмыс пен сотталушыға қатысты ақпараттарды талдау негізінде дұрыс жаза тағайындау.

Қазір Әділет министрлігінің «АХАТ» ақпараттық жүйесімен ықпалдастық күшейді. Соның нәтижесінде республика соттарына азаматтық хал актілері жазбаларын электронды түрде алуға қол жеткізілді.
2018 жылдың алғашқы жартысында «Сот кабинеті» дауларды сотқа дейін реттеу қызметін іске қосты. Сонымен бірге оны талап арызды тапсыру кезінде пайдалануға да болады.

Істердің санаты бойынша іздестіру нәтижесін шы­ға­­руда Жоғарғы соттың нор­мативтік ережелеріне және сот тәжірибелерінің қоры­тын­­дыларына сілтемелер қо­сылды. Іздестіру қызметі қолда­нушылардың ауқымды бөлігіне соттың электронды сандық қолы қойылған сот актілерінің түпнұсқасына, сот тәжірибелерінің қорытындыларына және «Талдау» форумына қол жеткізуге мүмкіндік береді. Міне, қоғам сұранысына сай сот жүйесі тарапынан жасалып жатқан жаңа жұмыстар легі осындай. ІТ қызметіне қолжетімділікті арттыратын кешенді шаралар толығымен орындалған уақытта, сот жүйесінің қызметіне жүгіну қазіргіден де жеңілдей түседі.

 

 Кушкенбаева А 

Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық №2 сотының кеңсе меңгерушісі 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив